Тәуекел Мүсілім соңғы 1 ай Өзбекстан елінде түсірілімде жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тәуекел Мүсілім соңғы 1 ай Өзбекстан елінде түсірілімде жүр. Өзбек кинопродюсерлері бұл рөлді актерға арнайы ұсынған. Драма мен экшнға толы толықметр оның көңілінен бірден шығып, Ташкентке тартқан.Фильм шынайы оқиғаға негізделген.

Тәуекел Мүсілім, актер:

– Жалпы кино үш қаһромон, үш қаһарман туралы. Негізі шекара шебінде кезінде бір жағдай болған. Үш шекарашы ерлік көрсеткен.

Тәуекел туындыға ұзақ дайындалған. Тіпті каскадерлардан бас тартқан. Барлық қиын трюктарды Мүсілім-тегі өзі атқарып жатыр. Қала берді, экшн сахналарды қазақстандық «Nomad stunts» каскадерлар тобы қоюда.

Тәуекел Мүсілім, актер:

–Менің кейіпкерімнің есімі – Азот. Жалпы киноны айтатын болсақ, бұл жерде біз бандиттерге қарсы тұрамыз. Кино толық экшнға толы. Ішінде төбелесі бар, атысы бар, қырылысы бар. Одан бөлек, машинамен қуатын жерлері бар. Өте қызықты.

Тәуекелдің дублер мен каскадерлардан бас тартуының бірден бір себебі, актерлық жолда шыңдалумен қатар, өзінің бала арманын орындау екен.

Тәуекел Мүсілім, актер:

– Жалпы өзіміз бала кезімізде Джеки Чанның, Жан-Клод ван Даммның киносын көрген кезде қатты еліктейтінбіз соларға. Әрбір мүмкіндік түскен кезде, экшны бар сахналарға түскім келеді және осы жобада сол нәрсе бұйырды.

«Үш қаһарманның» бірі өзбек елінің танымал актеры – Ұлықбек Қадыров. Тәуекел: Ұлықбекпен сахналас болғаныма қуаныштымын,-дейді. Одан бөлек, Мүсілім-тегі өзбекшені де ақырындап үйреніп жатқанға ұқсайды.

Тәуекел Мүсілім, актер:

– Жалпы кино өзбек тілінде түсіріліп жатыр. Бір, сөзі көп емес сахна болса өзбек тілінде айтам. Ал үлкен тексты бар сахна болса, ол жерін орысша айтып, артынша дубляждайды өзбек тіліне.

Кинопродюсерлер толықметрді халықаралық деңгейде дамытуды көздеп отырғанға ұқсайды.

Тәуекел Мүсілім, актер:

– Киноның шығатын мерзімі күз айында. Барлық Өзбекстанның елінде көрсетіледі және одан бөлек Қазақстан елінде, Қырғыстан елінде және Түркия елінде деген болжам бар. Әзірбайжан елінде көрсетеді. Сондықтан күтіңіздер. Керемет жақсы дүние болады. Барлықтарыңызды кинотеатрда күтеміз. Келіңіздер!