Бурак неге Берік Айтжановқа бас иді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Дәл осы орында отырып, Бурак Озчивттің әңгімесін тыңдау үшін – 120 мың теңгеге қалтаңыз жұқарады. Билет құны – соңғы қатарларда - 25 мың теңгеден басталады. Солд аут деп айта алмаймыз. Дегенмен, мұндай қаражатты аянып қалмағандар да аз емес.

Бурак Озчевит елімізге осымен екінші мәрте келіп отыр. Актер бұған дейін 2015 жылы өзінің «Ask sana benzer» фильмін Алматылық көрерменге арнайы таныстырған еді. Араға 8 жыл салып киногер жанкүйерлерімен кездесті.

Тәуекел Мүсілім, актер, тележүргізуші:

- Осы кештің форматы сұқбат ретінде өтеді. Біз «Ne Prosto Orchestra» осы жерде өзінің өнерін көрсетеді. Бурак Өзчевит түскен барлық кинолардың саундтректерін орындап береді.

Кеш жүргузішісі Тәуекел Мүсілім болса, шараның шымылдығын «Алатау серілері» патриоттық әнмен ашты.

2 сағатқа созылған фан-кездесуде келген көрермен Бурак Озчевитке көкейіндегі сұрақтарын қойды.

Burak Ozcivit, актер:

– Тізбектей берсем, арманым таусылмас. Бастысы - бақытты болу. Сіздердің махаббатарыңыз мені қуаттандырады.

Бурак Озчивит Қазақстанды Берік Айтжанов арқылы таныды. Себебі, олар түсірілім алаңында бір жарым жылға жуық уақыт ортақ іс атқарды. Бурак басты рөлін сомдаған «Осман империясының құрылуы» телехикаясында әріптес болды. Найманды ойнаған Берік Айтжановқа Бурак бас иді.

Burak Ozcivit, актер:

– Берік ісінің кәсіби маманы, хас шебері дер едім. Найманмен тәжірбие алмасқаныма өте қуаныштымын. Шыны керек біз қас дұшпанды сомдасақ та, шынайы өмірде достасып кеттік.

Буракты таңқалдырғандар тізімі Берікпен тәмамдалмайды. «Осман империясының құрылуы» телехикаясының костюм департаменті толықтай – Қазақстандықтар. Шеберлердің жұмысына разы екенін айтады.

«Осман империясының құрылуы» телехикаясындағы кейіпкерлердің образдарын жасаған қазақ бауырларым. Өте талантты жандар. Мен қазақтарға басымды иемін, мықтысыздар!

Bibo, блогер:

- Бибо сені Бурак Озчевитпен кездесуде көремін деп ойлаған жоқпы, фанатысың ба?

- Менде ойлаған жоқпын. Мен жалпы «Ne Prosto Orchestra»-ға бұрыннан бері келіп жүреміз. Осы жолы да бізді түрік сериалдарының саундтректерін тыңдауға келдік. Бонусым Бурак Озчевитпен кездесу.

Фан кездесуде лотореяда бағы жанған 20 қонақ Бурак Озчевитпен жеке суретке түсіп, қолтаңбасын алуы тиіс еді. Алайда, халық ережеге бағынғысы келген жоқ. Буракты жан-жаққа жұлқып, жабайылық танытты. Өре түрегелген жұртты тіпті күзет те тоқтата алмады. Десе де, Бурак Озчевиттің өзі барынша сабырлы болуға тырысты. Оның тарапынан көрерменнің бұл қылығына жағысмсыз пікір айтылмады. Керісінше, әлі күнге әлеуметтік желі арқылы тек алғысын жаудыруда.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Қазақстан таспалаған тарихи фильмде ойнағым келеді! Бурак Озчивиттің армандарының бірі осы. Сондықтан, таяуда біздің кинодан актерды көріп қалсаңыз, таңқалмаңыз. Алғашқы ұсыныстар да түсіп үлгерген.