Айдана Шалқар, @aiudna
Бүгінгі локация-Red Carpet! Көріп тұрғандарыңыздай, дизайны өте ерекше. Біз дәл қазір алғаш рет өткізіліп жатқан «Almaty blog awards» алаңында тұрмыз. Әділқазылар жылдың ең үздік блогерлері мен медиатұлғаларын анықтайтын болады. Жеңіс кімге бұйырады екен? Дәл қазір бірге білетін боламыз.
Атаулы премияда 12 мың көрермен, 100-ден аса медиа тұлға бой көрсетті! Жұлдыздар «Black tie» дресс кодын берік сақтап, бренд киініп келген-ді. Сонымен, ең қымбат луктың иесі кім?
Мерей Әбілова, блогер:
- Бұны жақында алғандықтан, оны менің стилистім, яғни Димаш таңдап берді. 2 миллиондай болды.
Марғұлан Әден, блогер:
- Примерно 400 мың, 450 мың болады.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
- Мен қандай костюм болды, соны киіп келе салдым үйден.
Damelya Sweet, блогер:
- Ұйықтамай, 10 минуттың ішінде 30 минуттың ішінде боянып, 10 минуттың ішінде лугымды таңдадым.
Мадина Сәдуақасова, әнші:
- Мен үшін арнайы ойластырылған бұл фасон, бәрі , лекало мен үшін арнайы жасалған. Сондықтан болатын шығар бағасы нормально негізі.
Дархан Жолшыбеков, блогер:
- 5-те тұрдым да, тұрдым деген кезде не кием деп тұрдым да 2-3 киім тұр екен, сосын осыны кидім да шығып кеттім. 15 мин былай айтқанда
Daricorn, блогер:
- Мен сағат 4-ке дейін ұйықтадым. 4-те тұрдым да үйде не бар деп соны кие салдым болды.
Кешке келген қонақтардың назары қазақи нақышта өрнектелген кілемдерге түсті.
Дархан Жолшыбеков, блогер:
- Мынау сарыны байқадыңыздар ма? Нұрдәулет осылай болсыншы деп не тастапты, идея тастапты. Негізі сары кілем деп ойлап келдік біз, көріп керсінше жақсы күшті, өзіміздің сол қазақи. Мынау кілемдерді сосын не істейді екен?
Daricorn, блогер:
- Біреуін біз алып кетейік үйге, әдемі кілемдер екен.
Мадина Сәдуақасова, әнші:
- Менің ойымша, алғаш рет осындай кілемдер жасалып тұр. Текемет қой негізі.
NNN, блогер:
- Бұл премия негізі бірінші рет ұйымдастырылып жатыр. Қателеспесек, сіз де ұйымдастыруына атсалысқансыз иә?
- Мен атсалысқан кезде, атсалыстым иә. Бірақ қай кезде дауыс беру жағынан. Менің оқырмандарымның арасында қарапайым азаматтар көп, сондықтан да ұнаған блогеріне дауыс бергенін қаладым. Сондықтан да мен әділ сайысқа мен әрдайым қолдауға дайынмын.
Қазылар алқасында – Ләйлә Сұлтанқызы, Айгүл Мүкей, Дана Есеева сынды медиа тұлғалар болды. Олардың айтуынша, жеңімпазды таңдаудағы ең басты қағида – әділдік.
Ләйлә Сұлтанқызы, журналист:
- Қандай премия болмасын, ең бастысы әділ өткені жақсы. Одан қала берді, ең бастысы халықтың таңдағаны жөн. +01:09 Маған шынайылығы маңызды кім болса да. Себебі, шынайы ақпарат тарату, шынайы болу, оқырманмен жақын болу, дұрыс ақпарат ол өте маңызды.
Дархан Жолшыбеков пен Дарикорн «Family» номинациясы бойынша жеңіске жетті. Десе де жұлдызды жұп әділқазылардың таңдауына ренжулі.
Daricorn, блогер:
- Неге бір жерде ғанамыз деген ой болды десей. + 01:17 Мен неге «Артистта» жоқпын?, -деп қалдым.
Дархан Жолшыбеков, блогер:
- «Бизнес» номинациясы шынымен өте күшті бизнесмендер тұр да. Ал мен ол жаққа кіріп кетсем, мен тупо әншейін аудиториям бар ғой енді. Сол аудиториям келіп, осы Дархан күшті деп басып кете ма деп ойлады да. Негізі ол жақта бизнестен үлкен дәрежеге , нәтижеге жеткен кісілер тұр да. Сондықтан да кірмегеніме қуандым, обидно боп қалатын еді.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
- Негізі дауыс беруге қарасақ, сіз озатын сияқтысыз?
- Енді оқырман көп болғаннан кейін шығар, дауыс көп болғаны. Бірақ енді қазылар бар, олардың басқа ойы болуы мүмкін. Сондықтан ұтам ба ұтпаймын ба білмеймін, бірақ на всякий случай киініп келдім.
Аталмыш премияға арнайы лукпен сақадай-сай боп келген Еркебұлан «Үздік актер» номинациясы бойынша жүлделі болды. Одан бөлек, бұл кештен жақында ғана шаңырақ көтерген Жеканы да кездестірдік. Блогер «Юмор» марапатын иеленді.
Zheka, блогер:
- Жалпы бұндай премияларға менің отношениям екіталай. Өйткені, сондай мықты блогерлер арасында мені ғана таңдай салу ол біртүрлі деп ойлаймын. Бірақ сонда да үлкен рақмет. Бақыттымыз.
Ал, Дамеля «Fashion» және «Beauty» деп аталатын қос бірдей статуэткаға қол жеткізді.
Damelya Sweet, блогер:
- Негізі ол жаңа деңгейді көрсетеді Қазақстанның. Мысалы Ресейде, әлемде сондай номинациялар бар да. Бірақ Қазақстанда болмаған.
Айдана Шалқар, @aiudna
- Осымен «Almaty blog awards» өз мәресіне жетті. Әділқазылар оң шешімін жасады. Өз еншісін алып қайтқан медиатұлғалар да аз емес.