Әр әнін әдемі әйеліне арнайтын Адиль мен үнемі жұбайының мотиваторы боп жанынан бір елі қалмайтын Аии жайлы қауесеттер желдей есіп жүр. Дегемен, Аии бізге берген сұхбатында жұбайы екеуі бір-бірін жаңылмай тапқан жұптар екенін, таңдауына ешқашан өкінбейтінін айтты.
Aii, блогер:
- Ол мені таңдады мен оны таңдаған жоқпын жоқ өкінбеймін. Өзім сұраған болатынмын осындай ер адам келсе екен өміріме деп сол үшін қыздар алдын-ала дұға етіңіздер орындалады екен. Осындай осындай жігіт маған керек деп четко айту керек екен маған керек бұйырды аумин де орындалады.
Дегенмен, екі жастың ортасына есі кетіп, түсіп жүргендер де жетерлік. Аии мен ННН-нің достығын тілге тиек етіп, Адильге арам ой салғандар да болған.
Aii, блогер:
- Иә біз енді үйленген кезде солай болды әсіресе барлығы Нұрдаулетпен қосқан кезде жазып бастады и сол кезде көбісі айтатын.
Араға түскен айлакерлердің кесірінен ғашықтар бет көріспей кететін жағдайға да түскен.
Aii, блогер:
- Гүл алып келеді кейде кішкентай мишка алып келеді ұрысқан кез өте көп болады енді күйеуге шыққан соң, енді үйленген соң әр ер адам да әр әйел адам да сондай болады екен. Сол этаптан өте алсаңыз ары қарата бәрі жақсы болады біз сол моментте қатты ұрысатын едік үйден шығып кететін еді мен де айтатын едім шығып кетші деп өзім жалғыз болғым келіп тұр деп кейін түсіндік болмашы нәрсеге ұрсамыз да ең соңын да бір-бірімізді ренжітеміз.
- Адил тарапынан бір шектеулер, тыйымдар бола ма?
Aii, блогер:
- Адил тарапынан көп шектеу болмайды көбінесе ақылдасамыз алдын-ала ескертемін ол көнеді. Ал егер де рұқсатсыз бірдеңе жасасам ер адамдардың барлығы сондай жынданып кетеді. Неге сұрамайсың деген сияқты ал жалпы сұрансаң түсіндіре алсаң жібереді рұқсатын береді. Шет елге шықсам да жібереді.
- Көп ренжітесіз бе?
- Жоқ
- Ол ше?
- Жоқ біз менде былай всегда адам ренжітсе моментально ұмытып кетем артқа қарағанша ұмытып кетемін. Сол үшін и ода да сондай қасиеті бар екеумізге сол жақты.