Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Біз бүгін кәдімгі казинодамыз! Бірақ мұнда қызу ойын жүріп жатқан жоқ. Фильм түсірілуде. Дәл осы локацияны қыруар қаржыға жалдап Бағлан Әбдірайым «Зеро - 2» картинасын таспалауды бастады.
«Zero - 2.Қарыз»! Бағлан Әбдірайымовтың кезекті фильміне арқау болған тақырып осы. Казино түбіне жеткендердің тағдыры суреттеледі. Еске салсақ, кинопродюсер былтыр таспалаған «Zero» картинасында азарттың арбауына азғырылып, одан құтылып шыққан сәтін баяндаған болатын. Картина прокаты сәтті болды.
Бағлан Әбдірайым, әнші, кинопродюсер:
- «Зероның» алғашқы бөлімінде халық сізді қолдады, себебі сіз еш бүпесіз өзіңіздің өміріңізді шынайы көрсете алдыңыз?
- Құмар ойынның азабы бар, зардабы бар, әрине ол кез-келген адам қойып кете береді ғой, бірақ енді қойдым дегеннен кейін де қарыз деген әңгіме бар да, қарыз көп адамның жолын байлайды.
Бұл жолы Бағлан Әбідраймымов бірнеше лудоманның өмірін сценарийге қосқан. Шынайы оқиғаға негізделген драма ойынқұмарлардың құрдымға кеткен кезеңдерін көрсетеді.
Бағлан Әбдірайым, әнші, кинопродюсер:
- Біреулері құзырлы органдарға жүгініп жатса біреулері қара күшке жүгінеді. Менің бір досым болған марқұм қайтыс болып кетті, сол 200 мың теңге қарыз болған адамдарға. Сол 200 мың теңгесін сұрау үшін кішкене қорқытамыз деп ойлаған, 1-2 рет шапалағын берген кезде ол құлап сол жерде мерт болып кетті мысалы.
Бағлан Әбдірайым, әнші, кинопродюсер:
-Бүгін біз нағыз казинодамыз, бұндай локациямен келісу оңай шаруа емес?
-Көшенің бойында тізіліп тұрған казиноның бірде-біреуі рұқсат берген жоқ. Қаражатына да келісіп жатқан жоқ. «Зеро» киносынан кейін Бағлан Әбдірайымов десе бұл кісілердің төбе шаштары тік тұрады екен. Сосын енді бір жағынан қуанып қалды енді, осы жер басып жүргеннен кейін бізден де қорқатын адамдар бар екен ғой именно осы казино саласындағылар.
Казинолар жанына жолатпай қойғанымен Бағлан Әбдірайымовтың ұнжырғасы түскен жоқ. Заңсыз болса да, Қонаевтағы ойынханаларды таспаға тартып алуға бекініп отыр.
Бағлан Әбдірайым, әнші, кинопродюсер:
- Рұқсат берсе де бермесе де біз енді кішкене бұзықшылық жасайық деп жүрміз егер рұқсат бермейтін болса, аса бір қылмыс емес деп ойлаймын, сыртынан рұқсатсыз түсіріп алатын шығармыз.
Бағлан Әбдірайым, әнші, кинопродюсер:
- Бізде басқа кинолардан бір ерекшелігі деп айтуға келетін шығар 3 жексұрын рөл бар. Антогонисттер, жалпақ тілмен айтқанда 3 отмарозок бар, сол 3 отморозок бұлар танымал емес актерлар.
Еске салсақ, «Зероның» бірінші бөлімінде, Тұңғышбай Жаманқұлов, Олжас Абай, Еркебұлан Тоқтар бой көрсеткен еді. Ал, фильмнің жалғасына Дулыға Ақмолда мен Берік Айтжанов шақырту алған.
Бағлан Әбдірайым, әнші, кинопродюсер:
- Дулыға ағамызды да көп ойландық, сосын Берік Айтжановқа да ұсыныстар тастадық. Берік Айтжановтың уақыты келмеді, Дулыға ағамызға бірінші сценарийлеріңді оқиын деді, ағамыздың таңдауы қызық екен, сосын сценарийді оқыда да сосын жігіттер өте тамаша жазылған сценарий біз киноларыңа түсейік деп, соған енді қаражатына келісіп, гонорарын келісіп.
- Туындыда сондай-ақ, «НТК» ұсынған «Мошенники» сериалының кейіпкері Ернар Себетов та бар. Еске салсақ, Ернар бүгінде актер ғана емес, «Kazakh Union»-ның каскадеры.
Ернар, Себетов, актер, каскадер:
- Актер, каскадер, сценарист, художник постановщик. Масштаб жағына келетін болсақ жалпы толықметр болғаннан кейін бұл жерде төбелестер де көп болады, экшн сахналар. Бағлан аға соның барлығын жеңеді әлбетте.
- Сіздің кейіпкеріңізге тоқталсақ?
- Жарқын есімді сондай бір қатігез адам. Осы казиноның жұмыскері болу керек. Өйткені қазір ұтылып қалған адамдарды алып қысымға саламыз, сосын тағы қатты ауыр сахна бар бір зорлайын деп жатқан жерінен келеді де сосын Бағлан аға құтқарып қалады сол қызды.
- Ал сіз Бағлан ағаны қинамайсыз ба ?
- Жоқ біз өкінішке орай таяқ жеп қаламыз. Бірақ бұл кино. Енді бәріне белгілі жағдай жалпы «лудомания» деген үлкен біздің басымызда, қоғамда қатер бар. Бұл киноның үлкен деген кино сабақ деп айтуға болатын шығар.
- Фильм трюктарын «Kazakh Union» командасының каскадерлары қояды.
Серікқазы Тілебалды, «Kazakh Union» каскадеры
- Көп актерларды дублерить етеді каскадерлар, актерлардың орнына жасайды, олардың жасай алмаған қимылдарын. Ал Бағлан Әдбірайым өзі бұрын да спортпен айналысқан, бокспен айналысқан, сол спорттардың көмегі көптеп тиіп жатыр. Барлығын өзі жасауда.
Бағлан Әбдірайым, әнші, кинопродюсер:
- Кинопродюсер ретінде тәжірибеңізге тоқталсақ, кіріс көп пе әлде шығын көп пе?
- Бірінші «Зеро» киномызды түсірген кезде амалдан ниет жоғары дейтін еді. Біз киноның ішінде айтамыз, бір адам есін жиса біз бақыттымыз деп. Сол ниетімізге қарай кино өзін-өзі ақтап алды.
- Бірінші «Зеро» 140 млн теңгеге түсірілген еді. Екіншісінің шығын одан көбірек шығар.
- Бір 10-15 миллионға көбірек болады. Біз Зероны 25 күнде түсіргенбіз, ал енді мына екінші киномыз «Зеро. Қарыз» дегеніміз бұл 35 күнге созылайын деп тұр.
«Zero - 2.Қарыз» криминалды драмасы 2024 жылдың ақпанында үлкен экрандарға жол тартады.