Сәкен Майғазиевті жары жас қыздардан қызғанып жүр ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сәкен Майғазиев, «МузАРТ» тобының әншісі:

- Келіншегімен сұраған ғой біреу қоңырау шалып тұрып, тырнақшаның ішіндегі жанашырлар «анау мынау Сәкенге қой демейсің ба, Мадинамен бірге көп жүріп кетті ғой» деген сияқты.... «Білдірмей жүрмей ма» айтады дейді да...

Сәкен Майғазиевтың репутациясына нұқсан келтіргісі келгендердің мақсаты жүзеге аспады. Қаңқу сөз, жарымен қарым-қатынасына кедергі емес деп отыр өзі.

Сәкен Майғазиев, «МузАРТ» тобының әншісі:

- Менің келіншегімның жауап бергені «жүрсе білдірмес еді ғой деген ғой». Болды. Қарап отырсаң бұдан артық қандай даналық керек. Ал менің келіншегімнің мені жарты ауыз сөзден түсінуі мені керісінше шабытандырады.

Майғазиевтың сыртынан қауесет еруінің себебі – оның өнердегі сылқымдармен тығыз қарым-қатынасы. Мәселен өнер иесі жас блогер Шахризадамен дуэт құрып, күні кеше туындыға бейнебаян ұсынды.

Сәкен Майғазиев, «МузАРТ» тобының әншісі:

- Өзім ұсыныс жасадым Шахризадаға. Жасыратыны жоқ, 4-5 қыз тұрды ойымда қайсысымен бірге жазсам екен, бір жаңашылдық қаладым. Оның ішінде SSS Sabina бар, оның ішінде Элизат бар, Ақерке Назарбек, осы 3-4 қыз болды менің ойымда.

Сәкен Майғазиевты желі жұлдызымен коллаборация орнатады деп ешкім күтпеген еді. «МузАРТ» тобының әншісін Шахиды ғаламтордағы белсенділігі емес, таланты тәнті еткен.

Сәкен Майғазиев, «МузАРТ» тобының әншісі:

- Концерттерім толмай қалып жатқан жоқ. Бұл қадамды мен бір пиар қадам деп ойламаймын. Тағы да айтамын Шахризаданың вокальдық әншілік қырынан халыққа көрсету болды.

SHAHRIZADA, блогер, әнші:

- Негізі ағай менің музыкалық білім алатын жерімде ұстаз болып жасаған, сол кезде мен көзге түскенмін ағайдың сол арқылы мені осыншама жылдан кейін барлық менің жасап жүрген әндерімді еңбектерімді көргеннен кейін, таңдаған екен ұнап, қанша әнші қыздардың ішінен мен үшін өте үлкен мәртебе.

Mood video - «Күлгенің қандай» трегіне таспаланды. 3 апта бұрын жарық көрген композиция YouTube видеохостингінде 30 мыңға жуық қаралым жинаған.

Сәкен Майғазиев, «МузАРТ» тобының әншісі:

- Менің ән қоржынымда 70-100 ортасында ән бар, бірақ оның барлығы бірден танымал емес. Кейде асығыс жазған әнің халықтың көңілінен шығып жатады. Кейде сонша дайындалып диапазонды 2 октавалық әндер жазып жаңағы гармониясы күрделі әндерді шығармаларды ұсынып жатсаң, халық оны қабылдай қоймайды.

Еске салсақ, Шахризада музыкалық білімі бар кәсіби әнші. Соңғы кездері блогерлық пен актерлық қырын дамытып жүрген сылқым, сахнадан 3 жылдай үзіліс алған-ды. Сәкен мырзамен коллаб ұсынып, камбэк жасаған блогер, қазіргі таңда продюсерлерден ұсыныс көп дейді.

SHAHRIZADA, блогер, әнші:

- Қыз баласына негізі ауырлау ғой өнер жолы, смотря сен қанша жыл сахнада боласың, қанша жыл сен қарқынды боласың, тоқсаусыз еңбек етесің соған байланысты шешім қабылдау керек. Маған қазір ұсыныстар келіп жатыр, ол жақты қарастырсаң, 5 жыл, 8 жыл сондай сияқты жұмыс та және жеке өмірді мүлдем ұмыту керек.