Қазақы киімдер мен бұйымдар жаһандық сәнүйлеріне шабыт берді! Белла Хадид біздің шапанда! Ал қазақстандық әртістер ұлттық киімді қаншалықты дәріптейді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Әдет-ғұрып, салт-дәстүр, құндылықтар, қазақы нақыштағы киім – ұлттың коды, қолтаңбасы. Бүгін 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні!

– Айжұлдыз, 18 наурыз «Ұлттық киім» күні болып бекітілді. Бұдан хабарың бар ма?

Айжұлдыз Адайбекова, актриса, блогер:

– Бұдан негізі хабарым жоқ. Жаңа өзіңнен естіп тұрмын. Бірақ менің ойымша, әрбір күн ұлттық киім күні болуы керек деп ойлаймын. Менің гардеробымда негізі ұлттық киімдер өте көп. Одан бөлек әшекейлер. Себебі мен неше түрлі түсірілім алаңында жүргеннен кейін бәрібір өзімнің кішкене болса да, бірнеше пайыз қазақтың иісін шығарып насихаттап жүруге тырысамын.

Соңғы жылдары жаһандық сәнгерлер қазақы, ұлттық нақыштағы киімдерді әлемдік әлемдік подиумда насихаттап жатыр. Мәселен, Белла Хадид «Etro» брендінің сән сахнасына ою-өрнекпен көмкерілген қою көк түсті шапанмен шықты. LV киіз үй тікті. Gucci акксесуар жасады.

Айжұлдыз Адайбекова, актриса, блогер:

– Менің ойымша, бұрын бұл ешкімге қатты белгілі бола бермейтін этно стиліміз болды. Бірақ қазіргі таңда бүкіл әлем өзінің этно стилін жасап болғаннан кейін, адамда әрдайым ізденіс болады. Яғни адам жаңа дүниені, жаңа стилді іздеп көргісі келеді. Экспириенс бір сөзбен айтқанда.

Динара Сұлтан да ұлттық нақыштағы бұйымдарымызды барынша дәріптеп жүрген жұлдыздардың бірі. Мәселен әртіс жылда қазақылықты насихаттайтын «Этно поп ап стор» шарасын ұйымдастырады.

– Динара ханым, этно поп ап сторды биыл үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып жатырсыз. Шараның маңыздылығы неде? Сол туралы.

Динара Сұлтан, әнші:

– Шараның маңыздылығы бәріне анық. Ол біздің қазақи нақыштағы киімдерімізді, бұйымдарымызды, мәдениетімізді бәрін таныту. Орысша айтқанда: популиризация,-дейді ғой. Біздің мақсатымыз соны жасау.

– Бізге берген өткен жылғы сұқбатыңызда айттыңыз: Дубайда тұрған кезде ұлттық киімді сәнді, заманауи түрде киіп жүрмейді?,-деп. Бірақ қазір байқасаңыз, жастар киеді. Бұған сіздің үлесіңіз бар деп есептейсіз ба?

Динара Сұлтан, әнші:

– Мен енді өйтіп айтсам, ұят болар. Үлесімізді біз енді бүкіл командамызбен кішкентай ғана, бір процент болса да қосқанымыз бар шығар деп ойлаймын. Өйткені жылдан жылға этно поп ап стордың алдында дизайнерлердің өздері бізге келіп: біз сіздің жобаға арнайы коллекция жасап жатырмыз,-деп өздері хабарласады.

– Енді кішігірім ойын ойнасақ, қазақы сауалнама. «Тайжақы» деген не? Білесіз ба?

Динара Сұлтан, әнші:

– Қайжақы? Қайжақы... Білмеймін. Қай жақта деген сөз емес па?

- «Тайжақы» ол – құлынның терісінен тігілген тон.

- Аа, тай дейсіз ба? Мен қай деп естіп тұрмын. Иә, тай – құлын. «Жақы» дегенді енді сізден біліп тұрмын.

«Жарғақ» деген?

- Жарғақ деген ол, түнде ұшатын не емес па құс емес па?\

- Жоқ, киімге байланысты бұл. Қазақы киімдердің аттары.

- Жарғақ деген не ол...

- «Жарғақ» деген иленген теріден жасалған сырт киім екен.

- Сыртқы киім... Ааа, жарғақ...

Қазақы сауалнамамыздан Қарлығаш Мұхамеджановаға да сұрақтар қойып көрдік. Актриса бірін тапты, енді бірінде мүдірді.

«Құлақшын» деген не?

Қарлығащ Мұхамеджанова, актриса:

– Бір шапка шығар...

- Дұрыс, дұрыс. Ерлердің бас киімі.

- Иә, солай деп ойлаймын. Ерлердің бас киімі.

«Жаулық» деген не?

– Жаулық... Басты жабатын... Бір не... Головной убор сияқты да?

- Әйелдердің орамалы. Келіншектер тағады ғой.

– Өте ерекше аутфитпен. Дизайнері кім?

Қарлығаш Мұхамеджанова, актриса:

– Мына көйлекке где-то 15 жыл болды. Бұл көйлек арнайы маған Балнұр Асанова деген дизайнер жасап берді. Осы көйлек уже мен винтажный көйлек деп санаймын.

– Енді 15 жыл деп жатырсыз. 15 жылдан бері сымбатыңызды сақтап қалудың құпиясымен бөліссеңіз?

– Білмеймін. Оның құпиясы жоқ. Бірақ менің ойымша ол: спорт, генетика, питание. Бірақ мен диеталарда отырмаймын. Әдейі специальный диеталарда. Просто қимылдап жүру керек.

Кештен Әсел Сағатованы да кезіктірдік. Актриса да ұлттық бұйымдарға құмар болып шықты.

– Сіз қазақы нақыштағы киімдерді дәріптеуге қалай қарайсыз? Гардеробыңызда біздің ұлттық бұйымдар, киімдер қаншалықты бар?

Әсел Сағатова, актриса:

– Менде шапан бар. Кафтан бар. Украшения. Ну вот те вещи которые у меня есть, что то подорили. Что то я специально приобрела для мероприятия.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Қоғамды қазақылыққа, қазақы нақыштағы бұйымдарға баулу – ата текке терең көз жүгірту. Өткенге тағзым ету. Ғасырлармен жалғасып, мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау күнінің маңызы зор.