Әлемдік подиумға қазақи оюлардың шығуына Айя Шалқардың үлесі бар ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Луи Витон, Александр Маккуин, Балмэйн... Біздің ою-өрнек соңғы кездері жаһандық дизайнерлердің топтамаларында жиі көзге түсіп жүр. Etro брендінің көктем-жаз коллекциясындағы Бэлла Хадид образы сөзімізді дәлелдейді. Бірақ, бұл қазаққа тиесілі деп нақтыланбайтын. «Ұлттық сезім» жобасы дәстүрді дәріптеп, фэшн өндірістегі алпауыттармен бірігуді көздейді. Сонда, біздің ұлттық киімдер ірі брендтердің подуимына шығады.

Оксана Шкрыгунова, «Ұлттық сезім» жобасының координаторы:

– Біздің мақсатымыз қазақтың ұлттық киімдерін популизациялау. Біріншіден қазақи образдар өте әдемі, оны киіп жүруден ұялмау қажет. Керісінше, сіз қазақша look арқылы ерекшелене аласыз.

«Ұлттық сезім» жобасының инициаторларын біздің ірі компаниялар қолдады. Жарнамалық интеграцияларына қазақи нақышты енгізе бастады.Қала берді, ауқымды флешмоб ұйымдастырылуда. Бұл дегеніміз, кеңсе қызметкерлері күнделікті образдарын ұлттық костюмдар, әшекей бұйымдармен үйлестіріп, жұмысқа келеді.

Ақбота Садықова, флешмоб қатысушы:

- Жалпы менің образым жәй ғана қарапайым қара көйлек, сыртынан біздің ұлттық комзол және тақия. Екеуі түстек бір-біріне сәйкес келеді, жалпы күнделікті өмірде соншалықты тойдың образы емес. Қарапайым күнге жарамды деп санаймын.

Бүгінде жобаны бірқатар дизайнерлер мен брендттер қолдап отыр.

Үлгілеріне жеңілдікте ұсынуда. Этно стильді күнделікті өмірге енгізуге көптің құлшынысы жоғары.

Әсел Қапаш, дизайнер:

- Бізде қазіргі таңда енді қазақи стиль, этно стиль кәдімгідей модаға кіріп жатыр. Өте қуантарлық жағдай. Біз енді бұл салады 5 жылдан астам жұмыс істейміз. Мен қазір көрермендерге офисте болсын, жұмыста болсын, қыдыруға шықса да әр түрлі киімдерді үйлестіріп көрсетуге болатынын, сізге көрсеткім келіп отыр!

Қазақи нақыштағы бұйымдар мен киімдерді дүниежүзіне дәріптеу ісінде Айя Шалқар трендсеттер. Нью-Йорк, Майами сынды мегополистердегі ірі галереяларда ол өзінің ұмайбалта, айқошқар, елескер сынды жәдіргерлерін таныстырды. Қолөнер шебері Ғазиза – Таңшолпан Тілеубай – Өрнек брендімен этно стильді жаңғыртып жүр.

Ақбота Садықова, флешмоб қатысушы:

- Жалпы осы флешмобтың аясында делік, ұлттық иденфикациямызды дәріптеу, танымал ету, сақтау және ұрпаққа әрмен қарай көрсету деген сияқты мақсатымыз және жалпы қазіргі заманауи нақышта күнделікті өмірде қазақтың ұлттық жаңағы элементтерін көрсету, көз үйрету, бой үйрету.

НТК ұжымы да 16-ақпан басталатын жалпыхалықтың «Ұлттық сезім» флешмобын қолдады. Сізді де флешмобқа қатысуға шақырамыз!