Мадина Дәулетқызы, @makeshi:
- Дәл қазір мен ашық аспан астындағы пикниктемін. Мұнда ерекше вайбты байқай аласыз. Алматының тең жартысы осы жерде десек артық айтпаспыз. Тіпті олардың арасында шоу бизнес өкілдері де жетерлік.
Esquiar пикник – бұл жолы да жарты Алматыны алаңына жинады. Отбасылық демалысын өткізуге «All давайлық» Шоқан Маратұлы да келген екен. Сахнаны бизнеске алмастырғанымен, әншілік мансабым тәмамдалмады деп отыр.
Шоқан Маратұлы – «All давай» тобының әншісі:
- Шоқан, мен байқауымша сіз жыл сайын осы пикникке келесіз, қалдырмайтын сияқтысыз ?
- Бұл пикникке соңғы екі жыл қатыса алмадым. Бірақ осы жолыұйымдастырушылар арнайы шақырғандықтан келіп отырмын. Осыған дейін гастрольдік сапарлардан қолым босамайтын. Маған бұл пикниктің форматы өте қатты ұнайды.
- Қандай жаңалықтарыңыз бар өзіңіздің ?
- «All Давай»сахнаға қайта оралады. Жақында мен жаңа трегімді жарияладым. Бұл «All Давай» тобы қайтадан хит әндер шығарады деген сөз. Алдағы уақытта бізді ұмытуға әлі ерте екенін көрсететін боламыз.
Көп назарына жиі түсе бермейтін актриса – Рано Умарова да бұл кештен қалыс қалмады. Табиғат аясында өтетін пикникке актриса биік өкшелі аяқ киіммен келген. Дегенмен: «Еш ыңғайсыздық тудырып жатқан жоқ. Үйреніп кеткенмін»,-деп күлді Рано.
Рано Умарова, актриса:
- Өзіңіз кіммен келдіңіз бұл пикникке ?
- Мен бүгін құрбыларыммен бірге келдім.
- Өте керемет болып тұрсыз, биік аяқ киіммен келіпсіз неге ?
- Бүгін пикникке көйлек пен осындай биік өкшелі туфли киіп келдім. Есесіне ұзын болып көрінемін.
Кештің басты хэдлайнерлері – Золото. Хит тректердің авторы «Прикоснись ко мне», «Золототонны» сынды туындыларын электрогитармен жанды дауыста шырқап, шаршаған жұртты бір сергітті.
Осы жылы Apple Music чартында топ жарған әнші Ayau – эскуайр пикниктің кезекті хэдлайнері. Ол аз уақытта трендке айналып үлгерген «Сыбырлайын» трегін және Mdee-мен бірге «Basqany» туындысын шырқады.
Ayau-дың нәзік үнін LIILI өз стилінде жалғап, сахнаға ерекше рең берді. Осыдан бір жыл бұрын өзінің «HOT» трегімен Ким Кардашьянды, Роузи Уайтлиді таңғалдырған әнші сахнада өзінің расында «от» екенін көрсетті.
Кеш қонақтары арасынан «Қағаз кеме» телехикаясымен көзге түскен Олжас Тоғымбет те табылды. Жаңалықтары жетерлік. Ол «Netflix» таспалаған «Тамерлан» тарихи туындысының түсірілімін, жақында ғана аяқтаған екен. Олжас голливудтық актердың дублеры болыпты.
- Негізі мұндай жерлерде сізді жиі көре бермеймін мен өз басым.
Олжас Тоғымбет, актер:
- Иә себебі уақытым жоқ, біресе шет елден, біресе съемка алаңында.
- Шетелде съемка алаңындамын деп қалдыңыз, қандай жаңалықтарыңыз бар ? Қазір қайдасыз, не істеп жүрсіз?
- Осы жақында нетфликске арналған, Темирлан деген киноны аяқтадық. Үш төрт ай жұмыс жасадық сол жақта. Өзбек бауырластармен десек болады, Nomad Stunts тың өзі жұмыс істеді. Мен Американдық актердың дублеры болдым. Бірақ бұл менің Кристиан Мортенсен және Махеш деген Ведьмакта ойнаған актер болды. Ол 2014 жылы осы Марко Поло да түскен. Төрт бес голливудтық актер болды.
Мадина Дәулетқызы, @makeshi
- Осымен бүгінгі күннің қызықтары тәмам. Ал аталмыш пикник күзде де болатынын еске саламыз.