Футболдан ИК-лық Алдик бастаған біздің құрама, ресейлік Натан, Миша Марвиндерді ойсырата жеңді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Бүгін Алматыдағы орталық стадионда ТМД танымалдары мен қазақстандық медиа өкілдері арасында шоу-матч өткелі жатыр. Артур Асқарұлы, Алдик Жаппарханов, Ерболат Жанабылов сынды атақтылар, ресейлік Бабек Мамердзаев, Натан, Миша Марвинға қарсы ойнайды.

– Бүгін қай позицияда ойнайсың? Дайынсың ба жалпы?

Алдияр Жаппарханов, ИК тобының әншісі:

– Мінекей, біздің капитан Дидар Сыдықбек. Келші. Мына жігіттің тренермен қарым-қатынасы қатты да. И мені защитадан кішкене жоғары қойып тастады.

Дидар Сыдықбек, «MFL» құрамасының капитаны:

– Алдияр өкінішке орай, екі тренировкаға ғана келді.

Алдияр Жаппарханов, ИК тобының әншісі:

– Оны айтпай-ақ қойсай. Ол необязательно ғой. Бар жүре берші.

Сонымен қай позиция?

Алдияр Жаппарханов, ИК тобының әншісі:

– Қазір жартылай қорғаушы ретінде, бүкіл оң жақ фланг менің қойнауымда болады.

– Тағы бір сұрақ. Мен өте жиі естимін. Өйткені осындай ММА-де, футболда жиі жүрем ғой. Сол кезде айтады: Түй, осы қыздар спорт дегенді ұқпайды ғой дейді. Келісесің ба?

Алдияр Жаппарханов, ИК тобының әншісі:

– Жоқ, келіспеймін. Кейбір қыздар тек сол футбол үшін келеді.

– Кейбірде ойыншылар үшін.

– Ондай да бар иә... Бірақ менің ең басты фанатым қазір үйде, әйелім. Ол ешқашан келмейді матчтарға. Мадина неге келмейсің сен дегенсің ба?) Жоқ, өзім бармай-ақ қойшы деймін да. Қатты қобалжиды ол.

ТМД танымалдарының намысын қорғап келген әртістер арасында: Натан, Бабек Мамердзаев, Гафур болды. Қызу дайындық жүріп жатқандықтан, тек Миша Марвиннан ғана сұқбат алу бұйырды.

– Қалайсың Мишатай? Алматы ұнап жатыр ма?

Миша Марвин, әнші:

– Бір өтіріксіз айтайын, Алматы менің ең сүйікті қалаларымның бірі. Әр келген сайын адамдарының мейірімділігіне, қонақжайлығына таңғалам. Мысалы бүгін матчтан кейін бірден концерт беремін. Менеджерім билеттердің бәрі сатылып, солд-аут болғанын айтты. Рақмет Алматы!

 

– Серіктің жүрмейтін жері жоқ. Бокс, батыр ball, саясат, енді футбол. Сен тоғыз қырлы, төрт сырлы жігіт екенсің иә?

Серік Сәпиев, олимпиада чемпионы, боксшы:

– Енді маған негізі көп спорт түрлері ұнайды негізі. Триатлонға қатысам, жүгірем, велосипед тебем. Енді медиа-матч ойнаймыз. Медиа-лиганы құрдық. Енді осы СНГ-ның командасымен ойнап жатырмыз. Команда жақсы, көңіл күйіміз жақсы.

– Біздің жанымызда Асқар. Бүгінгі ойында заменада отыр екен. Сонда да келіпті. Бірде бір тренировкаға қатыспаған. Басқа қалада жүрген. Қалай дәтің шыдап келіп отырсың?

Асқар Оразбаев, блогер:

– Өте орынды сұрақ. Өйткені біз басқа қалада болып қалдық. Тойымыз болды. Тағы бір-екі проекттерімізбен басқа қалада жүрдік. Еще осының алдында бізде SD-да Қарағандыда ойын болды. Білетін шығарсыздар. Сол кезде мен травма алып қалдым. Соның кесірінен тренировка жасап үлгермедім.

МFL құрамасының капитаны Дидар Сыдықбек: Бұл ойынға сақадай саймыз. Біздің балаларға сенемін,-деді.

– Шамамен счетты айтайықшы. Негізі сен қаншалықты фартовыйсың? Қаншалықты аузың дуалы дейікші?

Дидар Сыдықбек, «MFL» құрамасының капитаны:

– Статистикаға жүгінсек, әр әрдайым профиссиональный футболда дәл табамын. Бірақ та енді бұл медиа футбол болғаннан кейін білмеймін енді. Менің ойымша есеп 3-2, бір 3-1 болатын сияқты. 5-0 болсын. Біз ұтайық. Сол жақсы болады.

– Әумин!

– Капитанның айтқаны айдай келіп, біздің жігіттер есепті 5-2 етті. Есепті 16 жасар Темірлан Блушинов ашты. Екінші болып Дәурен Орынбасар көзге түсті. Ал Алишер Келгенбай үш голдың авторы әрі хэт-триктің иесі атанды.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Бүгін біздің медиа өкілдері жарап-ақ тұр. ТМД танымалдарына мүмкіндік те қалдырмастан жеңіске жетті. Жігіттерді шын жүректен құттықтаймыз!