Қайрат Әділгерей, актер:
- Хотя бы кинода 1,2-ні түсірдік. Өте сәтті шықты, халықтың көңілінен шықты. Рекордқа сәл жетпей қалдық. Енді Құдай бұйыртса 3-ті түсіреміз. Яғни, финал. Осы «Хотя бы кино» деген тақырыпқа біз нүкте қоямыз. Бұйыртса январь айында, яғни қаңтар айында біздің сьемкамыз басталады.
Дариға Бадықова, актриса:
- Доминиканада түсіріледі 3 часть. Бұл жерде енді Олжас Абай, Қайрат және мен, басқа да құрам болады. Кішкене форматы ауысатын сияқты. Түсіріледі, жалпы инвестор да барлығы хабарласып қойды. Іштей дайындықтамын.
Айта кету керек, бұрын-соңды Кариб аралдарында Қазақстандық киногерлер фильм таспаламаған. Он миллионан аса халқы бар Доминикана Республикасына ұжым қыстың ортасында аттанады. Келер жылдың 25-ші сәуірінде картина үлкен экрандарға жол тартады деп жоспарлануда. Алғашқы және екінші бөлімінің релизі де дәл осы күні болған еді.
«Хотя бы кинода»-ның екі бөлімінің де прокаты сәтті болды. Тіпті, Тайландта түсірген комедия - 1 млрд 27 миллион касса жинаған болатын. Нәтижесінде, рекордтық көрсеткіштің шегіне жетуге аз ғана сумма қалды. Сол табыстың белгілі бір проценті актерларға тиді ме?
Дариға Бадықова, актриса:
- Өзім гонорарымды айттым. Бизнес класспен ұштым. Барғанда өте жақсы отношениеде қарады. Гонорарымды алдым, одан кейін фильмнан кейін өз рақметтерін айтты.