Жұлдыз Өмірғали атақтың да, ақшаның да қадірін білетінін айтады. Себебі оған ештеңе оңайлықпен келмеген. Мәселен 17 жасында, жаңа жылда әжесін қуанту үшін аниматор болып жұмыс істеген. «Ол 2012 жыл еді»,-дейді өзі.
Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:
– Ең алғашқы табысым менде 128 мың теңге болған. Аниматорская компания болатын. Ол жерде жаңа жылдық корпоратив... Аниматор болдым. Маша болдым. Потом лесная фея деген болғам.
Жаңа жылға санаулы күндер қалғанда бастығынан аванс сұрап, азық-түлік алыпты.
Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:
– Ойбай, толтырып тамақтың бәрін алдым. Өзімше қызыл икра деп алғам ғой. Сөйтсем ол өтірік икра екен. Настоящая икра қымбат тұрады екен ғой.
Қанай бүгінде қаражаттан таршылық көрмейді. Әнші жақында су жаңа көлік те алды. Ал осыдан 5 жыл бұрын азын аулақ ақшаға жұмыс істегенін жасырмайды.
Qanay, әнші:
– Алғашқы табысым... КВН мен тойға шыққанбыз. 10 мың теңге. Оның 5 мың теңгесін мамама апарып бердім. 5 мың теңгесі өзіме.
- Қайда жұмсадың?
- Іштім... Ойнап айтам. Керек жеріме жұмсадым. 5 теңгені қайда жұмсайсың құрсын.
Қазіргі хитмен Ая Фанк 2016 жылы сатушы болып жұмыс істеген. Айлығым шайлығымнан артылмайтын. Ал қазір гонорарым 1 миллионнан асады,-дейді өзі.
Aya Fank, әнші:
– Мен продавец болып жұмыс жасағам. Супермаркетте баяғыда. Ең бірінші 80 мың теңге алғам. 50 мың теңгесін үйдегілерге бергем. 15 мың теңгесін кредит деп жатсың ғой, соны төлегем.