Жемқорлық тақырыбында таспаланған ГОК туындысының тұсауы кесілді!

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Гүлдана Мұқан, тілші:

– ГОК! Дәл осы атаумен 2 жыл бұрын қысқа метрлі фильм шыққанда, көрермен зор ықыласпен қабылдаған-ды. Себебі, көптің жанды жерінен дөп басқандай. Жемқорлық, бопсалау, шенеуніктердің ойына келгенін жасауы... Бәрі боямасыз көрсетіледі.

 

«ГОК» – Солтүстік Қазақстан облысындағы тау-кен байыту комбинатының қиын тағдырын баяндайды! Рейдерлік басып алып, билік тарапынан көрсетілген қысым ашық көрсетіледі! Сорақысы сол, Ресей Қазақстан мүлкін Қытайға сатып жібереді! Шынайы оқиғаға негізделген криминалды драманың қысқаметрі YouTube желісінде 2,5 млн қаралым жинады.

 

Ғани Құлжанов, актер:

– «ГОК» фильмі, қысқаметрлі бөлігі өте жақсы резонанс тудырды көрермендер тарапынан. Оған себеп не деп ойлайсыз?

– Иә, әрине шынайы оқиға негізінде түсірілген фильм. Бұл фильмдер халыққа өтеді. Өйткені, болған жағдай ғой. Болған жағдай да. Әрине, оны экранға шығару шеберлікке де байланысты.

 

Азиз Бейшеналиев, актер:

– Ойға қонымды резонанс, себебі фильмде барлығы шынайы көрсетілген. Бір қызығы, қысқаметрлі бөлімі жарыққа шыққанда көбінесе жастардың реакциясы басымырақ болды.

 

Нартай Сауданбекұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Ескі Қазақстанның көрінісі осы Гокта толық көрінген. Біздегі барлық нарсе сатылатыны, бізде иә жаңағы жемқорлықтың белең алғандығы соншалық, тыныс - тіршілік ете алмайсың.

 

Ғани Құлжанов, актер:

– Туынды шынайы оқиғаға негізделгендіктен, әр актердің шынайы өмірде прототипі бар. Сіздер шенеуніктерді сомдаған кезде оларды қалай зерттедіңіздер? Олардың қыр-сырларын?

– Зерттегенде несі жоқ ешқандай, қиындығы жоқ. Телевизорды қоссаңыз солардан-ақ көруге болады. Ал, енді ішкі дүниесін, басқа жағын енді ол ары қарай өзіңіздің фантазияңызға байланысты.

 

Нартай Сауданбекұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер:

– Оны бақылап не істейміз, күнде экранды қосып қалсаң солар жүреді ғой. Иә, солар жүреді, қалай ұстайтынын күнде көреміз, соны айна қатесіз көшіре салдық болды.

 

Жан Байжанбаев, актер:

– Бізге таныс жандар ғой, билікте отырып, жемқорлықпен айналысатындарды күнде теледидардан да көріп жүрміз. Бұл жүйе барлық елдің үлкен мәселелерінің бірі. Сондықтан да біз жемқорлыққа қарсы соғыс ашқымыз келді.

 

Ғани Құлжанов, актер:

– Фильм тапсырыспен түсірілген деп жатыр, Сонда кімнің мүддесіне жұмыс істейсіздер?

– Бұны кімнің мүддесіне түсірілгенін білмеймін. Неге десеңіз, оны продюсер біледі. По-моему жеке тұлға түсірілген фильм шығар деп ойлаймын, частный.

 

Нартай Сауданбекұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Бұл кім тапсырыс берсе де, біз мына сыртынан бақылаған кезде біз үшін әділетсіздік. Қазақтың жерін, қазақтың тау кен комбинатын орыстар қытайларға сатып жату енді сұмдық жаға ұстататын жағдай. Біз әділдік жағындамыз.

 

Тақтар таласы – абсурдқа дейін жетеді! Тіпті, жұмсақ кресло,бас айналдырарлық билік пен қыруар қаржыға құмартқандар, өзгенің аяғын сүюден де тайынбайды!

 

Нартай Сауданбекұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер:

– Мысалыға бір керемет сахна бар туфли сүйетін.

– Қанша жерден жап жаңа болса да, бетін жылтыратып спиртпен сүртсе да

аяқ-киімнің аты аяқ-киім. Оны түсініп тұрсыз. Ахмет Байтұрсынұлын тергеген бір оңбаған бір тергеушінің рөлін ойнағаным үшін, әлі күнге дейін менің жекеме неше түрліні жазады. «Оңбаған, сен сатқын» деп ше, енді мына Гоктан кейін қалай қарайтынын мен білмеймін.

 

Фильмдегі басты кейіпкердің прототипі - Виктор Долгалев. «ГОК» туындысының идеясы да өзіне тиесілі.

 

Виктор Долгалев, идея авторы:

– Қателеспесем, сіз «ГОК» фильмінің сценарий жазу барысында сіз көп көмектескен екенсіз?

– Білесіз ба бұл өмірдегі жағдай, ал мен болған оқиғалардың куәгерімін. Кен орнында 6 жыл жұмыс істедім. Әлі күнге дейін де қызмет етемін. Ол комбинаттың тағдыры өте ауыр.

 

Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР Халық әртісі:

– Фильмді жасаушылардың айтқанына қарағанда мұның ішінде 20%-ы шындық, қалғаны бұдан да сұмдық жағдай болған деп отыр.

Алғашқы көрермендер қатарында сондай-ақ, Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов та болды. Өнер иесі дәл осындай оқиғаның куәгерімін деп отыр.

 

Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР Халық әртісі:

– Менің де басымнан өтті ғой бұл жағдай. Маған ұқсас сахналар болды. Менде бір минстрлікпеннен айқасып осындай басымнан күн өтті ғой. Маған сондай жала жабылды. Мен осындай сатқын тергеушілерді, үндемей қалған сотты, тапсырмағы орындаған прокурорды солардың бәрін білемін. Енді Құдайға шүкір менде бәрі дұрысталды. Ақталдым қазір, бірақ мына жүректе үлкен жара салды.

 

Тамирис Жанғазинова, әнші, актриса:

– Біз жастар тек қана басқалардан, қалай айтса болады жаман нарсе іздемей, Өзімізде сол адамдарға беретін ақылымыз, санамызды өзгертуіміз керек сияқты. Себебі, мұндай темалар қозғалады. Өзімізден де минустар іздеу керек. Өзіміз басқа адамдарға влияние жасауымыз керек деген сияқты ғой.

 

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

– Фильм арнайы тапсырыспен таспаланған. Шынайы оқиғаға негізделгені де лентаның құнын көтеріп тұр! Команда бастапқы меседжді жеткізе алды ма? Көрермен көңілінен шықты ма? Прокат көрсетеді.