Актердың шаңырақ көтергеніне биыл – 8 жыл. Жұбайы Арайлыммен жоғары оқу орнында танысып, 2015 жылы табысқан. Қазіргі таңда олар - Адиля есімді қыздың ата-анасы. Жұлдыздың жары бүгінде әлеуметтік желіде белсенді, блог жүргізеді.
Мейірғат Амангелдин, актер:
- Қазір инстаграмын өзі жүргізеді. Менен көп оқырманы бар. Активный кәдімгідей. Кейде біреулер айтып жатады енді Арайлым ғой әйелімнің аты, Арайлымның күйеуі деп танып жатады. Сомен күлеміз енді. Қанша киноға түсіп жатырмыз, бірақ Арайлымның күйеуі деп таниды біреулер.
Өнер иесі отбасылық суреттерді әлеуметтік желіде жиі бөлісе бермейді. Себебі, көз тиеді деп қорқады. Десе де 2 жыл бұрын қызы Адилямен жариялаған видеосы трендке айналып, 50 млнға жуық қаралым жинаған еді.
Мейірғат Амангелдин, актер:
- Әйелім айтып қалады «Садикте алдында ана бала бір блокнот подарить етіпті 8 наурызға» дегендей. Кәдімгідей жаман боп қалады екенсің «Кім ол?» деп. Қызым да түсінеді. «Папа мен қыздармен ойнаймын, ұлдармен ойнамаймын» деп. Соның бәрі әке болған соң бәрібір қызғанады екенсің.
Актер қызын ғана емес, келіншегін де өзгелерден қызғанады. Кейде жұбайы Арайлымға тыйым салатынын да жасырмайды.
Мейірғат Амангелдин, актер:
- Киім, сұрану, жаңағыдай айтып жүру қайда екенін. Сондай қарапайым. Былай артық ондай мен қысып тастап, қысып тастасам инстаграм да ашып бермейтін едім деген сияқты.