Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
«Үздік шет тіліндегі фильм!» Бүгінгі біз келген премьера
Германияда өткен кинобәйгеде тұсауы кесіліп, аталмыш номинацияда бақ сынады. «Пацаны» атты криминалды драмасын әлемдік киносыншылар қалай бағалады? Дәл қазір анықтайтын боламыз.
«Пацаны» картинасы Германия ғана емес, АҚШ, Япония кинобәйгелерінде арнайы көрсетіліген. Шынайы оқиғаға негізделген фильм бір аудандағы көше бұзақыларының тағдырын баяндайды.
Абдель Фифтибаев, режиссер:
-«Үздік шет тілдегі фильм» номинациясына бақ сынады иә қателеспесем, жүлде бар ма?
– Киносыншылар оң бағасын берді. Фильмнің форматын ұнатты. . Көрсетілімнен кейін 30 минуттай талқыладық. Режиссер ретінде мамандардың ойын білу аса маңызды.
Криминалды драма 2 жыл таспалаған. Әуелгі мақсат – кинофестивальдерде бақ сынау.
Ерлан Құлмұрзин, актер:
- «Пацаны» жобасы бұл енді жай ғана коммерческий жоба емес, бұл фестивальный кино деп жатыр, жобаға қалай тап болдыңыз ?
- Бастапқыда мен қосалқы рөлге бекітілген болатынмын. Одан кейін басты рөлге көрген соң Муха есімді персонажды ойнап шықтым.
- Халықаралық фестивальдерге бардыңыз ба ?
- Иә біз бұл фильммен Германияға бардық, Японияға бардық, Америкаға. Бірақ қазір жауап күтіп отырмыз, әзірге ештеңе белгісіз.
Алматыда өткен жабық көрсетілімге әнші Аяу да келді. Тағыз кестесінен уақыт тауып, кино көрсетілімге бас сұғуы бекер емес. Әнші премьераға өзінің сүйіктісін қолдауды көздеген. Бүгінде музыкалық чарттарда трендте жүрген Аяулым Құсайынның ғашығы фильмде бой көрсетеді. Ол - Дидар Төлеген есімді жас актер.
Дидар Төлеген, актер:
- Дидар сізді премьерамен құттықтаймын. Бір қызығы бұған дейін үлкен метрлерден көрген жоқпын толықметрлерден әлде мен қателесіп тұрмын ба ?
- Бұған дейін болды бірақ ол фильм біз Россиямен Казанмен бірге түсірдік Татарстанмен. Олар қазір фестивальда кішкене қыдырып жүр ол фильм.
- Бұл жолы да «Пацаны» фестивальный кино. Өзіңіздің таңдауыңыз ба тек осындай фильмдерге түсу, әлде коммерциялық жобалардан ұсыныстар жоқ па ?
- Жоқ менің таңдауым емес, бірінші сценарий ұнаса жалпы, команда ұнап жатса түсе береміз.
Дидар Төлеген бүгінде кинода ғана емес, театрда да қызмет етеді. Актер Астана қаласындағы «Музыкалық жас көрермен» театрында жылдан бері өнер көрсетеді.
Дидар Төлеген, актер:
- Қыздарға келуге кеңес беретін бе едіңіз ?
- Бұл фильм қыздар жігіттерін алып келетін фильм.
- Ал өзіңіз, өзіңіз сүйіктіңізді алып келдіңіз ба ?
- Иә ол кісі осында жүр.
- Құпия болмаса ол кім ?
- Оны айтпай-ақ қояйын.
- Не себепті жасырасыз ? Танымал адам ба ?
- Жасырғанда емес енді ол сыртқа айтпаған жақсырақ қой негізі.
Дидар сұқбатта Аяумен қарым-қатынасын жасырып қалғысы келгенімен, меймандар арасында сезімдерін ашық көрсетіп жүрді. Тіпті, Аяу сүйіктісіне «Үздік актер» жазуымен Оскар сыйлығын тарту етті.
Абдель Фифтибаев, режиссер:
Бір қызығы актерлық құрам өте қатты танымал емес сияқты...
-Мақсатымыз жаңа бейнелерді ашу болды. Оған қоса кастингке топ актерлар де келді. Бірақ біз танымалдарды емес, көрерменге бейтаныс актерларды таңдадық.
Шыңғыс Бейбітұлы, актер:
- Ұнады ма фильм ?
- Былай айтайын мен үшін бұл күшті кино болды, себебі 90 пайыз бізде шығарып жатқан киноларға қарағанда ерекшеленеді. Жанры бөлек өте қатты ұнады.
- Қай кейіпкердің образы есіңізде қалды ?
- Маған Ерлан деген актер ұнады, кейіпкер, кейіпкері кім болды ? - Ерлан деген актердың кейіпкері Муха иә Муханың кейіпкері қатты ұнады. Прям каеф.