Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
– Еркебұлан Тоқтар - альфонс! Бақуатты отбасының қызын жар қылып, долларларға көміліп отырмақ! Ал, ол қалталы қыз – Тамирис Жанғазина! Біз бүгін түсіріліміне келген «Байдың қызын аламын» картинасының синопсисі осы! Басты рөлде біз атаған екеу!
– Бұл жолы ауылдың қарапайым баласысың.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
– Иә. Кейіпкерім ауылдың баласы, байдың қызын алғысы келеді. Солай бүкіл проблемасын шешкісі келеді.
– Яғни жеңіл жолмен қыз іздеп жүрсің ба, жеңіл ақша табу үшін ?
Еркебұлан Тоқтар, актер:
– Жеңіл жүрісті жігіт қой.
Еркебұлан Тоқтар интрига ұғымымен егіз! «Екі биені игеру оңай емес» деп елді елітіп қойды. Бірақ, бұл көп ойлағандай дүние емес. Жәй ғана кинодағы кезекті махаббат сахнасы. Тамирис Жанғазинова екеуін ортақ картина ғана байланыстарды екен.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
– Осы сьемканың барысында Тамириспен түсіп жатырмын. Томирис и Ақеркемен түсіп жатырмын сол екеуімен ғана и то историяға бір рилс бір қалған бәрі история болды ғой. Пост қылып салмаймын енді особо, өзім солай үйретіп қойғанмын қыздарды резонанс жасайтындай. Сондықтан сондай реакция бар шығар.
– Бірақ дегенмен жүрегің бос ?
Еркебұлан Тоқтар, актер:
– Жүрегім бос. Мен соңғы үш жыл болды ешқандай қылтың сылтың жоқ, жұмысқа жұмыс ретінде қараймын. Бұрын енді жас кезімде жастау болған кезде, жоқ жастау одан жас жас кезімде кішкене партнерлармен заигровать етіп, ойнап күліп может бір жүргім келіп сондай болатын болса.
– Өзің сценарий барысы сияқты бай қыздарға қарау қалай жоспарда жоқпа ?
Еркебұлан Тоқтар, актер:
– Бай қыздарға қарағым келмейді шынымды айтсам. Бай қыздармен білмеймін мен сөйлесе алмаймын, өзі бай болмағаннан кейін ба дегенсің ба де. Маған может сондай бай қыздар түскен шығар. Бір екі бай қызбен неғылғам араласып көргем.
Еркебұлан дәулетті қыздармен сөзім жараспайды дегенімен, кинода ауқатты отбасынан шыққан арудың қыр соңынан қалмай қаратып алуы тиіс. Бай қыз – Тамирис Жанғазина.
Ал, өзімен терезесі тең, ортаңқол отбасының қызы рөлінде - Ақерке Назарбекова. Еркебұлан осы аруды шынайы сүйіп қалады.
– Өткенде Жахан Отарғалиевтың туындысында басты рөлде көрген едім өзім. Енді бұл жобаға қалай тап болдың?
Ақерке Назарбекова, актриса:
– Шақыртумен келдім.
– Негізі өзің актрисалықты оқығансың ба?
Ақерке Назарбекова, актриса:
– Жоқ мен қазір Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының төртінші курс студентімін. Осы бір екі үшін күнде бітіремін бұйырса. Эстрадалық вокал.
– Ән айтпайсың бірақ?
Ақерке Назарбекова, актриса:
– Оны қолға алу керек.
– Түсірілім алаңындағы сахналасың Еркебұлан Тоқтармен коннект қалай жүріп жатыр?
Ақерке Назарбекова, актриса:
– Жақсы, екеуміз 2020 жылдан бері таныспыз.
Лентаның режиссері Дархан Сәркенов. Киногер бүгінде 20-дан астам картина таспалаған.
– Осы жоба несімен ерекше болайын деп тұр ?
Дархан Сәркенов, режиссер:
– Бұл жоба өзінің бір жеңілдігімен, махаббатқа деген таза бір көзқарасымен ерекше болайын деп тұр және де актерлармен. Ол Еркебұлан Тоқтар және Ақерке.
– Режиссер ретінде енді актерлық құрамға өзіңіз бағаңызды берсеңіз ?
Еркебұлан Тоқтар, актер:
– Қандай сұрақ ? Қандай сұрақ ?
Дархан Сәркенов, режиссер:
– Бес деген баға.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
– Жиырма дегеннің ішінен ба ?
Дархан Сәркенов, режиссер:
– Актерлар жақсы ойнап жатыр. Өздерінің жаңағы текстке деген өзгертулерін енгізіп деген сияқты.
– Еркіндік бересіз яғни ?
Дархан Сәркенов, режиссер:
– Еркіндік иә, мен әрдайым кез-келген фильмде актерлармен, актерлар мен үшін сооавтор.
– Актерлар әр туынды сайын өзінің танымалдылығының артқанын сезгеннен кейін, өзінің деген өзіне сұранысты көтереді ол райдер болсын, ол гонорар болсын.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
– Осы проектте менің гонорарым өсті біріншіден, екіншіден мен сұраған талаптар орындалып жатыр. Ол күніне сегіз, он сағаттық жұмыс. Ол сегіз он сағаттық жұмыс бір күніне деген ол кинода болмаған нарсе деп ойлаймын мен.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
«Байдың қызын аламын» комедиясы үлкен экрандарға күздің күні шығады деп жоспарлануда. Авторлары бокс-офисі ауқымды болады деп алақан ысып отыр. Ал, бұл уик-эндте қай картиналардың кассалық жиыны көш бастады екен? Аздаған спойлер, Марвелдің «Өрмекші адам: Ғаламдар торы» өзге киноленталарға шаң қаптырды!