Әділжан Шомбалов болашақ күйеу баласын қызына тең көрмейді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Бізде жоқ шешілмейтін проблема,

ағайын-туыстың бәрі коллега. Әсіресе қайын ата. Былғары креслоның егесі оның қызы және қол астындағы қызметкері. Үштік арасындағы авантюра. Бүгін «Қайын ата және күйеубала» комедиясының түсірілім алаңындамыз.

Оқиға жиһаз шеберханасында басталады. Төлеген шебер, бастығының қызына ғашық болып қалады. Екі жас сезімдерін жұрттан жасыруға мәжбүр. Себебі Аружанның әкесі бұл некеге түбегейлі қарсы.

– Сенің образың қандай? Сол туралы сөйлесейікші.

Аделина Ералиева, актриса:

– Қазіргі образым менің... Байдың қызымын... Папамның ерке қызы. Енді басқа шықпаған, тәрбиесі жақсы. Папам күйеу баланы ұнатпайды.

Басты рөлде – Әділжан Шомбалов. Кейпі қатал болса да, қызының келешегіне қатты алаңдайды.

– Түскі ас ішіп отырған кезде де мұртпен отырдыңыз. Кедергісін келтіріп жатқан жоқ па?

Әділжан Шомбалов, актер:

– Жоқ. Үйреніп алдым уже. Неше күн болды.

  • Негізі бұрын сізде мұрт болды ма?
  • Жоқ, көсемін мен.

Шобалов қызына Төлегенді тең көрмейді. Оның ойындағы күйеубала басқаша.

– Қол астыңыздағы қызметкеріңіз қызыңызға ғашық болып қалады. Бірақ сіз қарсысыз.

Әділжан Шомбалов, актер:

– Жігіт кәдімгі білекті, спортивный телоснажениеде болуы керек. Ал мынау бір компьютер жеп қойған, оқу жеп қойған. Ертең қызымды қалай қорғайды деп сол уайымым.

– Адамның таңдауына ата-ана араласқаны дұрыс па?

– Ата-ана баласына жаман бол демейді еш уақытта. Ата-ана баласының жаман жерге барғанын қаламайды. Сондықтан да қолдан келгенше ата-анамен келісе отырып, жар таңдалып жатса, баяғы ата-бабаларымыз сөйтіп таңдап берген ғой. Тегіне қарап, жолына қарап, анасына қарап.

Төлегенді – Қуаныш Жылжақсынов ойнайды. Аружанның әкесінің көңілінен шығу үшін кез келген қиындыққа дайын екенін айтады.

– Үйленгенсіз ба?

Қуаныш Жылжақсынов, актер:

– Иә.

  • Мысалы үйленерге дейін келіншегіңіздің туысқандарының тарапынан қиындықтар болды ма? Қарсылықтар? Әйеліңізге мүмкін ойланарсың деген сияқты?
  • Жоқ, жоқ. Ойбай, мынандай красавчикті жұлып алды ғой.

Жасұлан Әйтенов бұл фильмде қосалқы рөлде. Бүгінде жайдарманшы өзін актер ретінде сынап жүр. Бұл лентаға да кастинг арқылы келген екен.

– Медиа-файтер, өзі жайдарманшы, өзі актер. Түсірілім алаңынан шықпайтын болыпты. Мұнда кімді ойнап жатсың?

Жасұлан Әйтенов, әзілкеш, актер:

– Бұл фильмде Саид дейтін персонажды ойнаймын. Төлегеннің досы. Мінезі ақкөңіл. Жайдарлы.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– «Қайын ата – күйеу бала» комедиясы келер жылы үлкен экрандарға жол тартады. Туысқандық қарым қатынасқа құрылған толықметр көрермен көңілінен шыға ма? Уақыт пен касса көрсетеді.