«Qazaq Stand Up» резиденттері соңғы кездері концерттерді жиілеткен. Бүгін де 8 комик екі сеанс өткізді. Сұраныс артты дейді олар. Бұл Қазақстан бойынша жасалатын турдың бастамасы.
Дархан Оспанов, стендапер:
- Басында шығып жүргенде стендапқа әзілің өтпесе, тыныштықтан қорқатынсың, мен қорқатынмын. Ана дірілдеп, материалым миымнан шығып, қағазыңды таба алмай, сөз тұрса оны оқи алмай. Тәжірибе ала келе егер өтпесе ол нормально.
Нұрмахан Мұқанұлы, стендапер:
- Біз бұл жерде миниатюра көрсетпейміз, скетч көрсетпейміз, бұл жерде динамиканы ұстап тұратын бір сюжет өзгеріп кетпейді. 8-9 минут тұрған күйіңде әзіл айтасың.
Комиктар үшін көрерменді күлкіге қарқ қылу оңай шаруа емес. Тіпті, стендаперлер алғаш сахнаға шыққанда әзілдің бұл бағытын жатсынғандар да болды.
Дархан Оспанов, стендапер:
- Негатив өте көп болатын. Өтпейді, мынаған жетпейді, орыстарға еліктейді деп. Мысалыға «Intelligentno Qu» дейтін жоба бар, бірден «ЧБД» дейді, «Решало» дейді. Негізі «Решало» деген жобаға дейін біз шығарғанбыз. «Решало» керісінше Қазақстаннан алған ол идеяны.
Ғалымжан Жанықұлов, стендапер:
- Бәріне бірдей ұнау заңға қайшы нәрсе, ешкімге бірдей ұнай алмайсың, Енді бізде посыл айтқым келгені, халық агрессивті, әзілге әзілмен жауап берсе, қызық. Біреудің саласын әзілдесін, жеке басына кетіп жатса, жаңағыдай тиіп кететін нәрсе болса, әрине дұрыс емес ол.
Бүгінде стендапты монетизациялау үшін комиктар жеке ютуб каналдарын ашқан. Онда стендаптан бөлек те контентті көре аласыз.
Дархан Оспанов, стендапер:
- Біз YouTube-қа салған кезде видеоны стендапты, былай ойладық, «Qazaq Stand Up» алғаш рет шығарамыз, YouTube-ты жыртады, өйткені ондай контент жоқ деп YouTube-қа салдық та бір айда бір өтірік айтпасам бір 30 мың ба жинады.
«Мақсатымыз – қазақша контентті дамыту» деген стендаперлер, бұл үшін барын салып жүр. Әзілкештер тіпті гонорар алмаса да сүйікті істерін тастамайды. Керісінше комиктар концертке демеуші табылмаса, өз қалталарынан қаржы салуға әзір.
Жансая Мұратбекова, стендапер:
- Спонсорлар сирек табылады бізге, болған күннің өзінде де, бір сумма жетпеуі мүмкін, тек жарты бөлігін ғана қамтамасыз ететіндей. Сондай кездерде өзіміздің ақшадан салады немесе гонорар алмаймыз. Сапалы контен ұсыну үшін, біз сондай құрбандыққа барып жатырмыз былайша айтқан кезде.
Еске салсақ, «Qazaq Stand Up» резиденттері Ғалымжан Жанықұлов пен Жансая Мұратбекова НТК арнасындағы «OZMZ ғой» бағдарламасының жүргізушілері. Жансайканың айтуынша, қосымша табыс болмаса, стендап күн көріске жетпейді.
Жансая Мұратбекова, стендапер:
- Стендаперлар... мен енді аналарды білмеймін десең. Мен «OZMZ ғой»-да жүргізушімін ғой. Сол жақта бар, сосын жаңағы рекламный интеграция солармен, басқа уақыттарда, бірақ басқа стендаперлер күн көре алмайды деп айта алмаймын. Актерский жағынан көрініп жатқандар да бар.
Ал, Алматыдан бастау алған «Qazaq Stand Up Tour» қазан айының соңына дейін Астана, Атырау, Ақтау қалаларында өтеді.