Алматыға «Жас қанат» оралды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Бұл байқау: Баян Мақсатқызы, Димаш Құдайберген, Мәдина Сәдуақасовалардың бағын ашты. Дәл осы бәйге арқылы танылғандардың аттарын тізетін болсақ, эстрадамыздың 80 пайызын атауға болады. Пандемиядан кейін араға 3 салып, «Жас қанат» жас орындаушылар жарысы жалғасын тапты. Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 20 қатысушы реттік нөмірін анықтайтын болады. Яғни жеребе тартады.

Ән рингінде өз облыстарының намысын қорғайтын талантты жастар, жеребе тартқанда қатты қобалжыды. Тіпті үстел алдына келіп аз-кем кідіріп те қалды. Ал әділ-қазы құрамындағы Медеу Арынбаев: кезінде біз де дәл осылай уайымдаған едік,-дейді.

– Менің жанымда «Жас қанат» жобасының ең алғашқы жеңімпазы – Медеу ағамыз. Арада 32 жыл өтіп кетіпті. Енді өзгерістің бары сөзсіз ғой. Дегенмен қаншалықты?

Медеу Арынбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

– 30 жыл алдынғы қатысушылармен бүгінгі байқауға қатысушыларды салыстыруға болмайды. Өйткені бүгінгі күннің балаларының ой-өрісі еркін. Тыныс алуы басқа. Мағлұмат қабылдауы өзгеше. Еркіндік бар. Біздің кезде де осал болған жоқ. 02:12 – Өзіміздің кезеңімізге жарасымды қағидамызбен өлең айтқанбыз десең)

Бастапқы 10 жылға жуық Алматыда өткен шара, соңғы кездері тек Елордада атқарылып жүрген еді. «Бастау алған шаһарына қайта оралғанына қатты қуаныштымын»,-дейді Арынбаев.

– Айтып жатырмыз ғой, үш жылдан кейін оралды деп «Жас қанатты». Осы үш жылдың ішінде жарыс ережелеріне өзгеріс енгізілді ме?

Медеу Арынбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

– «Жас қанат» байқауының өзінің тарихы бар. Қалыптасқан дәстүрі бар. 02:47 – Үлкен эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен, 02:57 – Артында 70-80 үздік музыканттардың, хас шеберлердің сүйемелдеуімен ән айту деген өнерге енді қадам басып келе жатқан балаларға, қатысушыларға ол деген үлкен бақ.

– «Жас қанат» жобасында генеральный продюсер қызметін атқарып жатқан біздің – Арманжан Байтасов ағамыз. Аға, қиын емес па? Алғаш рет бұндай лауазымды иеленіп тұр екенсіз.

Арманжан Байтасов, кәсіпкер, «Жас қанат» байқауының бас продюсері:

– Жұмысты оңай немесе жеңіл деп бөлмеуге тырысамын. Оның үстіне осы медиа саласына бұрыннан қатысым бар ғой. Кәсіби мансабым «Азия дауысынан» басталған. 1988 жылдың күзі әлі есімде. Журналистикада оқып жүргенде осы жобаның негізін қалушы – Мұрат Ерғалиевтің көзіне түсіп қалғаным бар. Кейін бірге жұмыс істедік. Қазір бұл жобаны нағыз «Бренд» деп айтар едім.

– Конкурсанттардың арасынан бір қатысушы көңіліңізге жағып қалса, оның продюсері болуға дайынсыз ба?

Арманжан Байтасов, кәсіпкер, «Жас қанат» байқауының бас продюсері:

– Білесіз бе, бұл туралы жиі ойлаймыз. Бәрі енді конкурстан кейін белгілі болады. Қазірдің өзінде лейбл құрсақ па деген жоспарымыз бар. Себебі өтінім берген кейбір жастардың дауыстары маған қатты ұнап қалды. Бірақ олар іріктеуден өтпей, финалға жетпей қалды. Бастапқыда 15 адам қабылдауымыз керек еді. Бірақ асқан таланттарды көріп, қатысушы санын 20-ға көтердік.

Қатысушылардың реттік нөмірі анықталғаннан кейін нағыз қобалжу басталғандай. Себебі сұқбатқа тартқанымызда, қысқа қайырып жауап қатты.

– Аружан, нешінші нөмірмен шығасың?

Аружан Бисембай, қатысушы:

Мен он үшінші нөмір болып өнер көрсетемін.

– Репертуар таңдап үлгерген шығарсыңдар, иә? Қандай ән айтасың?

Аружан Бисембай, қатысушы:

– Әрине. Біз деген 3 әнімізді күнде дайындықта дайындап жатырмыз.

– Айтсақ бола ма қандай әндер екенін?

Аружан Бисембай, қатысушы:

– Бірінші әнім халық әні болады. Екінші әнім орыс тілінде болады. Үшінші әнім джаз жанрында, ағылшын тілінде айтылатын керемет ән болады.

– Аттарын білсек бола ма?

Аружан Бисембай, қатысушы:

– Бізге, концертке «Жас қанатқа» келсеңіз сол барлық әндерді тыңдайтын боласыз.

Он үшінші нөмірлі Аружан көп дүниені құпияда қалдырғысы келді. Ал алтыншы нөмірлі, Қарағанды облысы, Абай ауданынан келген – Абай Қырықбаев ештеңе жасырмады. Оның бірінші әні: Айқын Төлепбергеннің орындауында – «Әке, ана», екіншісі Алексей Чумаковтың «Встретимся во снах», болса, түйіндеушісі: Майл Бабли «All off me» трегі екен.

– Қарағандыдан арнайы келіп отырсың иә?

Абай Қырықбаев, қатысушы:

– Аха. Әрине.

– Алматы ұнап жатыр ма?

Абай Қырықбаев, қатысушы:

– Алматы иә. Негізі «Жас қанат» осы Алматыда өткенімен ерекше болып тұр да. Өзім өйткені бірінші рет қатысып жатырмын.

– Алматыға нешінші рет келіп тұрсың?

Абай Қырықбаев, қатысушы:

– Үшінші рет келіп тұрмын. Бірақ «Жас қанаттың» арқасында бірнеше локацияларға барып, сәл Алматыны жақсы таныдым.

– Ән әлемінде жалпы кімге еліктейсің?

Абай Қырықбаев, қатысушы:

– Негізі кішкентай кезімнен бастап Димашты тыңдайтынмын, сосын қазірден бастап заманауи, зарубежныйларды көп тыңдаймын.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– «Жас қанат» ел тәуелсіздігінің құрдасы. Байқау жұртпен бірге талай қиындықты еңсерді. Жеңісті де, жеңілісті де қатар көрді. 29-шы республикалық жас орындаушылар жарысының гранд-финалы үшінші маусымға жоспарланып отыр.