Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
– Қайыркен, Енешка, Зарина! Бұл кейіпкерлердің инстаграмдағы әр шығарылымы 2 миллионға дейін қаралым жинайды! Данияр Жұмаділовтың осы контентінен бөлек те, аудиториясы ауқымды! Біз бүгін келген туса – комиктің жеке стендап кеші! Солд-аут!
Данияр Жұмәділов өзінің аудиториясымен жақынырақ танысу үшін, кешін «квартирник» форматында өткізді. КВН жұлдызы бұған дейін, желіде өзінің талантымен танылса, жеке өмірі мен отбасы жайлы бұрындары жақ ашпағанын айтады.
Данияр Жұмәділов, әзілкеш, актер:
– «Квартирник» - енді менің жеке өмірім туралы, қай жерден шықтым, папам кім, мамам жаңағы. Қай жерде туылдым, өзімнің тарихым, қайда келдім дүниеге деген сияқты өзім жайлы биографиям. Неге осы өнер жолын таңдадым деген көптеген сұрақтар туындап жатыр мысалы жастардың атынан.
– Инстаграм парақшаңызда сіздің «Қайыркен», «Енешка» әр түрлі образдарыңыз бірден миллиондаған қаралым жинап жатады. Сол кейіпкерлер қашанға дейін жалғасатын болады?
Данияр Жұмәділов, әзілкеш, актер:
– Менің жеті апам бар, сол кісілерге, сол кісілердің мінезіне қарап өскен жігітпін. Кейбір мысалы әйелдің қылықтарын сол кісілерден алғам, қандай ситуацияға қалай жауап береді, мінездерін сол кісілерден алғам, апаларымнан. Сол Дәметкенге сол кісінің, сол апаларымның мінезін сол Дәметкен арқылы көрсетемін.
– Инстаграмда әлеуметтік желіде сіз фильтрларды қолданасыз, ал осындай концерттерде сіз қалай келтіресіз ?
Данияр Жұмәділов, әзілкеш, актер:
– Осындай концерттерде фильтр қолданбаймыз, мен өз жеке өмірім туралы айтамын, бәрі күлкілі бәрі күшті, енді жазылған әзілдер ғой. Бірақ фильтрларды қолданып үлкен видео арқылы, телевизор арқылы жаңағы лэд арқылы көрсетеміз.
– Осы образдарды веб-сериалға, толықметрге айналдыру ойда жоқ па, себебі сұраныс өте жоғары?
Данияр Жұмәділов, әзілкеш, актер:
– Енді әзірше халыққа ұнап жатыр, мүмкін менің бір қорқынышым бар, үлкен жаңағы бейне қылдырып, ютубқа салып сериал қылдырсаң мүмкін жаңағы жаны кетіп қалатын сияқты тәттісі. Сондықтан, әзірше чем проще, тем лучше дейді ғой.
– Актерлық мансабыңыз қалай болып жатыр ?
Данияр Жұмәділов, әзілкеш, актер:
– Қазақ ұлттық өнер университетін бітірген жігітпін. Сол мамандығым енді театрға өтіп барып, сосын барып енді бір жолы мына КВН кішкене басқа жаққа, оң жаққа бұрып жіберді.
– Ал толықметрлерге түсу, кастингтерге бару немесе шақыртулар түсіп жатса ?
Данияр Жұмәділов, әзілкеш, актер:
– Сондай бір қорқыныш бар үлкен бір, біреу айтса саған үлкен бір киноға түсесің, үлкен бір бейнеге түсесің десе алқаштаймын, кішкене қорқамын.
– Бірақ, «Брат или Брак» фильмінде сіздің опытыңыз бар.
Данияр Жұмәділов, әзілкеш, актер:
– Онда иә, онда менің негізі анау двоюродный ағам, Алишет Утев деген сол бала маған айтты, сен түсесің, жақсы болады бәрі, уайымдама саған көмектесемін деп кішкене қолғанатын берген.
Актерлық мансап әзірге тоқтап тұрғанымен, Даниярдың музыкалық шығармашылығы жалғасып жатыр. Өнер иесі күні кеше кезекті туындысын жарыққа шығарды. Жаңа «Ұшып барам» атты трек, «Балтабай кейіпкердің сүйгені Ботаға арналады», - дейді Жұмәділов.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
– Квартирник степдап кешімен әзілкеш Қазақстанды араламақ! Тур тіпті, жақын шетелдік аудиторияға да жетеді! Әрі қарайғы мақсат – АҚШ-тағы қазақтарға қою!