Айдана Шалқар, @aiudna
- Жылына 2 бөлімі қатар таспаланған толықметрді көрдіңіз бе? Мәселен, «Жыным сол» картинасы ақпан айында экранға ұсынылған болатын. Кассалық жиыны бойынша топ жарғаннан кейін, ізін ала киногерлер жалғасын таспалауды бастап кетті. Сиқырлы құмыраға қол жеткізген Рамазан Амантайдың осы жолғы тілегі қандай болмақ?
Рамазан Амантай, актер:
- Бұл андай бір бұрылыстары көп кино болайын деп тұр. Вроде адамдар Джин туралы боп жатыр-ау деп ойлап отырады да, негізі мүлде арнасы басқа жаққа кетіп қалады деген сияқты. Сол отбасыға деген сезімді дәріптейтін, әйелдердің жанкешті қасиеттерін көрсететін кино болайын деп тұр.
- «Жыным сол»-дың бірінші бөлімінде Жасмин соңында адамға айналған болатын. Осы екіншісінде соған акцент көбірек қоятын шығарсыздар, иә?
Рамазан Амантай, актер:
- Ой кәдімгі Жасмин деген хозяйка боп кетеді. Кішкене спойлер айтып қояйын енді. Мен келіншегім екеуміз отбасы мүшелері боламыз.
- Өткен жолы да біз аяғы ауыр Айжұлдызды көріп едік. Тағы да сондай образ екен. Өзіңіз осындай жасанды жүктілікке үйреніп қалған шығарсыз, иә? Ішіңіз кедергі келтірмей ме?
Айжұлдыз Адайбекова, актриса:
- Үйреніп қалдым мен. Менің ойымша, я сама это притягиваю. Таңғалмаңыздар, егер бірнеше айдан кейін шынымен де осындай жаңалық пайда болса, таңғалмаңыздар.
«Жыным сол»-дың сиквелы шытырманға толы. Мәселен, Адайбекованың кейіпкері лудоманиядан айыққан жұбайымен жаңа өмір бастайды.
Айжұлдыз Адайбекова, актриса:
- Менің кейіпкерім көріп тұрғандарыңыздай отбасылы жан болып күйеуін жақсы көреді. Бағалайды, қарайды, бірге жүреді. Жалпы отбасылық құндылықты көп көрсетеді бұл жерде.
- Соңғы уақытта байқап жүрміз, Рүстем Алмағамбетпен бірге көптеген видео жүктеп жүрсіздер инстаграмға. Соған сәйкес, комментарийлер де кездесіп жатыр сіздерді қосқан. Бұндай пікірлерге қалай жауап бересіз?
Айжұлдыз Адайбекова, актриса:
- Менің ойымша, бұл – өте жақсы пиар ход. Бір жағынан киноға, бір жағынан бізге, бір жағынан статистикаға. Сондықтан да біз береміз өнімді, ал жұрттар өзі ойлап табатын болады. Сөйтіп хайп пайда болады.
«Жыным сол» - фантастикалық колоритке көмкерілген картина. Мәселен, бірінші бөлімде құмырадан шығып, сиқырмен кейіпкерлердің өмірін өзгерткен Жасмин: «Енді одан аулақ боламын»-дейді.
Дина Тасболатова, актриса:
- Жасмин бірінші бөлімнің соңында адамға айналған болатын. Ол жынның рөлінде болмайды, сиқырмен айналыспайды. Жасмин – ғажайыпқа толы кейіпкер. Оның рөлі көрерменді ертегі әлеміне апарады.
Өнер иелері картинаның вайбына шынайы кіріп жүр ме? Егер олардың қолында фильмдегідей сиқырлы құмыра болса, қандай тілек айтар еді?
Айжұлдыз Адайбекова, актриса:
- Бірінші, жақындарымның аманшылығы, екінші өте үлкен байлық, үшіншіден, білмейм ұшқым келеді.
Дина Тасболатова, актриса:
- Бұл өмірде барлық адам бақытты болса екен деп тілеп, көп ақша сұрайтын едім.
Рамазан Амантай, актер:
- Отбасыма амандық тілер едім. Үшіншісі, «Ревю» бағдарламасы жасай берсін деп тілер едім.
Айдана Шалқар, @aiudna
- «Жыным сол 2» картинасының кезекті түсірілімі осылай жүріп жатыр. Бірінші бөлімінен асып түсе ме, жоқ па? Оны бокс-офис айқындайды.