Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртастың көшірмелері трендте!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл Асанәлі Сейітқазы мен Нұрахмет Нұрланұлы. Тараздан. Тикток арқылы танылды. Интернеттегі табыстан бөлек жеке кәсіппен айналысады. Асанәлі 21 жаста. Ал Нұрахмет нешеде екенін жасырып қалғысы келді.

– Өздеріңіздің ерекшеліктеріңізді қай уақытта байқадыңыздар?

Асанәлі Сейітқазы, тиктокер:

– Жәймендеп шашымды өсіріп бастаған кезде жұмыстағылар ұқсата бастағаннан кейін былай очки тағып, қарап өзім де сол кезде байқадым.

- Ол қай уақытта?

- Осыдан бір жыл бұрын.

– Енді сіздің қасыңызға Төреғалиді қойып қойса, көбісі танымайтын сияқты.

Нұрахмет Нұрланұлы, тиктокер:

– Иә, қазір көбісі сөйтіп айтып жатыр ғой тиктокта да. Сол бәріміз тиктокта танымал болдық қой. Қазір той, ары-бері.

Бүгінде ТТТ мен КН-ның көшірмелері тойға шақыртуды жиі алады. Әзірге кумирлерінің тректерімен шектеліп жүр.

– Сол ән айтамыз.

- Сол Төреғали мен Қайраттың?

- Төреғалидің да, былай да әндер жазып жатырмыз қазір. Өз дауысымызбен.

- Авторлық әндер?

- Авторлық ән жазылып жатыр енді.

- Төреш пен Қайроштан рұқсат алдыңыздар ма?

- Төрештің ағасы бар. Ардақ ағамыз бар. Сол кісі сөйлесіп, ондай артық ештеңе істемесе, түзу жүрсе болды деді ғой.

– Жақында Нұртас Айдарбековпен кездестіңдер. Қайрат Нұртастың әкесі. Кездесу қалай болды? Кім ұйымдастырды? Қалай шықтыңдар?

Асанәлі Сейітқазы, тиктокер:

– Шаш алдыруға барғанбыз. Сол жерге келіп қалды. Сөйлесіп, танысып, ол кісі де батасын беріп алға қарай істей беріңдер деп. Нұрахмет Нұрланұлы, тиктокер:

– Ақша қай жерде, сол жерде жүрсеңдерші деді ғой.

– Жақын уақытта Төреғалимен кездесу жоспарда бар ма? Процесс жүргізіліп жатыр ма?

– Иә, бұйыртса жақында дуэт жазамыз деген ой бар. Қайнар Алагөзов ағамыз жазып береміз дегендей болған енді «Қазақ жігіттері» деген.

Атақты адамдарға еліктеу, елімізге енді еніп жатса, шетел үшін бұл әлдеқашан таңсық емес. Мысалы британдық блогер әрі әнші Оли Лондон, BTS-тегі Чиминге ұқсау үшін18 пластикалық ота жасатып, оған 150 мың доллар мен сегіз жылын жұмсаған. 35 жастағы Тоби Шелдон болса, Джастин Бибер сияқты болуды армандап, 100 мың долларға шығындалған. Ал Бразилиялық Ромарио Дос Сантос Алвес сүйікті супер қаһарманы халктай болғысы келеді.