Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Шоу бизнес - патшайымы! Баян Алагөзова 50 жас мерейтойына арналған «Queen» шоуының тұсауын кесті! Продюсердің шығармашылық жолын суреттейтін мюзикл санаулы сәттерден кейін шымылдығын түреді. Оған дейін Мақсатқызын қолдап келген меймандарды қызыл кілемде күтеміз!
Азамат Сатыбалды, «Қазақфильм» киностудиясының президенті:
- Мұндай ауқымды шоу бұрын-соңды болған жоқ. Шыныңызды айтыңызшы билет сатып алдыңыз ба?
- Жоқ, мені Баян шақырды. Арнайы шақырғандықтан келдім көргім келді шақырту бермесе де мен өзім келетін едім негізі.
Динара Сәтжан, тележүргізуші:
- Билет сатып алған жоқпын өйткені құрбым сыйлық жасады.
Қайрат Әділгерей, актер:
- Мен шақыртумен келдім. Біз осы Баян Мақсатқызының 30 жыл бойы жасаған жобаларының 5-6 на мен қатысқан болатынмын.
Айдар Асқарбек, актер:
- Сатып алдым ең қымбатын. Енді татемізге деген кішігірім болса да қолдау деген сияқты көңіл ғой
- Ең қымбаты деген 100 мың теңге ма?
- Иә 100 мың теңге
Назым Қарпықова, дизайнер:
- Жоқ мен билетті сатып алдым себебі өзіңіздің қонақтарыңызға бере беріңіз билетті аламын дедім. 100 мың теңгеге алдым.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Сатып алып келдік.
- Қаншаға алдыңыз?
- Бартермен алдым.
Әнел Кенжебекова, блогер:
- Негізі Баян ханым сыйлық ретінде берді табыстады.
- Сізге де ма?
C.C.TAY, блогер:
- Жоқ мен сатып алдым мамама сыйлық ретінде екеуміз бірге келдік. 1 билет 100 мың, 2 билет понятно.
- Баян ханым өзін шоу бизнестің патшайымы санайды қай ісі үшін «queen» атағын берер едіңіз?
Қайрат Әділгерей, актер:
- Продюсер деген түсінік болмаған кезде ең алғашқы қадам жасаған Баян Мақсатқызы және де 30 жыл бойы осы қазақ щоу бизнесінің дамуына үлес қосып келе жатыр.
Динара Сәтжан, тележүргізуші:
- Қаншама әнші Баянның продюсерлік орталығынан шыққан Жанар Дугалова, Ерке Есмахан көп жұлдыздар Баянның арқасын да жұлдыз болды деп ойлаймын.Ол рас енді факт .
Азамат Сатыбалды, «Қазақфильм» киностудиясының президенті:
- Мен оған одан да жоғарғы атақты беретін едім. өйткені ол өз- өзін жасады. Өзінің көрермендерін өзінің талғамына үйретті және мойындатты. Ол ерлік.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Ең мықты қыздар коллективін құрғаны үшін кешью деген ұзақ өмір сүрген коллектив жоқ Қазақстанда. Қазақ өнеріне сіңген еңбегі өте үлкен сондықтан Баян ханым шынымен queen.
- «Кешьюдің» қай құрамы ұнайды сіздерге
- Жұлдыз бар құрам.
«Queen» шоуы - мюзикл форматында өтті. 2,5 сағатқа созылған кешке труппа небәрі 1,5 ай дайындалған-ды.
Баян Алагөзова, продюсер:
- 5-6 рет дайындық жасадым, қобалжығаннан әнімнің сөзін де, би қимылдарын да ұмытып қалдым. Бірақ эмоция мен халықтың қолдауының арқасында бәрі сәтті өтті.
Баян Алагөзова «Queen» шоуына 200 миллион қаражат жұмсаған. Қомақты сомманы Мақсатқызы өз қалтасынан шығармады. Себебі, демеушісі – күйеуі Тұрсен Алагөзов.
Баян Алагөзова, продюсер:
- Да да, все это сделано благодаря финансорованию моего супруга....
- Концепция барлығы, идея өзіңіздікі, шоуды қалай ойлап таптыңыз?
- Әлемнің алпауыт елдеріне барып, түрлі шоуларды өз көзіммен көрдім. Алған әсерім, жинаған тәжірбиемді осы жобаға салдым. Бізде өсуіміз қажет, қарапайым концерт пен фонограмманың дәуірі өтіп кетті.
Ал Баян Алагөзованы экс-жобасы Жарқынай Ханайым сомдады.
Жарқынай Ханайым, актриса:
- Білген жоқпын Баян Мақсатқызының рөлін ойнайтынымды. Екі күнге депрессияға кіріп кеттімғой қалай деп. Сол мен актриса ретінде жарқын кейіпкерлерді сомдаудан өзім қашамын.
- Сізді Баян Мақсатқызын ойнайды дегенде көбі таңғалып жатты Жарқынай экс-келіні емес па деген сияқты..
- Экс келіннен бұрын мен ол кісінің экс жобасымын Баян Мақсатқызымен 5 жыл кантрактыда болдым. Баян Мақсатқызының мектебіне продюсерлік орталығына келгеніме 10 жыл болыпты.
Ауқымды шоуға арнап 250 образ тігілген. Мұндай маңызды іс «дизайнер Назым Карпыковаға сеніп тапсырылған.
Назым Қарпықова, дизайнер:
- Сіз әр жобасында бірге жұмыс істейсіз queenдегі қыздарды киіндірдіңіз ба?
- Иә біз 250 кастюм тіктік
- Қанша уақытта?
- 20 күннен астам. Енді мен әрқашанда неше түрлі ойларымды көрсетемін Баян Максатовна соңғы нүктені Баян Максатовна қояды.