«История, в которой нет ничего хорошего»! Бұл - Данияр Алшыновтың кинопродюсерлігімен таспаланып жатқан фильмнің атауы. Актер жобаның тізігін ұстап қана қоймай өзі басты рөлді сомдайды. 10 жылдан астам кинонарықта жүрген Алшынов «айтарым бар»- дейді.
Данияр Алшынов, актер, продюсер:
–Көңіл көншітерлік ұсыныс түспей қалды. Сондықтан, өзім білек сыбана кірістім. Шығармашылықтың шегінде жеткен кезде, актерлар өзінің сомдағысы келетін рөлі үшін, өздері фильм түсіре бастайды. Бұл қалыпты жағдай.
Даниярдың бастамасы жанрымен ерекшеленбек. Туындыда нео-нуар, руд-муви элементтері қосылған криминалды нео-вестрен болмақ. Мәселен сценарий «Однажды в Америке», «Зеркало», «Славные парни», «Драйв» сынды культ фильмдерге ұқсас.
Бір қызығы Данияр кинопродюсер ретінде дебютант болса, түсірілім тобы мен актерлық құрам да тәжірбиесі аз мамандар. Алшыновтың айтуынша команда тек студенттерден құралған. Сондықтан Данияр барлығын өзі үйретіп, оларға ұстаздық еткен.
Данияр Алшынов, актер, продюсер:
–Кіл жастардан құралған командамен іс бастауға әрине жүрексіндім. Бірақ олар талантты, креативті маман екендерін дәлелдей алды.
Лентада сондай-ақ, - Тәуекел Мүсілім бой көрсетеді. Картина әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді. Режиссері - Әліби Мұқышев.
Әліби Мұқышев, режиссер:
– Фильм арқылы барлық қалыптасқан қағидалардан барынша алшақтағым келді. Көрермен тек «happy end» күтеді, ал біздің туындыда оқиға қалай бар солай көрсетіледі.
Әліби үшін бұл алғашқы толықметр. Режиссер сценарийді де толығымен өзі жазған. Еске салсақ, бұған дейін ол талай кипнофестивальдерде қысқаметражды туындылармен топ жарған болатын.
Әліиби Мұқышев, режиссер:
– Қазақстандық кинематограф –жаңа мүмкіндіктерге толы алаң. Бірақ өкінішке орай тек бірнеше жанрмен шектеліп қалған. Кинонарықты барынша ерекшелеу, ұлттық жанрды қалыптастыру - мақсатым. Әр елдің ұлттық бағыты бар, бізде де солай болғаны қалаймын.
Данияр Әділхан Ержановтың авторлық жобаларының арқасында талай халықаралық кинофестивальдерде «үздік актер» атанған болатын. Енді Алшынов өзінің төл туындысын А-санатындағы «Канн», «Сан-Себастьян», «Венеция» да кинобәйгелерге жібермек.