Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Оның өзі де, сөзі де «Оригинал». «Тәтті арулардың», «Құмыра жүрегіндегі» арманы. Бірақ оған өзінің келіншегі ғана «Ұнайды. Әрине, «Махаббатсыз өмірді кім сүрмек?». Бүгін Әбдіжаппар Әлқожаның туған күніндеміз.
Бұл жолғы жиынды аға буынсыз жасаған Әлқожа-тегі, патиге тек танымал, дос-құрдастарын жұбайларымен бірге шақырған. Өткен жылғы мерейтойдан айырмашылық бар. Асқан шоу болмайды. Бұны «Бардак вечеринка» дейді,-деп әзілдеді әнші.
– Енді өткен жылғы 30 жас, круглая дата бәріміздің есімізде. Акула да есімізде. Енді биыл 31 жасыңызда жұртты немен таңғалдырасыз? Казнетті немен дүрліктіресіз?
Әбдіжаппар Әлқожа, әнші:
– Жоқ енді казнет үшін жұмыс жасап жатқан жоқпын. Былтырғы туған күнімді Қызылорда қаласында өткізген болатынмын. Енді осы жолы Алматы қаласында өткізейін деп, келесі туған күнімді мүмкін Шымкентте өткіземін. Енді бас аман болсын деген жақсы ниет.
– Қанша адам шақырдыңыз?
Әбдіжаппар Әлқожа, әнші:
– Басында 40 адам болатын. Қазір 110 адам болды.
– Бір тойдың адамы жиналыпты ғой?
Әбдіжаппар Әлқожа, әнші:
– Иә, сол бір тойдың адамы болды.
– Көрерменге түсінікті болу үшін айта кетейін, біз негізі Алматының қақ ортасында орналасқан мейрамханадамыз. Енді арзанға түспеген шығар?
Әбдіжаппар Әлқожа, әнші:
– Жоқ, қымбат та емес, арзан да емес. Ортанғы баға.
– 10 миллион? 12 миллион?
Әбдіжаппар Әлқожа, әнші:
– Жоқ енді бағасын айтпай-ақ қояйық. Ол жағын...
Кеште ат арытып, жан-жақтан жиылған жұлдыздар жетерлік. Атап айтсақ, Ернар Айдар, Нұрбуллин, Алатау серілері, Серік Ибрагимовтар бар. Әбдіжаппарды өнерде танытқан, бағын ашқан Роза Әлқожа да мерекеден шет қалмады. Әнші, әпкесіне төрден ойып тұрып орын берді.
– Әбдіжаппарды отбасында, жанұясында басқаша қалай атайды? Біз білмейтін лақап аты дейміз ба? Бар ма?
Роза Әлқожа, әнші:
– Енді оның аты көп-ау. Мен өзім Жапон деймін. Достары Әбжик деп атайды. Жаппар деп жатады. Білмейтін үлкен кісілер Әлжаппар деп жатады. Өзінің Әли деген лақап аты бар.
– Кішкентай кезінде болсын, мүмкін есейе келе өнерде жүргенде қызықты оқиғалары болған шығар сізбен бірге? Соны бір айтып берсеңіз?
Роза Әлқожа, әнші:
– Кішкентай кезінен өзі бір сәнқой, ерке бала болды ғой. Ең қызық дегенде есіме түсіп отырғаны, 88-ші жылғы сіңілім бар. Өзінің әпкесі болады. Соның халатын киіп алып, бізге мода көрсететін. Подиумда жүріп... Сол кішкентай кезінен әртіс болды деп күлеміз ғой. Алғаш Алматыға келген кезде 14 жаста болды ғой. Сол кезде тіктіріп келген көйлегі, жейде дейді ғой. Әлі есімнен кетпейді. Анандай теңге-теңге, жылтыраған жейді тіктіріп келген ғой. Көңілі ғой деп сахнаға бірге шыққанбыз, қазір көрсек күлеміз екеуіміз.
– Бүгінгі думанды кешті жүргізушісі – Әли Байжұмат. Жалпы ұсыныс қалай түсті? Өзің жүргіз деп Әбдіжаппар қалай сеніп тапсырды?
Әли Байжұмат, шоумен:
– Енді Әбдіжаппар біздің өнердегі досымыз, бауырымыз. Біз бір ауылдан, бала кезден таныспыз. Сондықтан ешкімге ауыртпашылық салмай, достар бір біріміздің қуанышымызда қызметтеміз ғой.
– Мен сізді бүгін бірінші рет көріп тұрмын живой деп айтайықшы. Әбдіжаппарға ұқсататын ба еді негізі жас кезіңізде? Ұқсайсыңдар деп айтушы ма еді?
Әли Байжұмат, шоумен:
– Кішкене келетін шығармын. Мен Әбдіжаппардың демо версиясымын ғой.
– С алиэкспресса?
Әли Байжұмат, шоумен:
– Иә. Демо версиясымын Әбдіжаппардың. Анасы ұқсатады. Біздің жандүниеміз ұқсас Әбдіжаппармен. Сырлас доспыз.
– Бүгінгі кеште мен Қабдолды көремін деп ойламадым. Қайда барсам да сен жүресің. Әбдіжаппармен қашаннан бері араласасың? До такой степени днюхасына шақыратындай?
Қабдол Тілеков, әзілкеш:
– Мен шын айтайын, ондай қатты танымаймын. Іщә нәәәйс... Ойнап айтам. Баяғыдан араласамын ғой. Екі жылдай ма болып қалды. Жақын араласып қалдық.
– Қалай бастап кеттіңдер араласуды?
Қабдол Тілеков, әзілкеш:
– Қарапайымдылығымен бастап кеттік. Оның қарапайымдылығымен.
– Фит бола ма?
Қабдол Тілеков, әзілкеш:
– Мә, ондай жоқ ондай. Мүмкін алдағы уақытта болып қалатын шығар. Енді ол кісінің стилі басқа, мен вообще басқа.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Иә, кіл мықты мен тек танымалдар жиналған жиын өз мәресіне жетті. Кімнің не сыйлағанын көріп, қандай тілек айтқанын да естідік. Думандатып болсақ, қайтайық.