Олжас Тоғымбет тұңғыш рет жұрттан жасырған келіншегін көрсетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

- Сіздер қалай таныстыңыздар? Сіздердің махаббат хикаяларыңыз қалай басталды? Қашан басталды?

Ерлан Алимов, продюсер:

- Өзі жабысты ғой енді. Танысқанымызға биыл 18 жыл болады. Ой, қайдағы? А дұрыс 18 жыл болады. Память не изменяет да.

Сабина Алимова, Е. Алимовтың келіншегі:

- Біз басында жай ғана достар болып жүргенбіз. Содан кейін 2 жарым жыл өткеннен кейін Ерлан өзінің симпатиясын айтты.

- Мен ба не? Сен емес па?

- Мен.

- Өзің айттың ғой ғашықпын туда-сюда деп.

- Қалжың негізінен иә Ерлан айтты өзінің симпатиясын.

- Сүйіктіңізбен қалай таныстыңыз? Қайда таныстыңыз?

Олжас Тоғымбет, актер:

- Сүйіктіммен магазинде.Мен показда болғанмын, сол кезде модель болып жүрген кезде. Сол жақта таныстым.

- Өз адамыңыз екенін қай кезде сезе бастадыңыз?

- Барлық қиыншылықта қасымда болғаннан, ол бір, бұл енді өмір деген сынақтан тұрады ғой, сол сынақтардан бірге өткендіктен бір шешімге келдік.

- Қыздың көңілін табу оңай емес қой. Қалай көңіліңізді білдірдіңіз? Қандай сыйлықтар бердіңіз?

Ерлан Алимов, продюсер:

- Бірден айтты егер біз кездесетін болсақ, сразу үйленеміз деді. Басқа вариант жоқ деді ғой. Сөйтіп мен айттым мақұл дедім да, қаңтарда ойлаңызшы, 2011 жылдың қаңтарында сөйтіп айтты, қаңтар, ақпан, наурыздың 6-на дейін мариновала мені кәдімгідей. Мен ресторанға апардым, киноға бардық, сыйлықтар сыйладым, гүл неше түрлісін сыйладым, бірақ менімен сөйлескен жоқ. Ойланды 2 ай.

- Сүйіктіңізді ренжітіп алған кезде қалай кешірім сұрайсыз?

Олжас Тоғымбет, актер:

- Гүл немесе қызымызбен бір жерге барамыз немесе көбінесе сөйлесеміз. Енді біз ашушаңдыққа жол бермей, көбіне сөйлескенді жөн көреміз. Шақырып аламыз, шай қой дейміз ал сөйлесейік не үшін ренжідің деп. Енді біз еркек қауымы көп нәрсені байқамай қаламыз, бір жерлерде айтып қаламыз, оған мән бермейсің.

- Бір-бірлеріңізді қалай еркелетесіздер? Бір ерекше сөздер бар ма?

Ерлан Алимов, продюсер:

-Мен Какосик деймін. Сөйтіп еркелетемін. Маған жаным дейді, обычный ес же. Бәрі айтады. Мен айтам да сен хотя бы придумай какой-то бір сөзді. Жоқ әлі жаным жаным деген миллион адамдардай, вообще фантазиясы жоқ бар ғой.

- Негізі бірнеше ерекше сөз бар.

- Семіз деген ба?

- Ондай айтпаймыз.

- Қарын деген ба?

- кейде бір еркелетін сөздерді айтамыз, бірақ ол енді не для общий массы.

Олжас Тоғымбет, актер:

- Ешқашан да атаған емеспін. Егер атап қалсам, бүйтіп қарайды сен неге менің атымды атадың деп, сол себепті атын атаған емеспін ешқашан.

- Не, деп атайсыз?

Көбінесе жаным деп.

- Ал ол сізді қалай атайды?

- Олжеке дейді.

- Оны басқа бір қыздың атымен атап қойған кездер болды ма?

- Жоқ ондай болған жоқ, менің қабілетім өте жақсы.

- Қазір сүйіктіңізге хабарласып «Сені қатты жақсы көрем» деп айта аласыз ба? Оның реакциясын, эмоциясын көрейікші.

- Жоқ, айтпай-ақ қояйыншы.

- Неге?

- Мен өзім андай жариялағанды, көрсеткенді ұнатпаймын. Рұқсат болса.

Олжас келіншегін көрсетіп, көңілін білдіруден жалтарса, Ерлан Алимов бұл сәтті қалт жібермей, үнсіз қалмады.

Ерлан Алимов, продюсер:

- Мен сені қатты жақсы көремін. Өйткені сен ең сұлу, ең сымбатты, ең жанашыр адамсың мен үішн. Сол үшін жақсы көремін.

- Жылайын ба? Мен де сені қатты жақсы көремін.

- Еріп жатырмын түш түш.

Сабина Алимова, продюсер:

- Ерлі-зайыпты болмасақ та, әрдайым қасымнан табылғаның үшін алғысым шексіз.

- Ой жаным.

- Мужественный, сильный, любимый, әйтеуір барлық тілде айта берсем болады.