Бағжанға сұраныс күннен күнге артпаса, кеміген емес. Оған дәлел –Түркияға сапары. Босфор жағалауында һәм одан бөлек 7 шаһарында «Рух терапиясы» деп аталатын соло кешін өткізбек. Аз уақыттың ішінде билеттер солд-аут болған. «Қанша шет ел ассам да, Қазақстандағы концерттеріме жетпейді»-дейді Бағжан.
Бағжан Октябрь, виолончелист:
- Түркияға енді келе жатырмын. Сол себепті. Енді ол жақта да жақсы қарсы алады. Бірақ андай жаттық сезім бар ғой. Уақытша. Бірақ ол жақта да адамдар күшті, ол жақта эмоцияны вообще сақтамайды, жылайды там күнде сыйлықтар жібереді. Мысалы Стамбұлдан Анкараға барсам Стамбұлдағы тыңдарманым Анкараға сыйлық жіберіп.
Бағжан Түркияда өтетін концерт үшін біраз шығындалатынын да жасырмайды.
Бағжан Октябрь, виолончелист:
- Ақтайды. Шығыны көбірек біздің Қазақстанға қарағанда. Бірақ Құдайға шүкір жақсы.
Өнер иесі мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ендігі мақсаты – Европа, Араб елдерінде соло концерт ұйымдастыру. Қарбалас тіршілігіне қарамастан Бағжан әлеуметтік желіде белсенді әрі өзіне жазылған хаттарды қалт жібермей оқып отырады. Тіпті жігіттердің жағымсыз пікірлерін де көзі шалып қалған.
Бағжан Октябрь, виолончелист:
- Менде хэйтерлар былайынша аз ғой. Но енді бәрі әзіл. Күліп жауап беремін. Мен қатты көңіліме алмаймын. Андай жаман сөздер жазбайды. Жаман сөздерді жігіттер жазады. Қыздарын қызғанады.
- Не деп қызғанады?
- Менде негізі ешкімді қызғандырам деген ой жоқ. Мен өзіммен өзім жүрген адаммын тик тогымды түсіріп, мәз боп билеп. Білмеймін енді қызғанады. Біреулер жазады кел әңгіме бар, Таразға кел сөйлесеміз деп.
Жігіттік шаққа жеткен сері өмірлік жарын кездестіретін сәтті тағатсыздана күтіп жүр. «Ата-анам асықтырмайды, десе де тобығы жіңішке сұлуымды тез арада жолықтырсам екен»-дейді Бағжан. Көңіліндегі аруды сипаттап та берді.
Бағжан Октябрь, виолончелист:
-Асығамын. Уақыт келді. Жасым 23-ке толды ғой уже. Менде андай идеал жоқ. Мен всегда өзім жауап берем ғой сторисімде. Идеал жоқ менде. Мынандай болсын деп айтпаймын. Бастысы мен әзіл ретінде айтамын, қыздың тобығы жіңішке болсын деген.
- Не үшін тобығы?
- Күшті ғой.