Нұрлан Қоянбаев «Ninety One -ның» концертіне құны 1 миллион теңгелік билет алған ба?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

- Бүгін мен құны 1 миллион тұратын концертке келдім! 1 миллион, Карл! «Ninety One» тобы жеке кешінің солд-аут болуына байланысты, қосымша vip билеттерді сатылымға шығарды. Оның да бірде бірі қалмай сатылып кеткен. Мұндай соммаға тыңдарманға қандай жағдай жасалмақ?

«Ninety One» тобы:

- Випта бүгінгі біздің қонақтар яғни бір жерге келеді. Ана отыратын жеріне дейін апарады бірге соправождение болып Сосын столда отырып олар «ахаххаха» деп тамақ жейді, әңгімелеседі, көңіл көтереді, диджейге арасында қарап қояды, сосын барып 91 шығады.

Әден Марғұлан, продюсер, блогер:

- Вип зонаға жағдай жасалып жатыр, тамақ фуршет бәрі тұр, күшті екен. - Қазір қарасам бәрі сатылған сияқты, бір миллионға.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

- Миллион теңге тұра ма не ? Онда ақшасын шығарып, тамағын жеу керек десең.

Әден Марғұлан, продюсер, блогер:

- 10 адам 100 мыңнан, скай бокста отырады.

«Ninety One» тобы:

- Бағаны қою саясаты толыққанды бізге байланысты емес.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

- Сізді 91-дің фанаты деп ойламаппын?

- Менің бала шағам жақсы көреді, қызымды, ұлымды алып келдім.

«Ninety One» тобы:

- Университетте оқу 4 жыл ғой. Магистратура 2 жыл. Доктарантура 2 жыл ғой иә. Сонда біз доктор найнти уанских наук болып. «Ninety One» ғылымдарының докторларымыз.

Ерболат Беделхан «Найнти уанды» құрғанына - 8 жыл! Туған күндеріне орай тыңдарман алдында есеп беру кешін жасаған мемберлер өнердегі әкелерін ұятқа қалдырмауға тырыстық дейді.

«Ninety One» тобы:

- Ерболат аға сәлеем! Сәлеем папа! Барынша Ерболат ағаның қойып берген негізі жолынан аса қатты таймай, жинап берген абыройын шашпай барынша шыдадық деп ойлаймыз. 8 жылдың іщінде біз өте өте қатты өстік және біз махаббатқа толдық деп айта аламын.

Концерттегі сахналық образдар, ерекше қойылым, декорация, жарық барлығы дерлік жоғары деңгейде. 91-лік жігіттер бұл кеш үшін шетелден арнайы режиссер шақыртқан.

«Ninety One» тобы:

GAP турға оралсақ, концерт өте жоғары деңгейде өтті.

Режиссері негізі Сергей мен Ерослав деген жігіттер. Әйгілі режиссерлар, сахнаны керемет түрде көрсетіп, бізге бір жаңашылдық алып келді. Негізі бізге бұл өте бір андай күшті эксперимент болды.

«Ninety One» тобы:

- Альбом жайлы бір екі ауыз сөз қозғап кетейік..

- Негізі альбом арқылы айтқымыз келген әңгіме көп. Әр адамның өмірі ол өзінің таңдауы деген. Ал таңдау жасаған кезде, әр таңдаудың артында бір гәп бар.

«Ninety One» тобы:

- Эйс пен Бала бойдақленд. Сіздер Eaglez-ға қашан жеңге немесе келін сыйлайсыздар ?

- Әлі белгісіз міне, найнти уанның жұмыстарынан бөлек қаншама осы жас бойдақтарды күтіп тұр. Сондықтан біздің әлі алар асуларымыз өте көп.

- Мен айтып кеткендей уақыт жоқ бейби.

  • Жігіттерде уақыт бар ғой?
  • Білмеймін соны қалай істейтінін, мен бірнеше рет сұрадым, бірақта дұрыс түсіндірмеді ау деймін. Білмеймін қазір көтеріліп кетіп, кішкене ақша көбейіп, қиындап бара жатыр барған сайын иә.

«Ninety One» тобы:

- TikTok-та бір жаңалық шықты сіздер тікелей эфирде демалысқа кетіп бара жатырмыз дедіңіздер. Eaglez дұрыс түсінбей қалды кейбіреуі. Сол үзіліс туралы айтып беріңіздер, ұзақ уақытқа кетесіздер ме, қашан ораласыздар ?

Жалпы үзіліс деген нарсе, 3 жыл ?

  • 3 жыл? Саудаласайықта.

Үзіліс жалпы негізінде біз үшін, негізі бірінші кезекте өзіміз үшін керек. Кішкене демалып алу керек. Бәлкім жарты жыл, бір жыл, екі жыл, үш жыл ешкім білмейді. Коллабарациялар, әртүрлі жаңағы фесттер, тағы басқа нарселер, ондай заттар қала береді.

«Ninety One» тобы:

Бірдеңе істейміз одан кейін камбэк, келеміз оның бәрін көрсетеміз, жаңағы қорытамыз тағы бірдеңе, турды айналып шығамыз, әрі бері, қайттан кетемізда қайттан жазамыз. Сол сүйтіп жүргенімізге 8 жыл болды. Иә Бала мысалы міне шашы қарайып кетті, ааааа сол..

9 мың тыңдарман жиналған концертте әрбір иглз бойзбендтің әндерін қосыла шырқады. 91-дің фанаттары арасында Жансерік Қадырбаев, Әден Марғұлан да бар. Жігіттер кеште «Revue News» бағдарламасындағы жүргізушілік қызметтерін еске алды.

Әден Марғұлан, продюсер, блогер:

Жансерік Қадырбаев, блогер:

- Сізге несі ұнады мына концерттің?

- Не несі?

- Ия мына концерттің сізге несі ұнады?

- Аузыңызды ашып ашып сөйлесеңіз жарай ма?

- Е мынаны кесіп тастайды қазір...

- Енді жігіттер өте щепитильно дейді ғой, әрбір детальна мән беріп дайындалғандары көрініп тұр.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

- Бүгінгі Алматы аренаға келген әр eagles-ға оттегі жетіспегені анық. Себебі, «Найнти Уан-дық» жігіттер сахнаны өртеп тастады!

Жансерік Қадырбаев, блогер:

- Міне Найнти Уан, Найнти Уан деп айқайлап отқан әрбір жасқа әрбір балаға, әбір қызға, кәдімгідей жүректеріне бір мейірім оятатындай дүние жасап жатыр жігіттер. Жігіттер сәттілік, мен мына Сарыкемер ауылынан кеп тұрмын.

- Сіздермен болған НТК арнасы ревю Ньюс Әден Марғұлан және Қадырбаев Жансерік.