Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Дариға Бадықова ішкілікке салынып кеткен! Тіпті осының кесірінен күйеуі, актрисаны тәуіптерге тасып жүр! Бүгінде Бадықованың көзіне елестер көріне бастаған! Дариғаның бұндай қадамға баруына не түрткі?
Бұл толықметр! Олжас Абайдың алғашқы продюсерлік жобасы. Дариға Бадықовамен коллаборация. Ұсыныс екі тараптан. Олжас: «Өткен лентаның түсірілімінде Дариғаға ештеңені ойлама. Фокусың тек түсірілімде болсын деп ақыл айтып жүр едім. Енді өзім де фильмге тек актер ғана емес, басшы ретінде араласқаннан кейін, оңай емес екенін түсіндім»,-дейді.
– Түсірілімнің ең бірінші күні бір сахна дұрыс шықпай. Сол сахнаны режиссерға айтып, уақытын кейінге шегердің иә?
Олжас Абай, актер:
– Иә. Кейінге шегергенде былай болды, ойнай алмай қойдым. Осы уақытқа дейінгі барлық киноларда өзім, фокусым тек қана образ шығару ғана болатын. Осы жолы действительно қиындыққа ұшырадым. Бірден кіре алмай қалғаныма өзім таңғалдым. Анау жерде ответственность жоқ қой. Кіресің, өзіңдікін ойнайсың. Болды. Шығасың. Мына жерде көп нәрсе бірден басталып кеткеннен кейін өзім дұрыс түсінбей қалдым да.
Олжасқа ой салып, көзіне жас алдырған сахна – фильмнің неден басталатыны туралы. Тіпті сценарий актердің өміріне ұқсас болып шықты.
– Сол сахнаны режиссердың плейбегінен көріп, көзіңе жас алып қалдың иә? Жылап қалдың.
Олжас Абай, актер:
– Иә. Тура сол өмірде де басымнан өткен сондай оқиға. Сәйкестік келді да. Жүрегіме тиді.
– Фильмнің концепциясы ішкілікке салынған адамдардың тәуіп пен емші жағалауы туралы. Өзімнің өміріме қатысы бар деп жатырсың. Жалпы ондай кереғар қылықтарға қалайсың?
– Кереғар қылықтарға қазір мүлдем жоқпын. Басымнан үлкен сынақтар өткен болатын.
– Сенің есіңді жидырған не нәрсе әлде кім? Мүмкін өзің?
– Менікі бір жағынан мамандығым. Халықтың ортасында болуым. Өзім сүйіп істейтін актерлықтан арманымды орындау есебінде, біраз жоғалтқан жылдарымды қайтарғым келеді. Мамандығым үлкен себеп болды.
Олжастың бұл толықметрдегі іскер серіктесі – Дариға Бадықова. Актрисадан Очоудың продюсерлік жұмысты қалай атқарып жатқанын сұрап көрдік.
– Негізі Олжастың мықты актер екенін білеміз. Ал продюсер ретінде қалай?
Дариға Бадықова, актриса:
– Продюсер ретінде ол ер азамат қой. Ер азамат көбінде ақша санау, жалпы қанша расход кетіп жатыр, біз қазақ аудиториясына осы бюджетті шығарсақ, біз бұны ала аламыз ба? Ол жағын ойланбайды. Ол творческий жағын ойланады. Ол жақсы шығар. Біреуіміз ақша жағын ойлап жатсақ, біреуіміз творчество жағын ойлап жатсақ.
Бадықова: премьераға небәрі екі-ақ ай қалды. Бұл өте аз мерзім. Осы уақыт аралығында фильмді көрерменнің құлағына сіңдіріп үлгереміз бе? Сол уайым болып жүр. Себебі соңында жақсылы-жаманды атақ Олжас екеуімізге қалады,-дейді.
Дариға Бадықова, актриса:
– Олжас екеуіміз бір бірімізге жанымыз ашуы керек. Өйткені бұл біздің производство. Аяғында екеуіміз қаламыз аңырап. Бүкіл группа тарқайды. Өздерінің кезекті заказдарын алып кете береді дейінші түсінікті тілде. Ал біз қаламыз аңырап. Бүкіл көрерменнің алдында былайынша айтқанда жалаңаш қаламыз. Ал не істейсің ал деп?!
– Дариға Бадықова Алмагүлді ойнайды. Ішкілікпен қоса, ақылын ішіп қойған адам.
Дариға Бадықова, актриса:
– Ақылын да ішіп қойған, санасын да ішіп қойған бұл адам ше. Жан дүниесі ауырғанда, оның емі болмайтын сияқты. Сенің асқазаның ауырса, бауырың ауырса дәрі ішіп оны жазасың ғой. Жаның ауырғанда оған ем жоқ сияқты.
– Кейіпкеріңіздің аты – Сабырхан. Әскери мансапта жолы болмаған, кішкене ащы суға жақындығы бар. Иә?
Қуандық Шәкіржанов, актер:
– Иә. Әскери адамдар ренжіп қалмасын, бұл кино сценарий ғой. Бір жағы комедийный жанр. Енді әр салада да ішетін адам табылады ғой. Салынатын адам табылады.
– Аға, енді өзіңізге қарап тұрмын, сақал-мұртты жіберіпсіз?
– Иә, бұл осы режиссердің сұрауы бойынша. 20 күн өсірдім бұл сақалды. Сақалмен түсу керек болды.
– Жалпы өзіңіздің ішкілікпен қарым қатынасыңыз қалай?
Қуандық Шәкіржанов, актер:
– Ішкілікпен енді... Жасыратыны жоқ ондай әдетіміз бар енді анда-санда. Бірақ жиі емес. Бар.
- 100 граммдатып қоясыз?
- 100 грамм, 150. Көңіл күй болса, 200. 300. Цифрды білгенше.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Актриса әуреге салған ішкіліктен қалай құтылады? Күйеуі күйзелісті кезеңде Дариғаға демеу бола ала ма? Әлде жарты жолда, екі айырыққа айырыла ма? «Тастаймын-ау сен» толықметрінен мамыр айында біле аласыздар!