Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Біз қазір Алматыдан 60 шақырым жерде орналасқан Тау-Түрген елді мекеніндеміз. Келу себебіміз де ерек. Дариға Бадықова енді актриса ғана емес, кинопродюсер лауазымын иеленіп жатыр. Бадықованың тұңғыш толықметрі – «Таптым-ау сені».
– Дариға ханым, тұңғыш толықметріңіздің түсіріліміне «Біссіміллә» деп кірісіп кеткен екенсіз. Шын жүректен құттықтаймыз! «Таптым-ау сені» неге бұндай ерекше атау?
Дариға Бадықова, актриса:
– «Таптым-ау сені» деп аталатыны – ер мінезді қыз. Кішкене әйелдің, келіннің образынан алыстайын деп, осындай спортивка және ешқандай бояусыз жүреді өзіңіз көріп тұрғандай. Осындай парик киеді, натуральный кәдімгі. Сатып алдық қымбатын дейінші. Жалпы бізге, әйелге не керек? Біздің табиғатымыз кейде сынады ғой. Сондай тұстарда әйел өзінің жақын адамын таппайды. Махаббатын таппайды. Ер мінезді болып жүріп, өзінің жақын досына ғашық болып қалады.
– Өзге кинопродюсерлер, өзге жобаларда сізге тек бірізді образ ұсыныла бергеннен кейін осындай қадамға барып отырсыз?
Дариға Бадықова, актриса:
– Дұрыс айтасыз, иә. Осындай қадамға да бардым. Осындай болсыншы дедім. Автор идея негізі Анвардың өзі.
– Концепцияны ұзақ іздедіңіздер ме?
– Өте ұзақ іздедік. Бірінші 7 қызы бар туралы кино болған. Опять әйел болады дедік та. Анвар айтты: давай осындай персонаж жасайықшы,-деді.
– Бүгінгі «Таптым-ау сені» толықметрінің қоюшы-режиссеры Әнуар ағамыз. Одан кейін автор идеии өзіңіз екенсіз иә?
Әнуар Матжанов, режиссер:
– Автор идея болғанда, қалай айтсам болады... Басында енді Дариғамен ойласып неғылған кезде, киноны не жайында түсіреміз деген кезде кішкене айттым енді осылай болса, сені осылай көріп тұрмын. Қыз мінезді емес, наоборот еркек мінезді сияқты көріп тұрмын. Сол кез көрерменге де қызық болатын сияқты деп. Содан ары қарай сценаристер өздері алып, өздері жазды.
– Бұты талтақ, қолы сынық...
Олжас Абай, актер:
– Қолы сынған, содан кейін салмаған қолын қайтадан кейін.
– Қолын қайтадан салмаған, сол күйі қалып кеткен.
– Бітіп кеткен Жексен.
– Өзің ойлап таптың ба бұны?
– Иә, өзім ойлап таптым. Дариға басынан бастап ерекше роль болсын деді. Ауылдың баласы болғаннан кейін қаншама қыздың ортасында өскен. Өзінің кішкене қыздық қасиеттері бар. Атқа шапқан. Бәйге тартқан деген сияқты. Көкпар тартқан. Содан бұты талтақ.
– Бұл кинодағы эксперименттерің туралы айтайықшы. Салмақ тастағаныңды естідік.
Олжас Абай, актер:
– Иә, салмақ тастадық. Кішкене ауылдың баласы болғаннан кейін азып-тозу керек болды. Жәй ғана арықтау емес. Кішкене былай тозғандық бар.
– Қанша келіге арықтадың?
– Бір 7. Жетің келіге арықтадым.
– «Хотя бы кинода 2» сиквелінің түсірілімі кезінде, Тайланда Дариға Бадықова ханым екеуің бір текетіресіп, сөзге кеп қалып, қынаптарыңа сыймай... Сондай моменттер интернетте тарады. Қайтып енді ол кісінің личный толықметрінде басты рөлде жүрсің?
Олжас Абай, актер:
– Жалпы негізі кинода образда болсын, өмірде болсын без конфликта қызық емес. Бұл кісімен әлі дәм-тұзымыз жараспайды өзі. Күнде репетиция болады, сол кезде ойлаймын, Дариға да өзі ішкі нутросы мықты актриса болғаннан кейін оған жәй-жапсарына көне кететін адам ұнамайды деп ойлаймын.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Әнуар Матжанов режиссерлік етіп жатқан толықметр биылдан қалмай үлкен экрандарға жол тартады. Бадықованың бастамасын көрермен қалай қабылдайды? Оны кезі келгенде білеміз.