Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
– «Дос - Мұқасан» - аңыз! Бұл сылдыр сөз емес! Биыл ансамбльдің құрылғанына 55 жыл! Осы мерейтойға орай топ мүшелері Қазақстанда турне жасады! Барлық жерде солд-аут! Бүгін де Республика сарайы лық толы! «Дос -Мұқасан» биігінен түскен жоқ!
– Мұрат аға қайырлы кеш! 55 жылдық мерейтойларыңызбен құттықтаймыз. Енді Қазақстанды аралап, 13 қаланы аралап концерт беріп келдіңіздер. Бәрі ойдағыдай өтті ма?
Мұрат Құсайынов, «Дос-Мұқасан» ансамблінің көркемдік жетекшісі:
– Әр концерт ангшлагпен өтті және жібермей тағы да беріңіздер концерт деген. Енді 13 қалада 17 концерт беру деген, 55 жыл өткеннен кейін оңай емес.
Ақжол Мейірбеков, «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі:
– Көп болып еді «Дос-Мұқасанның» шықпағанына концертпенен. Керемет жақсы қабылдады барған жерімізде. Ооуу Ақтау, Атыраудан бастап сол осы өзіміздің Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Таразбенен Шымкентті аралап кейін мінекей осы өзіміздің туған қаламызда, сүйікті қаламыз гүл қала Алматыда.
– Тағы бір қуанышты жаңалық, «Тикетон Awards» шарасында «Дос-Мұқасан» тобына арналған көркем фильм үздік туынды атанды.
Мұрат Құсайынов, «Дос-Мұқасан» ансамблінің көркемдік жетекшісі:
– Менен ылғи да сұрайды, бүгін де сұрады. Оның ішіндегі болған оқиғалар рас па деп, рас! Біздің «Дос-Мұқасан» деген атымызды да, менің ұзын шашымды да, ұстаған гитарыма дейін билік қарсы болды. Біз соны олай емес бұлай деп қарсы тұрып жеңіп шықтық.
«Дос-Мұқасан»-ға енді «Грэмми» алу ғана қалды дейді ұжымның экс-мүшесі Әрсен Баянов. Жазушы, публицист бұл идеяны Мұрат Құсайыновқа ұсынған. Себебі, «Дос-Мұқасанның» «Бетпақ дала» альбомы «Грэммидің» «ең үздік тарихи альбом» және «үздік инструменталды композиция» номинациялары бойынша барлық талаптарға сай.
– Таблоидтарға сүйенсек кезінде сіздердің «Бетпақ Дала» альбомдарыңызды «Грэмми» марапатына ұсыну туралы ұсыныс түскен екен.
Мұрат Құсайынов, «Дос-Мұқасан» ансамблінің көркемдік жетекшісі:
– Жалпы сол диск біз алты айлық Америкаға сапарға барардың алдында жазылды Алматыда. Сол диск жалпы ол мына платиналық дейді ғой, миллион диск тарап кетті, бүкіл сайыс бойынша. Он рет басылып шығарды және оның ішінде жаңа «Бетпақ Дала» демекші, ол рок композиция мен жазған.
Мұрат Құсайынов 1976 жылы жарық көрген «Бетпақ дала» альбомын қайта жаңғыртпақ. Ансамблдің негізін қалаушысы пластинканы солай ғана конкурстарға жібере аламыз дейді.
«Дос-Мұқасан» ансамблінің жеке кешінде эстрада жұлдыздары да болды. Мәселен, Мөлдір Әуелбекова, Диана Шарапов және Әлішер Кәрімов ұжымның хиттері мен жаңа композияцияларын орындады.
– «Дос-Мұқасан» ансамблінің 55 жылдығына орай концертке шақыртылған санаулы әртістердің бірісіз, осындай құрметке лайық деп танылдыңыз?
Диана Шарапова, әнші:
– Мен өте қуаныштымын, Мұрат аға мені шақырды... Менің ойымша «Дос-Мұқасан»-ды тек «The Beatles» ұжымымен ғана салыстыруға болатын шығар. Сондықтан Мұрат ағаның үмітін ақтаймын деп ойлаймын. Себебі, бүгін мен Мұрат аға жазып берген жаңа әнімді шырқаймын.
Әлішер Кәрімов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
– «Дос-Мұқасан» тобының мүшелері, Мұрат аға жалпы ешқашан да әндерін қызғанбайды, бүкіл халық айтып жүр. Сонымен мен ойлаймын «Дос-Мұқасан» ол трендте.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
– Вокалды инструменталды ансамбльдың тыңдарманы өз құрдастары деген түсінік қате! «Дос - Мұқасан» Z ұрпақ үшін де трендте! Бүгін соның куәсі болдық!