«Бұл біздің – Қызылорда» телесериалы үш жігіттің хикаясын баян етеді. Басты рөлдерде: Бексұлтан Піләл, Дәулет Исраил, Шерхан Пірназар. Шерхан дәл осы туынды үшін талай мега жобалардан бас тартқан. Солардың бірі: Нұрлан Қоянбаевтың киносы.
Шерхан Пірназар, актер:
– Бұл жобамен бірге, қатар «Қазақша бизнес Бразилияда» фильмі де, мен ол жерге де өткем негізі. Екеуі бір моментте кеп қалды. Қызылордаға кету керек немесе Бразилияға кету керек. Сонымен Бразилияның кастинг директорына: ойбай, мен Қызылордаға кетіп бара жатырмын. Бос емеспін деп, Бразилиядан отказ беріп, Қызылордаға кеттім ғой.
Хикая желісі түрліше өрбиді. Мәселен Шерхан әкімдікке жұмысқа кіруді армандайтын – ауыл баласы. Бірақ «Қойдың қайғысын қасқыр естімейді» дегендей, қанша тыраштанса да дөкейлердің көзіне түспейді. Қала берді, түсірілім кезінде түрлі қызықтар орын алған.
Шерхан Пірназар, актер:
– «Бұл біздің – Қызылорда» жобасында не болмады. Бәрі болды. Как раз біздің съемка басталатын күні Президентіміз сол Қызылордаға жұмыс сапарымен баратын болды. Сонымен не керек, жолдардың бәрі жабық. Я көшеде түсіре алмаймыз, я анда түсіре алмаймыз. Сонымен Нағи Ілиясов ауылына баратын болдық. Президентіміз де сол жерге баратын болды. Біз қай жерге барсақ, Президент те сол жерге баратын болды ғой.
Сюжеттік желісі ерек кейіпкерлердің бірі – Бексұлтан Піләл. Күллі Қызылорда Бексұлтанды ағылшын тілінде сайрайды деп сенеді. Бірақ ең маңызды сәтте оның көптен жасырған құпиясы әшкере болады.
Бексұлтан Піләл, әзілкеш:
– Менің кейіпкерімнің есімі – Серік. Ол басты рөлдегі Шерхан Пірназардың досы. Оның образы: Америкалық киноларды көріп, сонымен өскен. Осындай образ.
Ал Қызылордаға қонақтап келген мейманды – Дәлет Исраил ойнайды. Бүгінде талай телесериал мен толықметрлерде төбе көрсетіп жүрген блогер: енді-енді басталып жатқан кино мансабымда ойып орын алатын жоба болды,-дейді.
Дәулет Исраил, блогер:
– Кинодағы персонажымның аты – Бернард. Иттің аты сияқты ма десең иә?) Ол Америкадан келген қонақ бала болып ойнаймын. Басында ағылшынша сөйлеймін. Ағылшынша ойнап жүремін. Шерхан Бексті ағылшынша біледі ғой деп ертіп келеді. Бұл білмейді. Үшеуіміз бір бірімізді түсінбей, содан сериал басталады.
Түсірілім 1 айға жуық жүрді. Осы уақыт аралығында жергілікті жұрттың диалект сөздерін жаттап алыпты.
Бексұлтан Піләл, әзілкеш:
– Друг бала. Дос бала деген. Кіттай. Сосын күс-күс дегендер болды.
- Сосын «Кіреберіс жерде тұр» дегенді, «Ауыздықта тұр» дей салады.
Жобаға білек сыбана атсалысқандардың бірі сценарист – Абзал Қамбаров. Абзал: жұрт Қызылорданың желі қатты дейді ғой. Бірақ біз болған күндері ауа-райы айтарлықтай қарасып тұрды,-дейді.
Абзал Қамбаров, автор, сценарист:
– Автор, сценаристерінің бірімін осы жобаның және Еркебұлан Мырзабек ағамыз бар. Өзім Алматыда туылып өскем, бірақ Қызылорда өте қатты ұнады. Кастинг барысында мықты актерларды іздедік Қазақстандағы. Табылғаны осы.
Түсірілім кезінде: режиссер, сценарист пен актерлар арасында ерекше коннект орнапты. Концепция тек жұртты күлдіруге арналмаған. Адамды жымитып отырып, ой салады. Қолымыздан келді деп сенемін,-дейді Абзал.
Абзал Қамбаров, автор, сценарист:
– Шынымен актерлар өздерінің рөлдерін керемет сомдап шықты. Дәулеттің вообще қиын болды. Қазақша таза сөйлейтін адам, қазақша мүлдем білмейтін адамның рөлін сомдайды. Дәулет бір жылайтын моменттері болды енді. Бірінші рет көрдім.
Дәулет Исраил, блогер:
– Таңғы сағат алты жарымда молада жылап отқам мен.
«Бұл біздің – Қызылорда» телехикаясы сол өлкеден шыққан атақтылар мен ең алғашқы астанамыз болған кезіндегі «Ақмешіттің» тарихын да айтып өтеді. Жоба 19-шы ақпаннан бастап, әр дүйсенбі мен бейсенбі аралығында, сағат 17:00-де НТК көрерменіне жол тартады.