Олжас Абай, Нышанбек Жұбанаевқа өкпелі ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы кездері Очоуға әріптестері тарапынан әңгіме-сөз көбейген. Даудың басы – Нышанбек Жұбанаевтың сұқбаттағы сөзінен басталады. Олжас оған сторисында назалы жауап қатқан-ды.

Нышанбек Жұбанаевтың «Таптым-ау сені» фильміне айтқан хейтінен кейін: Ей, группалас, есіңді бір жинатайын,-деген ашулы, адуынды жазба жарияладың.

Олжас Абай, актер:

– Иә. Жарияладым.

  • Ойынба өзара әлде қалай?
  • Ойын ғой. Группалас болғаннан кейін, басқаға сөзің не етпейді ғой... Басқаға көңіл де аудармаймын мен. Просто мынау группаласымыз. Тете ғой енді. Бір бірімізге боқтай береміз. Съемкада кездескенде таласып қаламыз. Бәсекеге түсіп қаламыз өзімізше іштей.

 

Олжас «Ойын» деп қысқа қайырса да, қос тарапты тыңдау үшін бұл сауалды Нышанбек Жұбанаевтың өзіне қойып көрдік.

«Таптым-ау сені» толықметрі туралы бір өткір пікір айттыңыз.– Олжас Абай кейін өкпесін айтты.

Нышанбек Жұбанаев, актер:

– Олжекең қалжыңдаған ғой. Жәй прикол ғой. Бәрі прикол. Қалжың. Ешқандай ондай не жоқ... Просто кейде сондай... Біздің актерлардың арасында сондай ойын күлкі витамин болады. Онда тұрған ештеңе жоқ.

Олжас елдің сөзіне елегізбей, ақырын ғана аяңдап кинодағы кәсіби мансабын жасап келеді. Тіпті ол жақын күнде Қазақстанның «Үздік актеры» атануы бек мүмкін.

– «Үздік актер» номинациясына ұсынылып жатырсың?

Олжас Абай, актер:

– Иә. «Үздік актер» номинациясына беріпті. Дайынмын. Алуға десең.

Очоу жақында ғана Дариға Бадықовамен бірігіп кино таспалауға кірісті. Дариға: Бұндай маңызды істе, бір бірімізге демеу болуымыз керек,-дейді.

– Олжас бірнеше сұқбаттарда айтып қалды: мені депрессиядан алып шыққан Дариға,-деп...

Дариға Бадықова, актриса:

–Білмеймін оны... Қаншалықты енді... Өйтіп айтып жатса енді, рақмет. Жалпы кішкене... Өзіме қарағанда ше Сымбат... Біреуге мотивация бергенге құмар сияқтымын. Біреуге мотивация берем да, өзіме келгенде кейде сол мотвация жоғалып кетеді. Может бір сондай мотивация беріп, Олжасқа септігім тиген шығар.