ДАСТАН ОРАЗБЕКОВ ЖҰБАЙЫН КІМНЕН ҚЫЗҒАНЫП ЖҮР?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

- Стиль, харизма, әртүрлі образ десе алдымен қай әнші есіңізге түседі?Меніңше, көбі Дастан Оразбековті айтатын секілді. Иә, біз бүгін қартаюды білмейтін, аурасы бөлек Оразбековтың лайв концертіне келдік. Дәл қазір оның әндерін жанды дауыста тыңдайтын боламыз.

«Тренд» сөзі – Дастан Оразбековтің екінші аты. «Орда» тобының уақытша тайм аут алғанына қарамастан, ол соло әртіс ретінде жиі іс-сапарларға аттанады. Әнші: «Әрдайым сұраныста болу үшін тынбай еңбектену керек»,- дейді.

Дастан Оразбеков, әнші:

- Қазақтың мақалы бар «Көзден кеткен, ойдан кетеді» деуші ма еді. Сондай мақалымыз бар. Неғұрлым көз алдында жүрсеңіздер, соғұрлым енді құр ғана жүріп қана қоймай жұмыс жасау керек міндетті түрде.

Әнші шығармашылығына ғана емес сырт-сымбатына, келбет күтіміне де ерекше мән береді. Оның жанкүйерлері: «Дастан жастық элексирімен қоректенеді»-деп те қалжыңдап жатады. 40-тың қырқасында болғанына қарамастан, Оразбеков жүзу, жүгіру марафондарын назардан таса қалдырмайды.

- Көбісі сізді айтып жатады «қартаюды ұмытып кеткен» деген секілді қалжыңдап жатады.

Дастан Оразбеков, әнші:

- Өте жиі спортпен айналысамын. Қазір өзім Ironman-ді өттім, марафонды өттім, жалпы спортзалда жүрген азаматтардың бірімін. Сондықтан да оның бәрі күтім деп ойлаймын. Ал, енді косметологқа ешқашан да барған емеспін. Енді бетімізді сабынмен жуамыз, крем жағамыз.

- Жалпы бұл трансформация неден, қалай басталды?

Дастан Оразбеков, әнші:

- Мен өмір бойы ес білгелі міндетті түрде спортпен айналысқан болатынмын. Бірақ қазіргі қатты берілгенім осы – триатлон. Жалпы жүгіру бар, жүзу бар, велоспорты бар.

Дастан Оразбеков әрдайым баланста болғанды ұнатады. Өнер, спорт, отбасы. Еске салсақ, бүгінде ол – Алдияр және Демирель есімді ұлдардың әкесі.

Дастан Оразбеков, әнші:

- Екінші ұлыммен мен көбірек уақыт өткіздім Демирельмен. Мен енді Алдиярмен сөздің шыны керек өзім ол кезде жалындап тұрған жас кез 25-тегі азаматпын.Енді өзіме есеп бердім да өткенде балаларымның бірде-бір сондай маңызды сәттерін өткізбеппін.

Иә, расында Оразбеков балаларының бірде-бір шарасын назарынан тыс қалдырмайды. Мәселен, осы жылы кенжесін мектепке өзі жетектеп апарған еді. Жұлдыз 6 жасар ұлын Астанадағы ең беделді білім ордаларының бірінде оқытуды жөн көріпті.

Дастан Оразбеков, әнші:

- 4 млн 200 мың. Сондай шамада. Сондықтан да иә балам жеке мектепке барып жатыр. Ол меніңше әр ата-ана өзінің баласының жағдайына қарап береді ғой. Мен балаларымның оқуына өте қатты мән беремін. Үлкен ұлым Haileybury-де оқыды. Алдияр тіпті одан қымбат мектепте оқыды. Енді екеуі қазір сол Riviera деген мектепке барып жатыр.

- Балаларыңыздың оқуына көмектесуге уақытыңызды арнайсыз ба?

Дастан Оразбеков, әнші:

- Мен балаларымды әдейі сондай мектепке бердім көмектесуге уақыт бөлмейтін

- Үлкен ұлыңыз Алдияр осы жылы мектеп бітіреді, бұйырса. Сіздің жолыңызды қуамын деп айтпай ма?

Дастан Оразбеков, әнші:

- Менің ойымша, қуады-ау. Өйткені осы биыл балам бір таңғаларлық дүние жасады. Өйткені бір жыл бұрын халықаралық қарым-қатынасқа түссем ба деген ниет білдірген, осыдан бір апта бұрын «Әке, мен актерлық мамандықты таңдағым келеді» - деді.

Өнер иесі отбасы туралы көсіле сөйледі. Әйелі Жанат Оразбекова жайлы айтуды да ұмытпады. Оның сөзінше, ол да, жұбайы да – өте қызғаншақ жандар.

Дастан Оразбеков, әнші:

- Оны енді жария қып айқайлап айтпайсың. Бірақ әйелімді қызғанам. Кейде бір кешіңкіреп қалса, қайда жүрсің деген сұрақтар немесе түсініксіз нөмірлерді көріп қалсаң, звондап жатқан бұл кім деген сұрақтар болады.

- Жұбайыңыз сізді фанаттарыңыздан қызғанбай ма? Не дегенмен, сіз өнер адамысыз ғой.

Дастан Оразбеков, әнші:

- Әрине, қызғанады. Маған қарағанда менің әйелім қызғаншақтау дейміз ба?

Айдана Шалқар, @aiudna

- Осымен Дастан Оразбековтың лайв концерті өз мәресіне жетті. Әншінің болашаққа жоспары көп. Стиль мен харизманың амбассадорына айналған әртіске сәттілік серік болсын дейміз!