Айдарбековтар әулетінің кенжесі Заңғар Нұртасты соққыға жыққан кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

– Жақында ғана Қытайға барып келдіңіздер. Сапарларыңыз қалай өтті?

Заңғар Нұртас, әнші:

– Әдемі. Керемет. Екі айда үш рет барып келдік. Біріншісінде өзімнің проектіммен. Екінші-үшіншісінде досым бар. Оның Қызылордада торговый центр дейміз ғой. Соған закуп жасаған кезде мені переводчик ретінде барып, жүргіздік.

– Қолыңызға не болды? Бағаналы байқап тұрмын.

Заңғар Нұртас, әнші:

– Ешқайда жарияламағам, бірақ көп адам сұрап жатыр. Сіздерге бірінші болып айтып берейін. Көшеде бұрынғы заманның гоп-стоп дегені бар ғой. Ақша сұрап. Сондай маған осы жолы жолықты. Ақша сұрайды. Сосын келіспеушіліктер болды. Одан кейін төбелесіп қалдық. Содан кейін мына қолымды сындырып алдым.

  • Олар нешеу болды?
  • Біреу болды.

– Қанша мың теңгеңізді қолды қылды?

Заңғар Нұртас, әнші:

– Жоқ, ол былай болды ғой. 5 мың теңге сұрайды. Налмен мен берем. Қазір мен саған аударып жіберем дейді. Мен бердім. Одан кейін: бір айналып келсей,-дейді. Сосын берем дегендей қылды. Одан кейін төбелес басталды.

  • Сонда 5 мың теңге үшін төбелесіп қалып қолыңызды сындырып алдыңыз ба?
  • Жоқ. Дело принципа ғой.
  • Жігіттік намыс?
  • Иә, үндемей жұтып кетсем үйде қалай ұйықтаймын сосын?
  • Өліспей беріспеймін деп тұрсыз ғой иә?

Жігіттік өмірде түрлі жағдай болады,-деген Заңғар қазір шығармашылыққа қайта ден қойып бастағанын айтады.

– Қайтадан тректер жазып, шоу-бизнесте сапқа қосылу...

Заңғар Нұртас, әнші:

– Әрине. Ойда бар. Мен қазір бизнес жүргізем. Мен блогермін. Осы бір айдың ішінде шығады екі-үш әнім.

  • Аттарын айтайықшы. Сол кезде: міні, Заңғар бізге айтқан бірінші болып,-деп айтамыз.
  • Жеке әнім. Менің өміріме байланысты десем де болады ол ән. «Шын» деп аталады ол. Екінші әнім Қайрат ағамен бірге «Мейлі» деген ән.
  • Мейлі, болса да алыс арамыз ба?
  • Жоқ, басқа. Ол жерде мен қытайша айтамын. Қайрат ағам қазақша айтады.
  • Итс май юниверс деп ағылшынша айттыңыз, енді, қытайша.
  • Иә.

20 жылға жуық сахнада жүрген Қайрат Нұртаспен коллаб жасап жатқан Заңғардан ағасының жетістігінің сырын сұрап көрдік. Бірақ орағытқан сұраққа, оңтайлы жауап қатты.

– Қайрат Нұртастың феномені неде?

Заңғар Нұртас, әнші:

– Оны мамамнан сұраңыздар. Мамам туған ғой просто.