Блогер Анель Кенжебекова енді әнші атанбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алдымен блогер, одан соң актриса, енді әнші. Иә, Анель Кенжебекова таңғалдырудан жалықпайды. Сторис жүктеуден де, киноға түсуден де қолы босамайтын ару енді ән салуды қолға алмақшы.

- Стористеріңнен көріп жүрміз қазір вокалға барып жүрсің. Демек, жақында ән шығарасың, иә?

Анель Кенжебекова, блогер, актриса:

- Иә, мүмкін. Мүмкін емес, негізі шынымен де қазір процесс болып жатыр. Өзім интервьюда айтқан болатынмын, 1 жыл бұрын сол өлеңді шығарғым келді. Тағы бір жағдайлар болды, анау болды, мынау болды деп ұзаққа созылып кетті. Енді бұйырса, осы жылы міндетті түрде. Бұйырса, осы 1 айда шығып қалуы мүмкін. 1 айдың ішінде.

Кенжебекованың тосын жаңалықтары бұл ғана емес. Бұдан бөлек, актриса күн сайын стористерін гүлмен көмкеріп жүр. «Қыз көрейік, қыз көретін жігітті біз көрейік» - деп Анельядан гүл шоқтарын толассыз беріп жүрген сері жайлы сұрап көрдік.

- Сторисіңнен тағы да көріп қалдық жиі-жиі букет гүлдер кеп тұрады. Егер құпия болмаса кімнен?

Анель Кенжебекова, блогер, актриса:

-Жеке өмір болғаннан кейін кішкене жеке болсыншы. Үлкен болғаннан кейін әзірге енді осылай құпия бола тұрсын.

Осылайша, сылқым гүл шоқтарын сыйлайтын белгісіз серінің атын атап, түсін түстемеуді жөн көрді. Десе де Анельге бақыт тілейміз.