Айдана Шалқар, @aiudna:
- Айдар Асқарбек сүйгенін тапты! Таңдауы топ-модель – Диана Тәшімбет. Актер ғашығы үшін мансабынан да, достарынан да бас тартқан.
Бұл - «Сакура. Иц май лайф» толықметрінің сюжеті. Үнемі жаңа жұлдыздардың шамшырағын жағатын Баян Мақсатқызы бұл жолы да бейтаныс бейнені экранға шығарды. Продюсер басты кейіпкерді сомдайтын сұлуды ұзақ іздеген.
Баян Мақсатқызы, актриса, кинопродюсер:
- Әр фильмде жаңа есімді танытқым келеді. Басты рөлге танымал актрисаларды да қарастырдық. Бірақ бізге сырт келбеті өзгеше ару керек екенін түсіндік. Диананы тауып, кастингке шақырдық. Оның актерлық ойыны ұнады. Негізгі кейіпкерді таңдауда қателеспеген сияқтымыз, иә Айдар?
Айдар Асқарбек, актер:
- Иә, мүмкін. Менің ойымша, Диананың Баян Мақсатовнаны, біздің кастингтегі ханымдарды қызықтырғаны оның сұлулығы және ішкі сұлулығы, қазақи емес, қыздық нәзіктігі деп ойлаймын.
- Басты рөлге кастинг арқылы өттіңіз. Баян Мақсатқызы қандай талаптар қойды? Оның алдынан өту қиын болған шығар, иә?
Диана Тәшімбет, модель, актриса:
- Иә, өте қиын болды. Бірнеше талап болды. Ең бастысы – актрисаның шынайылығы маңызды саналды. Актерлық ойынға да мән берді. Сондықтан арнайы дәрістерге қатыстым. Одан бөлек, қыздың сұлулығына, жауапкершілігіне, жан-жақтылығына акцент қойылды.
- Бұл фильмде Айдар Асқарбек те, яғни сіздің ініңіз де басты рөлде. Көпшілік айтады: «Баянның бауыры болғаннан кейін түсті деп, осындай қаңқу сөздерге өзіңіз жауап берсеңіз. Нүктесін қойсаңыз.
Баян Мақсатқызы, актриса, кинопродюсер:
- Иә Айдар менің інім, туған інім. Өте талантты жігіт, Айдар өзінің кәсібилігін дәлелдеген сияқты. Актерлық ойыны бұрынғыдан әлдеқайда өскен, толысқан. Қазір өзінің нағыз актер екенін түсіне бастады. Тіпті кезінде полицияда капитан болғанын да ұмытып кетті.
- Туыстық рөл ойнайды дегенге қалай жауап берер едіңіз?
Айдар Асқарбек, актер:
- Баян Мақсатовнаның қағидасында туыстық қарым-қатынас, жұмыс кезінде ешқандай да маңызды емес. Тек жұмыс жасай аласың ба, жасайсың. Қандай туған қызы болсаң да, туған баласы болсаң да егер оны жасай алмасаң..
Баян Мақсатқызы, актриса, кинопродюсер:
- Туған қыздарым да түспейді киноға.
Айдана Шалқар, @aiudna:
- Түсірілім кезінде Д. Тәшімбетке асқан мейіріммен қарадым деген едіңіз. Фильмде жұптарды сомдап шықтыңыз. Кино бітті. Енді бұл шынайы оқиғаға айналып кетуі мүмкін бе? Қалай ойлайсыз? Көпшілік айтып жатыр жақсы жарасады екен деп.
Айдар Асқарбек, актер:
- Бәрі болуы мүмкін. Білмеймін, ештеңе айта алмаймын.
- Фильмде Диана үшін таластыңыздар. Өмірде Диана үшін төбелесетін ба едіңіз?
- Иә, төбелесемін. Төбелесуге тұрарлықтай ару.
Айдар Асқарбек пен Диана Тәшімбетті тығырыққа тіріген сәттер болған. Ол +18 сахнасы! Ынтықтық пен алаулаған сезімді көрсету жүйкемізге салмақ түсірді дейді олар.
Айдар Асқарбек, актер:
- Енді ұялдық та, күлдік те, Диана жылады да. Қиындау сәттер, тем более ол дебютантка. Оған тұрмақ, мен 36 - дағы еркекке оңай болған жоқ.
Айдардың экрандағы партнерын ойнау әдеттегідей Шерхан Пірназарға бұйырды. Бұл жолы актердың линиясы мүлде бөлек.
- Маңқаны бір өлтіріп, қайта тірілтіп, бір толықметр түсіріп тастадыңыздар иә?
Шерхан Пірназар, актер:
- Иә. Ол көшенің баласы, қалада жүріп қалған, қыздарға тиісіп қалған. Өзі барып кел, шауып кел бір персонаж болды. Сөйтіп өзіңіз білесіз, фильмнің ішінде бір жағымсыз кейіпкер болса сразу аудитория соған қарай ауады да. Мен 1-ші сезонда өліп қаламын, 2-ші сезонда қайтадан мені тірілтіп, жалпы көрерменнің сұрауы бойынша болды.
Біраздан бері көптің көзіне түспей, шоу-бизнестің тасасында қалған Ғазрет Ержанов «Сакура. Иц Май лайф» туындысында тыңшының рөлінде төбе көрсетті.
- Баян Мақсатқызының ғана фильміне түсем деген өзіңіздің ұстанымыңыз бар сияқты иә?
Ғазрет Ержанов, актер:
- Жақсы сұрақ. Мен негізі 1,5 жыл киноға түскен жоқпын. Шақыртулар келді. Ой маған шақыртулар келді, қабылдаған жоқпын деген өтірік емес. Расында, қабылдаған жоқпын. Өйткені.
Шерхан Пірназар, актер:
- Қабылдады, қабылдады деп ше.
- Тек Баян Мақсатқызының ұсынысын қабылдадым. Сценарий ұнады. Мен сценарийге өте қатты көңіл бөлем көп акртерлар секілді.
- Осы Сакураның кассасынан актерларға пайыз бөліне ме кейін?
Баян Мақсатқызы, актриса, кинопродюсер:
- Жоқ. Бұл мәселені премьераға дейін шешіп тастауды жөн санаймын! Актерлар ренжімейді деп ойлаймын. Айдар, сен ренжіген жоқсың ба?
- Абсолютно.
- Тіпті туысыма да төлемеймін.
Айдана Шалқар, @aiudna:
- Баян Мақсатқызы інісінің таңдауын құптай ма? Әлде қатал продюсер қарсылық таныта ма? Сәнбике мен актер арасындағы махаббат маздап жана ала ма? «Сакура. Иц май лайф» толықметрінен біле аласыздар.