2 қыркүйекте, Орталық стадионда «Сoke studio festival Аlmaty» өтпек! Хедлайнер – Jah Khalib!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Біз күздің ең ауқымды музыкалық мерекесі – «Coke Studio Festival Almaty-дамыз»! 8 сағаттық тоқтаусыз музыка, 24 мың көрермен, әр келген қонаққа 2 бөтелке Сoca cola сусыны беріледі. Қала берді, бірнеше фото аймақ бар. Түрлі ойындар мен сыйлықтар болады.

Орталық стадион алдындағы «Coca-cola-ның» логотипі бар, қанық қызыл түсті алып құлаққап инсталяциясының жанында жастар фотоға түсіп, бренд ұсынған сусындардан тегін дәм татты. Қала берді «Қалдықсыз қоғам» аймағы да болды. Онда еріктілер, қонақтарға қалдықты қалай тастау керегін түсіндіріп, үш бірдей контейнер орнатқан.

Сымбат, «Coke Studio Festival Almaty» еріктісі:

- Бұл сұрыптау аймағы. Мұнда макулатураларды, мына жерге бөтелкелерді, ал мына бакқа басқа да қалдықтарды саламыз. Кейін бұның бәрін өңдеуге жібереміз.

Жоғарғы сападағы музыкалық колонкалар, алып мониторлар, coca cola стилінде өрнектелген әдемі сахна. 9 сағаттық кеш, ютубта «Coca-Cola Kazakhstan» арнасынан тікелей трансляцияда көрсетілді. Концерт жүргізушілері: актриса, әнші, блогер, НТК арнасының бет-бейнесі – Анар Батырхан мен «Спарта» КВН командасының капитаны, актер – Данияр Жұмаділов болды.

Кеш шымылдығын өзінің ерек дауысымен Arhsat ашты. Келген қонақтар оның әр әнін қосыла шырқады.

– Неге? Неге? Неге? Неге?

Arshat, әнші:

– Балға мен шеге...

  • Қалайсың?
  • Жақсы шүкір, өзіңіз қалайсыз?
  • Шүкір! Образ деген, сахналық образ деген сұмдық.

– Шыны керек, мен дайындаған жоқпын. Негізі мен әдеттегідей қара, серый киюші едім. Бүгін кока коланың представительдері осындай образ маған дайындап берген екен.

  • Шұлық деген?
  • Шұлық деген топ! Қазақи, ою өрнегі бар.

– Концерт ұнап жатыр ма?

Razziyuwa, блогер:

– Өте, өте. Топ! Күшті прям, молодцы.

Аяу да көп күттірмей сахнаға шықты. Әліге дейін трендтерден түспей келе жатқан «Сыбырлайын» трегі орындалғанда, стадион әдемі әсерге бөленді. Қала берді Аяулым кеште тағы бір туындысын паш етті.

– Жаңа ғана «Кел, кел» деген трегіңнің тұсауын кестің. Кім келуі керек еді?

Ayau, әнші:

– Ешкім деп па? Жоқ, әрине менің тыңдармандарыма арналған. Кел, кел. Келіңдер барлықтарың, мен өнер көрсететін концерттерге.

– 24 мың көрермен қалай қабылдады?

Qanaу, әнші:

– 24 мың көрермен өте жақсы қабылдады. Потому что ана жерде 24 мың көрерменнің аурасы білінеді кәдімгідей. Мысы басады кәдімгідей.

– Альфа, Альфа деп жаңа 24 мың тыңдарман стандионды басына көтерді десек те болады. Жалпы өздеріңнің әсерлерің қалай фесттен алған? Сахнадан алған?

«Аlpha» тобы:

– Өте тамаша. Өте керемет. Халық өте ашық, энергетикаға толы. Сол үшін бізге де жеңіл болды.

– Аkha сәлем! Coke fest-тің атмосферасы, аурасы ұнап жатыр ма?

Akha, әнші:

– Иә, өте керемет кеш болып жатыр. Келмей қалған адамдар... Блиииин...

Кеш соңында өзінің хит тректерімен сахнаға Jah Khalib шықты. Баха 11 трек орындады.

Халық, концерт хедлайнерлері – Аrtik&Asti-дің барлық әндеріне биледі, видеоға түсті, әр сәтті қалт жібермеуге тырысты.

Кештің әдемі нүктесін «Грэмми» сыйлығының иегері – диджей Афро Джек қойды. Оны мыңдаған адам орындарынан тапжылмастан күтті. Сөзбен айтып жеткізе алмайтын атмосфера орнады. Тіпті, 9 сағаттық фестиваль соңында көрермен саны - 28 мыңнан асып жығылды.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Міне, осымен Алматы тұрғындары мен қала қонақтары үш ай күткен «Coke Studio Festival Almaty» өз мәресіне жетті. Жоғары сападағы музыка, трендтегі тректер, атақты әртістер, түрлі интерактивтер – бұл кешті көрермен көпке дейін ұмытпасы анық.