Екі дүркін әке – Артур Давлетьяров! Әнші ханшайымын перзентханадан шығарып алды! Артур жұбайы мен сәбиінің жайлылығы үшін қаншаға шығындалды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

- Давлетьяровтар әулетіне +1 сәби! Артур Давлетьяровтың шаңырағында үлкен қуаныш. Әнші тағы бір ханшайымның әкесі атанды. Дәл қазір Артурқызының перзентханадан шығу сәтіне куә боламыз!

- Білуімізше сіз әйеліңіз босанып жатқан сәтте сіз басқа қалада болдыңыз иә?

Артур Давлетьяров, әнші:

- Иә, мен ол кезде Меккеде болдым. Как раз сол кезде Қағбаның алдында дұға тілеп едім. Енді әйелім айтты 1-2 күнде туып қаламын деп. Енді айттым максимально күте тұр деп. Негізі срогы 28 еді, үлгерем деп ойладым. Самолетке отырғаннан кейін мен больницаға кетіп бара жатырмын деді. Болды ғой енді самолетте 8 сағат ұшасың, связь жоқ, сообщение де жаза алмайсың. Ұйықтаймын деп ойлағам, ұйықтай алмадым. Уайым көп болды. Алматыдан түскелі қайта қайта авиарежимді өшіріп қосып, интернет ұстамай жатыр. Туды. Баланың фотосын жіберді.

- Бірінші қызыңыздың есімі – Сумайя. Ал екінші бөбекке қандай ат таңдадыңыздар? Кім қойды?

- Тағы да мен қойдым. Эгоист дейді ғой. Екінші қызымыздың аты – Аиша.

Артур ханшайымына Аиша есімін бергенін естіген Ахмет Үсербектің қуанышында шек болмады. Еске салсақ, Акһаның келіншегінің есімі де – Аиша.

Аkha, музыкант:

- Кеше таңғы 3-тен 50 кеткенде жазды. Досым ертең кел осындай осындай деп. Сонымен қазір маған сюрприз қылып айтып жатқаны екінші перзентінің есімін менің келіншегімнің есіміндей қылып қойыпты. Аишка деп. Сол қуанышын бөлісуге келдім. Оны білгенде жоқпын негізі, иә деп қоя салдым, іштей приятно екен, қазақшасын ұмытып қалғансың ғой.

- Демек Аиша екенін жаңа біліп жатырсыз иә?

- Иә, жаңа өзі айтқаннан кейін білдім. Андай ішім жылып кетті.

Ақбала Әбсаттарованың жай-күйін біліп, Давлетьяровтың қуанышына ортақтасқан Акһа ғана емес. Жаңа туған Аишамен танысуға келгендер қатарында Адиль мен Жандос Самалбеков те бар.

Әділ Жалмағамбетов, әнші:

- Сүйінші хабарды Артурдың өзінен естідім, өте қатты қуандық, екінші перзенті дүниеге келіп жатыр. Бауы берік болсын. Мен осындай жерлерге редко келемін да, жақын достарыма ғана келемін да. Ну очень рад искренне.

Жандос Самалбеков, шоумен, әзілкеш:

- Құтты болсын барша қазақ еліне. Біздерге жұғысты болсын.

Сәби мерзімінен бұрын туылғандықтан, Артурды жұбайы Ақбала мен қызының жайы қатты алаңдатқан. Соған сәйкес, әнші оларды Алматыдағы ең беделді перзентаханалардың біріне орнластырған. Қызмет құны да қымбат.

Артур Давлетьяров, әнші:

- Арнайы палатада жатты. Неге десеңіз, баланың денсаулығын қатты уайымдадым. Қазір көп случайлар болып жатыр обычный перзентахналарда да. Енді семьяң үшін, Аллаға шүкір ақша тауып жатырмыз. Тойға да барып жүрміз. Перзентханаға миллиондай шама кетті ғой примерно. Бүкіл заттарымен қоса, операциясы анауысы бар, тамағы бар, 3-4 күн жатуы сондайға шығып кетті.

- Әдетте, қазақ әйелдері босанғаннан кейін бірден үй тірлігіне араласып кетеді. Жалпы Ақбалада да сондай ма әлде оның комфорты үшін бүкіл жағдайын жасап қонақтарды кейінге шегересіз бе немесе күтуші жалдайсыз ба?

Артур Давлетьяров, әнші:

- Жоқ, ол демалады ғой по любому. Қазір біздің екі мамамыз вахтовый метод қылып алады ғой. Менің мамам Оралдан Алматыға келеді, Ақбаланың мамасы Шымкенттен келеді. 15/15 қой, вахтовый методта жұмыс жасап келеді ғой, көмектесіп жүре береді.

Бұл сауалды Артурдың достарына да қойып көрдік. Олардың барлығы дерлік жұбайының жайлылығы үшін бәріне әзір екендерін жасырмады.

Жандос Самалбеков, шоумен, әзілкеш:

- Босанған үйге негізі бірден кіріп баруға болмайды. Сондықтан да 40 күн деп неге айтады, қырқынан шыққанша мазалауға болмайды деп покой керек деп. Сондықтан да қазір мы современные, қонақтарды кафе-мафеде былай өізм күтіп алармын.

- Жаңадан туған әйелді мазаламау керек сияқты.

- Иә 40 күн мазаламау керек. Вот 41-ші күні.

Аkha, музыкант:

- Мен қазіргі өміріміздің өзінде оған комфорт жасауды алғашқы приоритет деп ойлаймын. Себебі, счастливая жена счатливый дом дейді ғой.

- Сіздің өте отбасылы, балажан адам екеніңізді білеміз. Бірақ инстаграмда отбасылық фотолар жоқ. Неліктен жүктемейсіз? Көз тиіп кетеді деп қорқасыз ба?

Артур Давлетьяров, әнші:

- Жоқ, көз тиіп кетеді негізі деп, тисе тие береді ғой любой жағдайда. Кейбір кезде негізі салам, просто олар архивке салып қойғам ғой 2-3 фотоны. Әйелім ренжиді неге салмайсың деп. Кейбір кезед айтам қазір саламын деп, өлеңдерді жүктеу керек деп.

- Солай алдап қоясыз ба?

- Солай алдап қоямын. Бірақ қайтадан шығарамыз ғой, неге десеңіз послеродовая депрессия басталады, анау басталады. Шығарамыз енді.

Айдана Шалқар, @aiudna

- Аиша - ұлу жылының тәтті бөбектерінің бірі әрі жұлдызды Baby boom-ның ізін жалғаушы. “Revue news” ұжымы Артурдың кестетігер ханшайымына бақытты балалық шақ тілейді.