Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат қызық мол жылдар?
Бүгін жұрт талқысында жүрген жұптың үлкен тойындамыз!
– 5 ай көлемінде қыз-жігіт болып жүрдіңіздер. Бәріне қызық қой енді, қалай таныстыңыздар?
Әлішер Келгенбай, футболшы:
– Мен интернеттен өзіме парфюм заказ бергем. Дос балаларыма, інілеріме. Ол кезде Ұлдана Стамбұлда тұрады. Сөйтіп арада бір-екі апта сөйлесіп жүріп, өзі келіп маған парфюмды берген бойдан танысып, араласып, сырласып, сөйтіп танысып кеттік.
Той ерекше форматта өтті. Қалыңдық «Реал-Мадрид», ал күйеужігіт «Барселона» формасында болды. Әлішердің өзі: Бұл эльклассико кездесу және фанаттарды достыққа шақыру деді. Ұлдана да жарының ойын бірден құптаған.
– Қай қасиетіңмен қарата алдың?
Ұлдана Жиенқұл, блогер:
– Сұлулық жүректе дейді ғой. Бірінші жүрегіме ғашық болған шығар.
– Ұлданаға арықтау жолында көмектестің иә?
Әлішер Келгенбай, футболшы:
– Ұлданамен танысқан кезде ол 90 кг болған. Бірақ та мен оның жанына ғашық болдым. Мен тренер болғаннан кейін білем, бұл уақытша нәрсе. Тек қана уақыттың еншісінде. Сондықтан міне қарасаңыз, тал шыбықтай сызылып тұр. Бұл бастамасы, әлі 90-60-90-ға жетеміз Алла қаласа.
– Инстаграмыңда пікірлер оқитын шығарсың. Бұл өзі емес, операция жасатқан. Турцияда липосакция кең дамыған деп жатыр. Бірдеңе деші сол хейтерлерге
Ұлдана Жиенқұл, блогер:
– Енді кімнің аузына қақпақ боламыз. Адамдар айта береді. Ешкімнен ешқандай пікір естігің келмесе, ешқашан ештеңе істеме дейді ғой. Сондықтанда мен ол пікірлермен күреспеймін.
Тойға талай танымалдар келді. Олардың арасында белгілі блогерлер жанұясы да бар. Нұрбек: мен олардың жұп екендерін, жұрттан бұрын білдім дейді.
Justking, блогер:
– Бір жыл арасында таныспыз. Жақсы араласып, сөйлесіп, тренировкаларға бірге барып, бүгін міне тойда жүрміз әйеліммен бірге. Ұлдананы танымаймын, первый раз ее вижу.
– Тойға не алып келдіңіздер?
-Тойға ма? Ақша ғой, стандартно.
- Конветтің ішіне бір үңілсек бола ма?
- – Бұл жерде енді санамай-ақ қояйық. Ақшалай...
- Нормально...
Нұрсұлтан Құрман бұл той үшін арнайы Астанадан келген. Әлішердің медиа-футболдағы жолына ықпалы тигендердің бірі. Астанаға жұмысқа шақырып, оның қабілетін байқаған.
– Астанаға шақыруыңызға қай ойыны түрткі болды?
Нұрсұлтан Құрман, тележүргізуші:
– Тараз қаласында бір жарыс болып жатты. Журналистер арасында шағын футболдан. Бізге қарсы ойнады Әлішер. Бірақ қарасақ, студент екені көрініп тұр енді. Регламентке сай емес, бірақ ойнады да. Содан кейін келіп сұрадым: Есімің кім болады? Әлішер. Қай жерде оқисың? Сүлеймен Демирель университетінде. Журналистика факультетінде деді. Төрінші курс.
Тойда қызмет қылып жүрген танымалдар арасында актер – Шадияр Абдуллаев та бар. Әлішер екеуі бір мектепте оқыған. Бала кезден таныс.
– Шадияр Әлішерді қай уақыттан бері танисыз? Қалай таныстыңыздар?
Шадияр Абдуллаев, актер, кәсіпкер:
– Біз бала кезден таныспыз. Іні бауыр, мен оған аға бауыр. Арамыз 4 жас. Досым сияқты. Өз жасына өте ақылды жігіт.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Міне, күллі танымалдардың басын қосқан үлкен той да аяқталды. Енді екеуге тек жақсылық тілейміз. Әлішер, Ұлдана Бақытты болыңдар!