Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Бүгін Алматы аренада Ирина Кайратовнаның жеке кеші! Турдың тұңғыш шарасы. Әлі әлем бойынша 23 концерт күтіп тұр! Германия, Польша, Нидерланд, АҚШ, Канада. Мықты иә? Шоу, хореография, жанды дауыс және ыстық энергетика! Мұның бәрі ИК-лықтарға тән!
12 мың адам, солд аут. Концерт: кеште тәртіп сақтау туралы креативті нұсқаулық-видеодан басталды. Ары қарай, «Бәрін тастап» ғаламат шоуға ұласты.
– Қай әні ұнайды?
Bibomen, блогер:
– Осы кеш үшін, 1 ғана выступление үшін арнайы Ташкенттен келіп отырсың иә?
Рауан Романи, актер:
– Ташкентте қазір 65-ші международный кинофестиваль болып жатыр. Қазақстанның атынан диаспора болып бардық.
– Тура выступлениенің алдында келдің иә?
– Иә, 2 сағат бұрын. 1 сағаттан кейін қайтадан ұшам Ташкентке.
«Чина» клипі ютуб хостингінде 3 айда, 53 миллион қаралым жинаған. Ал тиктокта:
Рауан Романи, актер:
– Тиктокта 2 миллиард просмотр. Так что ол көптің қолынан келмейді. Біз өзіміз негізі шок болып жатырмыз. Көптеген тиктокерлардың өзі ондай просмотр жасай алмайды.
– Көшеде қалай жүрсің?
- Көшеде енді бұрынғыдай жүре алмайтын болдық енді... /смех
– Кім көбірек ұнайды? Өзінің харизмасымен, сахналық образымен?
– Алдик ұнайтын шығар. Алдик ұнайды.
– Алдияр Жаппарханов.
– Алдияяяр...
– Қай әнді тыңдауға келдіңдер?
– Ну, Иринаның бүкіл өлеңін жақсы көрем по идее ше.
Турдың алғашқы концерті үшін көрермен Қазақстанның түкпір түкпірінен арнайы келген. 2 сағаттан аса тапжылмастан трендтегі тректерді тыңдады.
– Концерттен кейінгі әсеріңіз?
Алдияр Жаппарханов, «ИК» тобының әншісі:
– Шаршадым. Рақмет барлықтарыңызға келгендеріңіз үшін. Бізді қолдап, уақыттарыңды қиып.
– 19 қазан «World tour» басталады. Ал «Біссімілләсін» яғни шымылдығын Алматыдан ашып жатырсыздар. Сахнада да айттыңыз: «Алматы – біздің шығармашылығымыздың бастауы болған қала»,-деп. Әлемдік турға дайындық туралы айта кетсеңіз?
– Менің ойымша әлемді турға біз дайынбыз. Себебі жаңағы концерттен кейін қазір енді өзіміз жиналып, қандай олқылықтар, қандай қателіктер жібергенін өзіміз талдаймыз.
– Ревю ньюста эксклюзив! Менің дәл қазір жанымда Ирина Кайратовнадағы Алдияр Жаппархановтың жары – Мадина. Концерт көңіліңнен шығып жатыр ма?
Мадина, Алдияр Жаппархановтың жары:
– Иә. Мен Алдиярдың уже көптеген концертінде болғам. Бірақ бүгін ерекше концерт. Өйткені олардың сольный жеке жасап жатқан концерттері.
– 19 қазан «World tour» басталады. Өзің барасың ба?
– Американың 4 қаласында концерт өткізген. Сол жерде мен болғам. Бірақ осы жолы бара алмаймын. Өйткені менде жұмыс. Бірақ ұлдарға сәттілік тілеймін.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Міне, осымен Алматыдағы концерт тәмәм. ИК-лық жігіттер 19 қазанда «World tour-ға» аттанады. Нью-Йорк, Чикаго, Тиблиси, Стамбұлдан бөлек Еуропаның 12 қаласында кеш өткізеді. Жігіттер, жанып тұрған үміттер! Сәттілік!