Беташарда 3 миллион теңге салған Жансерік Қадырбаевтың басы неге бәлеге қалды? Беташарда түскен миллиондарды Мұрғұлан Әден қайда жұмсады?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Жылдың ең үздік салтанаты» деген номинация болса, бұл статуэтканы Марғұлан Әден жеңіп алар еді. 500 адамға жайылған дастархан, лакшери безендіру, миллиондап төгілген ақша. Мұндай қуаныштың қонағы бола алмаған жандар Маргоға ренішін білдірген көрінеді.

Марғұлан Әден, блогер, продюсер:

- Біз енді Тараздық болғаннан кейін 500 адам деген нормально ол. Одан кейін менің достарыма 150 адамдай ғана орын берілді. Өйткені үйдегілер туысқандар келеді деді да. Әйтпесе толтырып тастайтын едім негізі. Шақырып тастайтын едім. Мамалардың берген столына көндім да біраз досымды шақыра алмадым.

- Ренжіп қалғандар болған жоқ па сізге жазып неге шақырмадың деп?

Марғұлан Әден, блогер, продюсер:

- Жазғандар болды. Шақырмадың ғой деп жазғандай болды. Бірақ андай жазбайды ғой енді көбісі, бірақ ренжіген сияқты болды.

500 адамға арналған дастархан да, тойдағы образдар да, қонақтарға берілген кәде-сыйлар да, мәртебелі меймандарға табысталған тартулар да арзанға түспеген.

Марғұлан Әден, блогер, продюсер:

- Барлығы бір 25-27 миллион арасында сияқты. Бір нәрсеге алтын, мынаған алтын деп кете береді екен да, әр үлкен еркектерге 100 доллардан деген сияқты өздерінің бір нәрсесі бар екен. Алматыда ондай емес негізі, бірақ ата-енем, ата-енем дей ма? Иә қайын атам мен қайын енем бізге қарай ыңғайласып, біздің салт-дәстүрмен барлығын күшті қылып әкелді. Мамам соған мәз боп қалды.

- Ал беташар мүлде бөлек болды. Сандыққа салынған ақшаларда шек болмады иә?

Марғұлан Әден, блогер, продюсер:

- Бір қызық болсын деп өзім басқашалау формат істегем. Жандос айтты сандық алып кел деді. Сосын Шымкенттен тойдың алдында 5 сағат бұрын әдемі сандық тауып алдым да өзімнің идеям бар деді да сонымен сөйтіп жасады. Беташарда кім болады деген кезде бір ай бұрын Жандос пен Қабдол деп айтқам. Балалар деген барлығы наличкаларын дайындап, олар қинайды ғой енді өздерінің форматтары бар ғой басқаша.

- Миллиондарды көргеннен кейін кейбірі мынау ысырапшылдық қой деп жазғандар болды?

- Ол ысырапшылдық емес қой, достарымның маған беріп жатқан құттықтаулары ғой.

Марғұланның тойында «Келіннің сәлеміне кім көп ақша төлейді?» деген жарыс болғандай. Блогердің достары ештеңесін аямай, теңгесін сандыққа санамастан сала берді. Мәселен, жігіт жолдас қызметін атқарған Жансерік Қадырбаев 3 миллион теңгемен қоржынды толтырды. Жолдасына жомарттық танытқан серінің бұл ісіне хэйт айтқандар да табылды.

Жансерік Қадырбаев,блогер, кинопродюсер:

- Бала кезден бірге өскен, көп адам дұрыс түсінбеуі мүмкін, ысырап деген сияқты, неге өйтеді деп. Дегенмен, бұл жерде Марғұлан бала кезден бірге өскен досым. Қандай сумма берсең де жарасатын сияқты. Егер мүмкіндігің болып тұрса неге бермеске?!

- Кейбір жерлерде беташардың ақшасы беташарды жүргізген адамға тиесілі болады. Сіздерде де солай ма?

Марғұлан Әден, блогер, продюсер:

- Жоқ, бізде олай емес. Өзіме тиесілі. Олар да сұрап алды саған бара ма деп, иә маған барады, а болды онда деді.

- Тойдың атмосферасынан кейін сіз де үйленуге асығып кеткен шығарсыз иә?

Жансерік Қадырбаев, блогер, кинопродюсер:

- Әлбетте иә, особенно лав стори мен вальс билеп жатқан кезде ерекше үйленгің келеді. Үйленуге енді бір фокусты Құдай қаласа осы бір жаздан күзден бастап бұру керек деп ойлап отырмыз.

Тараздың ақ келіні атанған алматылық Жансая жұбайының ғана емес, қайынжұртының да көңілін ептеп тауып үлгерген.

- Жансаяның келіндік өмірі қалай өтіп жатыр? Қайсармен видеоларын байқап қалып жатырмыз.

Марғұлан Әден, блогер, продюсер:

- Как будто Қайсар енесі құсап жүр, қатал енесі сияқты образда Каляни боп жүр. Неге боянып шықтың деп тиісіп жүрген жаңа звондағанда. Неге боянып шықтың, күйеуің бар емес па, алып қашып кетеді деп прикол ұстап тиісіп жүр екен. Қасында қарап жүр, шай құйса, толтырып құй деп прикол ұстап тиісіп жатыр.

- Ал, анаңызбен қарым-қатынасы қалай болып жатыр? Бірден үйренісіп кетті ма?

Марғұлан Әден, блогер, продюсер:

- Иә, бірден үйренісіп кетті. Алғаш таныстырған кезде де әңгіме айтып кеткен болатын бірге сразу сөйлесіп деген сияқты. Қазір де байқасам бір-бірімен әңгіме айтып жүр көз тимесін.

- Күйеубаласын қалай қабылдады сіздің қайынжұртыңыз?

- Мамасына гүл апарып бердім ғой ең бірінші танысқан кезде, сол кезде мені білетін болған да былай инстаграмнан көрген, Жансерікті, менің кругымдағы балалаларды білетін болған. Қайынатам әңгімені жіберетін кісі, кәдімгі әңгіме айтып тоқтамай.