«Меховая 8/1» тобының мүшесі – Қанайдың үлкен тойы 11 маусымда, Құлсары қаласында өтті. Келіннің бетін – Қабдол Тілеков ашқан. Бір қызығы Қабдолдың өзі рәсімге кешігіп келген. Бұл жәйт Қанайды біраз әбігерге түсірді. Салтанатты шарада қонақ болған танымалдардан: Парасат Ибраев, Артур Давлетьяров, Еркеш Хасендер бар. Қанай біріншілердің бірі болып біздің бағдарламаға келіншегімен қалай танысқанын айтып берген болатын:
Qanay, әнші:
– Бұл қызбен мен Алланың қалауымен Меккеде таныстым. Сүннет бойынша үш рет кездестік. Біріншісі Мекке қаласында, екіншісі Мединада. Үшіншісі Алматыда. Бір ай ма, екі айдан кейін кездесіп, қолына сақина салып, үйіне жібердік қой.
Естеріңізге сала кетейік, өнер иесінің таңдауы Жетісайлық 2001 жылғы Айдана есімді сұлуға түскен. Жас жұбайлар қазіргі таңда Құлсары қаласында.
Qanay, әнші:
– Ал тойдан кейін Алла қаласа енді Құлсарыда 2-3 айдай боламыз. Келіндік қызметін атқарады. Одан соң Алматыда болатын шығармыз. Алматыда тұрамыз. Әке-шешемді, бүкіл отбасымызбен Алматы қаласына көшеміз ба деп отырмыз.