«Лашын» тобы арқылы танылып, кейін «Кешьюға» кеткен, артынша киноны қолға алған – Элизат Берікова бүгінде көп көзінен тасада. 2018 жылы тұрмысқа шыққан сылқым, қазір екі бірдей ұл тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Элизат: «Декреттік демалысым созылып кеткенін сезіп жүрмін. Оның өзіндік себептері бар»,-дейді.
– 3 жыл үзіліс кезінде немен айналыстың? Қалай күн көрдің?
Элизат Берікова, әнші, актриса:
– 3 жыл үзілісте арасында сериалдарға түсіп тұрдым. Бірақ ол жердегі героиняларым басты рөл емес, 2-3 күндік сондай сьемкалар болды. Және де салон красоты ашқан болатынмын. Сұлулық салоны. Сұлулық салонын ашқан болатынмын. Сол жақта жүрдім, соның басында жүрдім. Сомен уақыт өйстіп өтіп кетті.
Кәсіпке кеттім,-деген Элизат, өнерге қайта аңсары ауып жүргенін айтады. Сахнаны сағынған сылқым, жаңа трек жазуға кірісіп кетіпті. Аз күнде жарыққа шығатынын айтып қалды. «Онда өмір бар, мен бармын. Тағдырым бар»,-дейді.
-Ән не боп жатыр?
Элизат Берікова, әнші, актриса:
– Ән таңдалды. Өте керемет ән. Менің көңілімнен шықты, мен соншама іздеп жүрген ән болды. Білесің ба менің ішімдегі айта алмай жүрген сөзім текстта. Өте керемет айтылған.
Берікованың біраздан бері жұрттан бүгіп жүрген жан жарасы бар. Бірақ оны бізге де ашылып айта алмады. «Уақыт керек»,-деп қысқа қайырды. Элизатқа: «Күйеуіңмен қайта қосыл. Арада бала бар»,-деп үгіттейтін жұрт жетерлік екен. Бәрі тым кеш,-дейді өзі.
Ішкі толқыныс тректен көріс табады,-деген әнші бейнебаян туралы екі ойлы болып жүргенін айтады. «Қазір клиптың заманы қалғандай»,-дейді.
-Клип бола ма?
Элизат Берікова, әнші, актриса:
- Оны енді әзірге білмеймін.
- Жалпы қазір клип керек па қазіргі таңда?
- Менің ойымша, клип керек емес сияқты. Менің ойымша қазір анадай болады ғой рилсқа бір видеолар, телефонмен түсірсең де ол бір клиптің деңгейінде сияқты.