Дәл осы видео желіге өткен жылы жазда жүктелген еді. Сол-ақ екен, жас жігіттердің назары бірден 38 жастағы Сағатоваға ауды. Біз бұл бейнероликтің түсірілу хроникасын сұрап көрдік:
– «Ирина Кайратовнаның» әніне билеген видеоңыз, желіде тарап кетті. Тренд болды. Оны Чина братанның түсіргені рас па? Рауан Романидің?
Әсел Сағатова, актриса:
– Рауан Романи түсірген иә. Рас.
-Қалай болды ол жалпы? Сол туралы айтып беріңізші?
-Жалпы ол жағдай аяқастынан болды. «Ирина Кайратовна» мен Хироның жаңа альбомның презентациясына барған едік. Рауан айналаны түсіріп тұрып, мені де объективіне алған екен. Солай тарап кетті.
– Демек тренд болып кетеді деп күтпедіңіз?
-Жоқ, күтпедім.
2010 жылы Әсел, экс-экология министрі Камалтин Мұхамеджановтың ортаншы ұлы, беделді бизнесмен Радиймен шаңырақ көтерді. Ал 2014-тің 29 мамырында БАӘ-де тұңғышы Алдиярды өмірге әкелді. Кейін 2017 жылы наурыздың 28-інде Айрис есімді қыздың анасы атанды.
– Сіз жанұялы жұлдыздардың бірісіз. Дегенмен жұртшылық оны білген жоқ. Керісінше, жас жігіттердің жанарын жаулаған жұлдызға айналдыңыз. +02:43 – Бұған сіз қалай қарадыңыз және сіздің жұбайыңыз қалай қарады?
Әсел Сағатова, актриса:
Жұрттың алдында жүргеннен кейін, бұндай жағдайлар үйреншікті болып кеткен. Мысалы инстаграмды белсенді жүргізем. Сондықтан жігіттердің назарынан қашып құтыла алмаймыз.
Ақан Сатаевтың аты шулы «Рэкетир» фильмінің жарыққа шыққанына 17 жылдан асты. Ал Әселдің сыртқы бейнесі мен бет-әлпеті сол қалпы жап-жас,-деген әңгіме толастар емес. Біз де әртістің қалай қалпын сақтап, қартаймау сырын сұрадық:
– Сіздің сұлулығыңыздың сыры неде деген сұрақ қойғым келіп тұр. Себебі сіз мүлдем өзгермейсіз.
Әсел Сағатова, актриса:
– Көп рақмет. Құпиясы жоқ. Сыры мынада деп ауыз толтырып айтатын ештеңе жоқ. Ашуланбауға тырысамын.
– Демек, бірден ашуланбайсыз иә?
- Қолымнан келгенше. Егер ашуланып қалып жатсам, өз өзіммен жұмыс істеймін. Мінезімді бақылауға ұстауға тырысамын.