Айдана Шалқар, @aiudna
- Біз бүгін «Коко Джанбо» картинасының жабық көрсетіліміне келдік. Бұл – Жанболат Найзабеков таспалаған алғашқы толықметр. Одан бөлек, фильмде актер Салтанат Серкебаеваның ғашығының рөлінде. Олар нағыз махаббатты көрсете алды ма? Қазір бірге білетін боламыз.
Жанболат Найзабеков, актер, продюсер:
- Өте қатты уайымдадық. Кеше негізі 50 процент уайым Астанада сейілген болатын, енді қалған бір 50 проценті қалды. Бүгін Алматы ерекше қобалжытып тұр.
Салтанат Серкебаева, актриса:
- Өзімнің кином сияқты уайымдап жүрмін Жәкемен бірге.
- Ал бұл фильмге қанша қаражат жұмсадыңыздар? Бір қарызданып, қалған, минусқа кеткен кездер болды ма?
Жанболат Найзабеков, актер, продюсер:
- Жоқ ондай болған жоқ. Енді ақша жағы біраз көп қаражат жұмсалды. 100-ден жоғары деп айтсақ болады. Бірақ барлығы әдемі, өзінің орнын тапты.
Айта кетейік, Найзабеков жабық көрсетілімге қызу дайындалған. Пост продакшн, жарнамалық компания үшін де қаражатын аянып қалмаған. Себебі, бәсекелестіктен жүрексіндім дейді.
Жанболат Найзабеков, актер, продюсер:
- Бізге былай айтқанда жарнама көпке қажет. Өйткені кино көп шығып жатыр. Менімен бірге де кинолар шығып жатыр.
- Негізінде Салтанат Серкебаевамен сіздің араңыз 10 жастай айырмашылық бар. Бұл ғашықтардың рөлін сомдап шығуға кедергісін келтірген жоқ па?
Жанболат Найзабеков, актер, продюсер:
- Жоқ, бұл жерде менің ойымша, актерлық шеберлік деп ойлаймын. Ол ешқандай кедрегі келтірген жоқ.
Салтанат Серкебаева, актриса:
-Жас айырмашылығы туралы стереотиптерді бізде көп эстрада әншілері бұзып жүр ғой. Сондықтан тем более актерский ойын ғой бұл. Ондай жағынан ешқандай қиындық келтірген жоқ.
- Ал осы экранда көрермендерге нағыз махаббатты көрсете алдық деп ойлайсыздар ма?
Салтанат Серкебаева, актриса:
- Бізге ұнады. Кеше Астанада көрдік, бізге қатты ұнады. Өзім ойнап отырғанымды ұмытып кеттім. Прикиньте, басқа бір адам ойнап жүрген сияқты болды.
Жабық көрсетілімде Найзабековтің қабағы қатулы көрінді. Атаулы кешке қызу дайындалса да, уайымы бір сәтке сейілмеді. Соған қарағанда, продюсерлік еткен алғашқы толықметрі оны әбден әбігерге салған сынды.
- Осы фильмде өзіңізге ұнайтын ерекше кадрды айтып беріңізші
Жанболат Найзабеков, актер, продюсер:
- Айта алмаймын. Қазір ондай нәрсе айтатын жағдайда тұрған жоқпын, шынымды айтайын. Басқа күні болса, айтып берейін. Қазір вообще басқа нәрселерді ойлап тұрмын.
Жабық көрсетілімге келген танымалдар легі көп. Келген қонақтарды Серкебаева мен Найзабековтың ойыны қатты таңғалдырған.
- Бұл фильмнің басқа комедиялардан қандай ерекшелігі бар екен?
Марғұлан Әден, блогер:
- Мен естігем бұл кинода шынымен түрмеге барып түсірген. Негізі көп киноны түрмеге барып түсірмейді ғой. Оңай емес қой. Ал бұл жерде режиссер қалаған түрмеге барып түсірді.
Қабдол Тілеков, блогер:
- Тек қана комедия емес, бұл жерде ойландыратын, жылататын жерлері бар екен. Біздер енді ағамызды в основном әзіл жағынан көретін едік. Бүгін басқа да қырларын тамашаладық.
- Жаңа айтып жатырсыз жылайтын да сәттер болады деп. Көзіңізге жас келген сәт болды ма кинода?
- Жоқ, шынымды айтайын, көзіме жас андай келмей қалды. Себебі, мен ортасында бір шығып кеттім, обедте су көп ішкем ғой. Қарбыз жегем ғой достарыммен. Сол сөйтті да. Шығып кеттім да, қайтып келген кезде, сөйтіп ойым бұзылып кетіп отырды да.
Qanay, әнші:
- Қазір комедия толып кетті ғой Қазақстанда. Ерекшелігі – артық ырқыл-жырқыл жоқ. Бәрі өз орнымен әзілдер.
Романтикалық комедия түрлі колоритке толы. Саяси, қоғамдық, әлеуметтік тақырыптар көтерілген. Одан бөлек, «Өнер қырандары» театрының актерлары эпизодтық рөлдерде бой көрсетеді.
Меліс Жақыпберді, актер:
- Өткенде бір сұхбатқа барсақ айтып жатыр, қаншадан гонорар бердіңдер деп. Алдыңдар ма деп. Сонда таңғалып қалдық біз. Сол сұхбатта есімізге түседі ғой мә гонорар дегені несі деп. Біз Жанбо көмектесіп жіберші дегенге. Бізде ешқндай ой болған жоқ, одан ақша көру, одан жаңағы табыс табу деген. Тек таза бауыр ретінде көмектсесіп жіберу болды.
Айдана Шалқар, @aiudna
- «Коко Джанбо» кассалық жиыны жағынан көш бастап, блокбастерге айнала ала ма? Бұны уақыт пен бокс офис көрсетеді.