Фариза жақында ғана Әсел Садуақасованың күйеуі Мағжан Тілеухановтың бизнес туралы курсын сатып алған екен. Пайдалы инсайдтар көп болды,-дейді актриса.
– Өзің курс алып көрдің ба?
Фариза Ескермес, әнші, актриса:
– Иә, мен всегда курс алам. Менің оқуым жақында ғана бітті. Миллион теңгеге бір оқу алғам. Ең арзан пакетін сатып алдым мен. Күшті оқу болды. Негізі әрдайым оқу керек, білесің ба? Оқыған сайын, сен ештеңе білмейтініңді түсіне бастайсың.
Соңғы кезде Айжұлдыз Адайбекованы тек театр сахнасынан, не түсірілім алаңынан ғана көрмейміз. Актриса: адамдарға өзін тануға көмектесіп жүрмін. Әртістердің курс өтуі әбестік емес,-дейді. Тіпті Айжұлдыз адамдарға мотивация беретін онлайн платформа ойлап шығарған.
– Курстардың атасысың. Ата-бабасысың десек те болады.
Айжұлдыз Адайбекова, актриса, блогер:
– Қыз балаларға мотивация жетіспейді. Поддержка элементарно жетіспейді иә?
– Қанша кетті?
– Бір қымбат квартираның құны кетті.
- 28-30 миллион?
- Көп.
Ал Чина братан жұлдыздар жасайтын курстарға бармайды. Бірақ Рауан Романи өзін дамытудан талмайды. Тіпті тіл үйренуді бастап кеткен.
– Әртістердің тарапынан курстар көбейіп кетті. Неше түрлі коучтар бар.
Рауан Романи, актер:
– Актерлар көбінесе, актерский курс ашып жатыр. Бизнес пландарын сатады. Бір курсқа барғым келіп жүр. Испан тіліне жазылғым келіп жүр.
Ал Ақан Сатаевтың қызы, актриса, каскадер – Марйам Сатай, курс өткізетін көлденең көк аттының көбейгенін, тек таңдаулысына бет бұрып бару керегін айтады.
– Қазіргі кезде білесің, коучтар көбейді. Неше түрлі курстар бар. Курстарға қатысып көрдің ба?
Марйам Сатай, актриса:
– Жоқ. Мен әлі қатыспадым. Курстарға көзқарасым жақсы. Өте қатты тексеру керек. Оқып бірінші.