Осыдан үш ай бұрын шаңырақ көтерген Qanay-ды келіншегінің қасынан емес, түсірілім мен фестивальдардан жиі кезіктіруге болады. Нұрболат жарына уақыт таба алмай жүр ме? Ол қандай шетелдік әртіспен фит жазып жатыр? Сымбат Сағындық сұқбаттасып қайтқан болатын.
– Қанайдың үйленгеннен кейінгі бұл алғашқы сұқбаты. Бізде эксклюзив вообще то да? Үйленгелі, шаңырақ көтергелі, үнемі съемкадасың, осындай фесттердесің. Келіншегіңе көңіл бөле алып жүрсің ба? Внимание деген маңызды ғой қыздарға.
Qanay, әнші: – Конечно, конечно. Одан алыс болған кезде, гострольде жүрген кездерде мен внимание бөлетін нәрселерді жіберіп тұрам. Келген соң екі-үш күн, бір күндік демалысымды полный 24 сағат соған арнаймын. Достарыма айтқам мен: 30-ға дейін сендердің қастарыңда болдым ғой. Ары қарай маған мешать етпеңдер дедім.
Қанайдың таңдауы, Жетісайлық 2001 жылғы Айдана есімді сұлу. Олар тек үш рет кездесіп, шаңырақ құрған.
– Неге инстадан фотоларын алып тастадың?
- Кімнің?
- Келіншегіңнің? Фотосы жоқ мүлдем.
Qanay, әнші:
– Мен фотосын салғым келмейді. Салынады ғой негізі, былай көп сала бергім келмейді.
Qanay-дың жеке өмірінде де, шығармашылығында да өзгерістер өте көп. Мысалы солардың бірі жақында ғана Кисло-сладкиймен жасаған коллабы.
– Кисло-сладкиймен жақында фит жаздың.
– Атты ма?
Qanay, әнші:
– Атсын, атпасын ол күндердің бір күні атады. Потому что Кисло-сладкийдің өзінің вайбы бар. Өте талантливый жігіт. Мен ол кісіні мойындаймын. Алла қаласа атады. Просто біз екеуіміз бір сахнада шықпадық. Понимаешь, бір сахнада шыққан жоқпыз. Бір выступление де болған жоқ. Егер бір выступление болса, білмеймін екі жынды қосылды болайын деп тұр не болса да.
– Тағы кімдермен фит болады?
Qanay, әнші:
– Фит Еркешпен шықты. Бұйыртса Аргониямен болады.
– Потом баяғы рэптің основательі Жақау дейтін кісімен болады. Сосын тағы да бір кісімен болады шетелдік.
– Шетелдік? Айтшы? Бірінші әріпін?
- Дж, Дж...
- Джа Калиб?
- Нет.
- Джейсон Деруло?
- Айтуға болмайды. Ертең саған эксклюзив берем. Жазып алайын бірінші.