«Нағыз сахна королі»! Ninety One мен Ирина Кайратовнаның жанкүйерлері жанжалдасып қалды ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

- Бақ жана ма, бап шаба ма? Біз бүгін көптен күткен баттлдың куәгері болуға келдік. Дәл қазір мына алаңда Қазақстанның ең үздік бойзбэндтері «Нағыз сахна королі» атағы үшін таласқа түспек. Жеңіс 91-лік жігіттерге бұйыра ма әлде Ирина Кайратовна озып шыға ма? Дәл қазір бірге білетін боламыз.

- Кімді қолдап келдіңіз?

Әбілмансұр Серіков, актер:

- Найнтии уааан десең

Шәріп Серік, актер:

- ИК, ИК.

Марғұлан Әден, блогер, продюсер:

- Енді екі жақты да жақсы танимын, екі жақта да достарым. Бірақ біреуін таңдау керек қой, дұрыс па? Кішкене 91 деп тұрмын ғой.

Ақжол Пірімбет, актер:

- Әрине Найнти уан, иглзбын ғой мен.

- Ирина Қайратқызын. Ну, себебі мен 91 жігіттерімен таныс емеспін, бірақ Зактың панчтарына тәнтімін.

- Найнти уанның репертуарындағы ең сүйікті әніңіз қандай?

- Саған қалай айта алам.

Шәріп Серік, актер:

- «ммм кеттік бәрін таста»

Марғұлан Әден, блогер, продюсер:

- «Мұз ұнайды», «Баяу» ұнайды, одан кейін барып «Абьюз» ұнайды.

- Давайте, онда «Мұзды» айтайық

- Так, қалай еді өзі?

- «Мұз» айтады.

- Ал Ик-ның қай әні ұнайды?

- «5К» шығар.

Ақжол пірімбет, актер:

- Қайтадан. Просто бұл әнмен өте көп естелік болған. Алғашқы махаббаттарым.

- Вау! Қандай махаббат ол?

- Бір қызбен айырылысып кетемін, жақсы көрген бала махаббатыммен, сөйтіп «Қайтаданды» тыңдап жүрем ғой Астанада қиналып, страдать етіп. Сол үшін ыстық ән боп қалды.

Баттлдың куәгері болуға келген медиатұлғалардың екі бойзбэндпен естелігі көп. Тіпті олардың арасынан бұрын 91-ге хэйт айтқандары да табылды.

Ақжол пірімбет, актер:

- Вайн түсіргем өзім 7-8 класспын, «Э найнти уан» деп боқтап. Бірақ одан кейін 91-ді жақсы көріп кеттім, қазір өкінем вайн түсіргеніме. Мен сосын өзім арман-мақсатыма жеттім. 91 балаларымен кездестім өмірде.

- Олармен кездескен кезде: «Басында сіздерді хэйтить етіп едім» - деп айтпадыңыз ба?

Ақжол пірімбет, актер:

- Мен айттым, олар күлді угарать етті ее деп. Одан кейін кешірім сұрадым.

ARSHAT, музыкант:

- Юморический видеолар болды ғой. Сол кезде қарап жүретінмін ең бірінші. Алдиктың ана зажигалка жағатынын бастап қараймын, сосын барып кейін тыңдарманына айналып кеттім.

Шәріп Серік, актер:

- Олар деген «Енді қалай айта аламын» деген клип шықты. Соны мен презентациясын жүргіздім. Сондықтан 91 мен үшін де керемет топ. Білмеймін, пусть победит сильнейший дейді ғой.

Лық толған арена. Бір-біріне қарама-қарсы орналасқан көк және қызыл сахна. Жігіттер «Кавер», «Түре тартыс», «Шайқас», «Wild card» деп аталатын кезеңдер бойынша жарысты. Шоудың қыза түскені сонша – залдағы көрермен қай топқа жақтасарын білмей әлек болды.

Баттл «Түре тартыс» кезеңімен ерекше есте қалды. 91-ліктер Ирина Кайратовнаның «Чина» әнін өз стилінде айтып шықса, ИК-лықтар Найнти уанның «Ойнама қой» трегін орындады.

Соңғы уақытта болып жатқан жағдайлар мен тығыз графикке қарамастан Ирина Кайратовна барын салып, сахнаны өртеп жіберді. «Шайқас» кезеңінде екі топ өз әндерін опенинг, баллада, рэгги, рок жанрларында шырқады.

Жігіттер 4 кезеңді артқа тастап, жанкүйерлердің таңдауына құлақ түрді. Жеңімпаз дыбыс деңгейін өлшейтін құралдың көмегімен анықталды. Нәтижесінде, иглздың толассыз айғайы мен қолдауы қарсыластардан асып түсіп, 91-ліктер «Нағыз сахна королі» мүсіншесіне қол жеткізді.

«Ninety One» тобы:

- Бізді қолдап келген адамдарға, иглзға көп-көп рақмет. Негізінде олар шулаған кезде кәдімгідей құлақ зыңылдап, ештеңе естілмеді. Өте үлкен шу болды.

«Ninety One» тобы:

- ИК өте қатты таңғалдырды. Бізден жасырып та көрсеткен сюрприздары да бар. Біз оны тек қана сахнада көрдік.

- Ең күштісі диванда отырып, концерт қарау екен.

Жеңімпаздарға «Кавер» кезеңі қиынға соққан. Айта кетейік, бұл кезеңде олар А-Студионың «Джулия» әнін орындаған болатын.

«Ninety One» тобы:

  • Кавер, кавер. Айтайын ба неге? Міне, басындағы тексттарды жазып алғам қолыма. Сахнаның ең басында тұрып, уайымдап, бір сөзін ұмытып қалмайыншы деп. Өйткені, негізі орысша тексттар маған қиын жатталады.

«Ninety One» тобы:

  • Жалпы 91-дің бұл орыс тілінде 91 ретінде, топ ретінде 1-ші рет өнер көрсетуі. Сондықтан өте қызық тәжірибе болды.

«Ninety One» тобы:

- Негізі бұл жерде акцентпен тағы бөлек бір жұмыс болды. Қаншама рет адамдардан сұрап, «Қалай дұрыс айтып жатырмын ба, дұрыс па осылай айтыла ма осы сөз» деп. Сондықтан иә, орысша айтқан жеңіл емес екен.

Бұл баттлда бойзбэндтер ғана емес, иглздар мен ИК-лық тыңдарман да бір-бірінен асып түсу үшін барын салды.

«Ninety One» тобы:

- Біз басынан-ақ айтқанбыз, бұның бәрі товарищеский матч сияқты өтетін нәрсе деп, сондықтан ешқандай өзара олардың тыңдарманы мен біздің тыңдарман арасында кикілжің болған жоқ деп ойлаймын.

«Уалд карт» кезеңіндегі құпия музыкант – Ерболат Беделхан мен Қайрат Нұртас болды. Қос бойзбэнд арнайы қонақтармен бірлесіп фит орындады.

«Ninety One» тобы:

- Әлем: Жалпы «Қайтадан» әні Ерболат аға сондай жылу сезім береді. Сахнадан ең біз соңғы нүкте қып таратқымыз келген, бұл – осындай достық, махаббат.

Айдана Шалқар, @aiudna

- Бүгін жігіттер 4 кезең бойынша жарысты. Екі топ та бір-бірінен асып түсу үшін барын салып, тырысып бақты. Бірақ жеңіс тұғыры біреуіне ғана тиесілі. Нәтижесінде «Нағыз сахна королі» атағы Ninety One-ға бұйырды.