Димаш Құдайберген, Жанар Дұғаловалардың бағын ашқан «Жас қанат» жобасы, биыл кімнен жұлдыз жасамақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

Біз бүгін «Жас қанат» жас орындаушылар жарысының негізгі дайындығындамыз. 20 қатысушы да сайысқа сақадай сай. Айтатын үш бірдей әндерін дайындап қойған. Сонымен кім қандай репертуар таңдады? Қандай би қойылымы мен шоу-бағдарламалар болады?

– Менің жанымда нөмірі бірінші болып шығатын – Едіге Әсем. Әсем, қай қаладан келіп отырсың бізге?

Әсем Едіге, қатысушы:

– Қызылорда қаласынан келіп отырмын. Негізі Қарағанды қаласында медицина университетінің алтыншы курс студентімін.

– Негізі репертуарды, әнді, тректі өздерің таңдайсыңдар ма? Әлде тәлімгерлермен ба?

Әсем Едіге, қатысушы:

– Негізі бізге осындай мүмкіндік береді таңдауға. Бірақ өздері барлығын тыңдап шықты.

– Гранд-финалға санаулы күндер қалды. Қобалжу бар ма? Бірақ саған қарасам қобалжу жоқ сияқты ғой.

Нұрасыл Сатыбалды, қатысушы:

– Жоооқ. Шіли қобалжу жоқ) Шіли...

– Шіли ма?)

– Керемет. Уже бір-ақ күн қалды. Ощущение керемет. Бәріне дайынбыз. Барымызды салуға күнде атсалысып жатырмыз.

– Қобалжып тұрған сияқтысыз?

Нариман Жолдасбеков, қатысушы:

– Бұл анандай не сияқты мектеп кезінде болатын еді ғой баяғыда, төбелесіп қалатын кездер болатын еді ғой. Төбелеске дейін сондай бір сезімде тұратын едің ғой. Сол сияқты. Как начнешь солай кетеді ғой.

– Конкурсанттардың арасында бәсекелестік сезіліп жатыр ма?

– Басында болды ондай. Мойындау керек. Бірақ қазір енді біз 21-нен бері осында жүрміз ғой. Бір бірімізге бауыр басып кеттік. Қазір ондай жоқ уже.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Иә, жарысқа қатысушы жастардың қарымы қатты, армандары асқақ, жоспарлары жетерлік. Дүбірлі додада кім жеңсе де, бас бәйге нағыз мықтыға бұйырсын дейміз. Ал гранд-финал 3 маусымда өтпек.